Мақсаты: Күз мезгілінің құбылыстары мен күзгі табиғаттың ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту, балаларды жабайы аңдардың күзгі өмірімен таныстыру, өмір сүру жағдайлары туралы мағлұмат беру. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, қоршаған әлемге, тіршіліктің бәріне мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Оларды қорғай білуге тәрбиелеу. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Кейіпкерлер:
Күз Ару:
Қоян:
Аю:
Кірпі:
Тиін:
Қолданылатын көрнекіліктер:
Орман бейнесі. Талдар, шыршалар. Қағаздан жасалған күзгі жапырақтар. Қоянға ақ түсті тон. Себеттер, қолдан жасалған саңырауқұлақтар. Шырша бүрлері. Алма жемісі.Үш түсті шығыршық және жапырақ (қызыл, сары, жасыл)
Балалар, музыка әуенімен залға кіріп өз орындарына отырады. Залдың іші орман бейнесімен безендірілген.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар, құрметті қонақтар! Молшылыққа толы, берекелі Алтын күз мерекесі құтты болсын! «Алтын ұя» орта тобының «Берекелі, Жомарт күз!»атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Кездескен соң күзімен
Бұтағынан үзілген
Ай жапырақ сары алтын
Айналаның бәрі алтын. - Міне, балалар табиғаттың бізге берер байлығымен, берекесін, мерекесін сыйлайтын алтын күзіміз де келіпті. Балалар олай болса, ортаға Күз Аруын шақырайық!
(Музыка әуенімен Күз Аруы кіріп, балалармен амандасады.)
Күз Аруы: - Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Молшылыққа толы, берекелі Алтын Күз мерекесі баршамызға құтты болсын! Менің әсем көрікті күзгі бағыма қош келдіңіздер!
Жүргізуші:- Рахмет Күз Аруы, төрлетіңіз. Балалардың тақпақтарын, өнерлерін сағынған шығарсыз.
Күз Аруы:- Әрине сағындым, қанекей кім маған тақпақтарын айтып береді?
(балалар ортаға біртіндеп шығып тақпақтарын айтады.)
Жүргізуші:- Күз Аруы, балалар сізге арнаған керемет әнге кезек берейік!
Ән: «Күз жомарт!»
Күз Аруы: - Балалар мен сендерге талдан түскен сары түсті жапырақтарымды алып келдім, мына отырған әдемі, сұлу қыздармен би- билеп беремін. Келіңдер қыздар би-билейік.
Би: «Күзгі жапырақтар»
Күз Аруы:- Балалар, олай болса, менімен бір ойын ойнап жіберуге қалай қарайсыңдар. Мен айналадағы жапырақтардың барлығын түрлі-түсті бояуыммен бояп қойғанымды көрген шығарсыңдар, қараңдаршы ал сендер маған жапырақтарымды түсімен жинап беруге көмектесіңдерші.
Ойын: «Жапырақтарды түсімен жинау»
Күз Аруы:- Жарайсыңдар балақайлар! Ойынды көңілді, жақсы ойнадыңдар. Балалар айтыңдаршы сендер ертегіні тыңдағанды, көргенді жақсы көресіңдер ме?
Балалар: - Ия!
Күз Аруы: - Олай болса, мен сендерге «Күзгі орман» ертегісін ала келдім. Себебі бұл орманда біздің достарымыз өмір сүреді. Ал, сендер ормандағы қандай аңдарды білесіңдер?
(Балалардың жауабы. Қоян, түлкі, аю, қасқыр, тиін.)
Күз Аруы:- Олай болса, сендер осы орманда дәл қазір не болып жатқанын білгілерің келеме?
-Балалар бір дыбыстар естілетін сияқты. Мүмкін біздерді бір ғажайыптар күтіп тұрған шығар. Олай болса, қанекей кім екен олар, көрейікші.
(Музыка орындалады, талдардың арасынан қоян секіріп шығады.)
Қоян:- Ой, мен сондай шаршадым, жаурадым, тоңдым. Міне күз мезгіліде келді, күн суыта бастады. Менің мұрным, құлағым, құйрығым тоңды. Орманда енді суық басталды. Енді қайда барамын. Қайда барып жылынамын. АПЧХИ!!!!!!
Күз Аруы:- Сәлеметсің бе, Қоян досым! Неге сондай көңілсізсің? Қайда баражатырсың?
Қоян:- Сәлеметсіз бе, Күз Аруы! Менің үстімдегі сұр тонымды өзгертуім керек еді, қайдан өзгертемін білмеймін. Қыста сұр тоныммен жүре алмаймын, себебі түлкі ақ аққардың үстінде біліп қояды ғой.
Күз Аруы:- Қоян сен уайымдама, саған көмектесемін! Бірақ біздің балалардың мерекеге жаттаған тақпақтарын тында.
(балалар ортаға біртіндеп шығып тақпақтарын айтады.)
Қоян:- Қандай керемет!
Күз Аруы:- Ұзын құлақ сұр қоян міне саған ақ тон, киіп ал. Және балаларға көрсете ғой.
(Қоян үстіне ақ тонды киіп би-билеп қуанады)
Қоян:- Рахмет!!! Рахмет!!! Күз Аруы!!! Денем енді жылынды. Енді ақ қардың үстінде де секіріп жүріп ойнаймын. Және қардың үстінде жүрсемде білінбеймін, түлкі мені аңғармайтын болады. ОЙ! ОЙ!
