Жұмыс жоспарына сәйкес қаңтар айында Целиноград ауданының мектепке дейінгі ұйымдары ұшін аудандық онлайн семинар-практикум өтті.
Семинар мақсаты: күні бойы құзыреттіік орталықтарда балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.
Семинар жұмысына аудандық білім бөлімінің әдіскері Г. С. Жанауова, ауданның балабақша әдіскерлері, тәрбиешілері, педагогтары қатысты. Теориялық бөлімде білім бөлімінің әдіскері Г. С. Жанауова сөз сөйледі, ол балабақшадағы құзыреттілік орталықтары туралы, оларда күні бойы жұмыс істеу туралы, осы жұмыстың артықшылығы мен оң жақтары туралы айтып берді. Практикалық бөлімде «Жұлдыз» балабақшасының құзыреттілік орталықтарындағы топтардың бейне жұмыстары ұсынылды.