Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарының құзыреттілік орталықтарының республикалық деңгейде тәжірибе бөлісу алаңы аясында «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық технологиялар» тақырыбында вебинар болып өтті.
Вебинар барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы озық тәжірибелер мен инновациялық технологияларды қолдану жолдары қарастырылды.
Іс-шарада Нысанова Парида Батырхановна «Мектепке дейінгі тірек ұйымның/құзырет орталығының табысты педагогикалық практикаларын тарату тетіктері», сондай-ақ «Жасанды интеллект және ойын платформалары: мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту әдістері» тақырыптарында баяндама жасады.
Сонымен қатар «Қошақан» бөбекжайының әдіскері Донбаева Эльмира Базарбаевна және педагог Махметова Аяужан Сайранқызы «Мен құрастырған мультфильм» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараның мақсаты – балалардың коммуникативтік және шығармашылық дағдыларын дамыта отырып, байланыстырып сөйлеуге машықтандыру.
Вебинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдермен танысты. Іс-шара мазмұнды әрі нәтижелі өтті.