(Қоян жүгіріп шығып кетеді. Осы кезде Аю келеді)
Аю:-Мен маймақ аяқ аюмын! Мен орманда жүремін. Және бар даусыммен айғайлаймын!!! Менім апаным қайда? Жолды таппай қалдым ғой!
Күз Аруы:- Сәлеметсің бе, Аю досым, Не болды саған?
Аю: - Сәлеметсіз бе, Күз Аруы! Күз Аруы маған көмек беріңізші. Мен апанымды таппай жүрмін, енді күн суытты ұйықтауым керек.
Күз Аруы:- Қоян сен уайымдама, саған көмектесемін! Бірақ біздің балалардың мерекеге арнаған әдемі әнін тыңда.
Ән: «Жаңбыр!»
Аю:- Қандай керемет!
Күз Аруы:- Сен мына жолмен бара ғой! Сол жерде сенің апаның бар. Үлкен шырша ағашының түбінде сенің жаңа үйің бар!
Аю:- Рахмет саған, Күз Аруы! Мен енді тыныш ұйықтайтын болдым. Саусығымды сорып, түсімде тәтті балды көріп жатамын. Көктем мезгілі келгенде сол кезде оянамын.
(Аю кетеді. Кірпі келеді)
Кірпі:- Мен тікенек кірпімін. Тікендерім шыршаға ұқсайды. Маған күз мезгілі мүлдем қорқынышты емес. Күз мезгілінде менің жұмыстарым көп.
Күз Аруы:- Сәлеметсің бе, Кірпіжан! Не істеп жүрсің?
Кірпі:- Мен өзімнің тікенек киіміме жапырақтарды іліп және саңырауқұлақтарды жинап жүрмін. Қыс мезгіліне азық жинаймын. Себебі мен қыс мезгілінде далаға шықпаймын, мына азықтарымды жеп жатамын.
Күз Аруы:- Ия, кірпі өз тірлігімен жүр екенғой. Қыс мезгіліне дайындалып азықтарын жинап жүр екен. Жарайсың кірпі! Олай болса, жолың болсын кірпіжан!
Балалар келіңдер кірпіге саңырауқұлақ теріп, жинап берейік.
Ойын: "Саңырауқұлақтар жинау"
(Кірпі саңырауқұлақтарды жинайды да, шығып кетеді. Осы кезде талдардың арасынан секіріп Тиін келеді.)
Тиін:- 1,2. 1.2 Шырша бүрі 1. Шырша бүрі 2. Енді маған қыста қорқынышты емес!
Күз Аруы:- Сәлеметсің бе, Тиін! Сен неге секіріп жүрсің?
Тиін:- Ал, мен шырша бүрлерін және саңырауқұлақтарды кептіріп жатырмын. Сосын қысқы азыққа жаңғақтар теріп жүрмін!
Күз Аруы:- Әрине, Жаңбыр жауып кетпей тұрғанда, қыс мезгіліне азығыңды жинай ғой! Жаңбыр демекші, Тиінжан балалардың мерекеге арналған «Жаңбыр» әнін тыңдап көр.
Ән: «Жаңбыр!»
Тиін:- Қандай керемет! Балалармен бір ойын ойнайықшы!
Күз Аруы:- Әрине, Тиінжан. Қандай ойын?
Тиін:- Ойынымның аты «Күн мен жаңбыр» деп аталынады. Күн дегенде далада қуана билейміз, ал жаңбыр дегенде қолшатырға жаңбырдан тығыламыз. Ойнаймыз ба, балалар?
Балалар: Ия!
Күз Аруы:- Ой, қандай керемет! Бір сергіп қалдық!
Тиін:- Күз Аруы мен қысқы азыққа алманы көп етіп жинағанмын. Балаларға берсем болама?
Күз Аруы:- Әрине, Тиінжан балаларға беруге болады. Олар қуанып қалады.
(Тиін себетке салынған алманы балаларға береді. Балалар рахмет айтады.)
Тиін:- Енді мен жылдам кетейін, әлі күзгі жұмыстарым көп. Сау болыңдар балалар!!!!
Күз Аруы:- Ал, балалар көрдіңдер ме, сендердің ормандағы достарың орманда қалай өмір сүріп жатқанын және күз мезгілінде қысқы азықтарын қалай дайындап жатқанын. Өте қызықты екен. Сендерге ертегі ұнадыма? Ал, енді мен қайтайын балалар!
Аман-есен болыңдар,
Еңбек етіп, күліп ойнап.
Әрқашанда көңілді болып жүріңдер. - Керемет сендердің өнерлеріңді көріп өте риза болдым. Енді көріскенше сау болыңдар балалар!!!
Жүргізуші:- Күзгі бақтағы қонақтар,
Айналайын балалар.
Мерекеміз бүгінгі,
Естен кетпес күн болар- Құрметті қонақтар, осымен «Берекелі, Жомарт күз» мерекеміз аяқталып келеді. Сау болыңдар, балақайлар!!!!
Құрастырған: музыка жетекшісі Биртаева Н.Б.
Тәрбиеші Абдикова М.Б.