Текст
«Жұлдыз» балабақшасында «Қысқы қызықтар» атты спорттық ойындары мектепалды даярлық топтар арасында өтті. Іс-шараның мақсаты – балалардың дене тәрбиесіне деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту.
Ойын барысында балалар әртүрлі спорттық эстафеталарға қатысып, белсенділік пен ұйымшылдық танытты. Іс-шара көңілді, қызықты және жоғары деңгейде ұйымдастырылды.