«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Менің отбасым - бақыт мекенім!" атты отбасылық ток-шоу

Балабақшада айлық жоспарға сәйкес мектепалды даярлық «Қарлығаш» тобының екі отбасы арасында  Менің отбасым - бақыт мекенім! атты ток-шоу ұйымдастырылды.

Мақсаты: отбасындағы тәрбие - өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, балабақша  мен ата-ана байланысын ынтымақтастыру, өзара серіктестік орнату, ата-ананың, баланың оқу – тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.

Іс –шараға көп балалы Боранбаевтар және Қоңысбаевтар отбасылары қатысты.

Жүргізуші тәрбиеші Утебаева Э.Т. отбасылар мүшелеріне ең алдымен сиқырлы сандықтан алынған әріпке сәйкес сөздер арқылы амандасуды ұсынды, кейін ток-шоу тапсырмаларымен таныстырып өтті:

1. «Менің отбасым-бақыт мекенім».  (креативті таныстыру)

2. «Отбасы –ұлттың тірегі». (сұрақ –жауап айдары)

3. «Менің отбасым-менің мақтанышым» (балалармен бірге шығармашылық жұмыс- отбасы ағашын дайындау)

4. Сергіту сәті                                                      

5.Өнерлі отбасы  (үй тапсырмасы)

 Қатысушы отбасылар  барлық тапсырмаларды жоғары деңгейді орындады, өз өнерлерін, шығармашылықтарын  көрермендерге көрсете білді. Іс-шара «Жүрек жылуы» жаттығуымен өз мәресіне жетті, қатысушылар жылы тілектерін білдірді. Отбасыларға алғыс хаттар табысталды.

Қосымшалар:


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 10:27
Құрылған күні: 15.04.2024 14:02

Текст