1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК. Заңды мекенжайы: Ақмол а., Бақыт шағын ауданы, құрылыс 5/1, 8 (71651)-51-655
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:
Білім беру ұйымы 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2025 жылы балабақша 190 қызмет көрсетті, оның ішінде:
- «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» - 146 (ақпараттық жүйелер арқылы электрондық түрде),
33-(қызмет берушінің кеңсесі арқылы);
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларына біліктілік санаттарын беруге (растауға) аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау» - 11
- Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту-0.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК сайты http://ds0006.celinograd.aqmoedu.kz/;
Мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық стенд;
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстың барлық мектепке дейінгі, орта және арнаулы білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді
2) 1 қызметкер мемлекеттік қызметтер көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері. Ішкі бақылау барысында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен мерзімдерінің сақталуына, құжаттаманың дұрыс ресімделуіне тексеру жүргізілді.
Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының деңгейі қанағаттанарлық деп бағаланады, оны жетілдіру бойынша жұмыс жүйелі негізде жалғасуда.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері-мониторинг жүргізілмеген.
5. Қызметті алушылардың қанағаттанушылығы мен тиімділігін одан әрі арттыру перспективалары
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында балабақша ата-аналарды ақпараттандыру, ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.
2026 жылы жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Меңгерушінің м.а. А.Камзенова