«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін барлық түрдегі мектепке дейінгі ұйымдар көрсетеді. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі мектепке дейінгі ұйым мен ата-анасының бірі немесе баланың заңды өкілі арасында жасалған шарт негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Ата-аналар (немесе заңды өкілдер) ЭЦҚ көмегімен https://akmola.kz / жүйесі арқылы баланы кезекке қоюға онлайн-өтініш, сондай-ақ, берілген өтінішке өзгеріс енгізе алады, оның ішінде: байланыс деректерін өңдеу немесе кезектен өтінішті алып тастау, қызығушылығын растау, жолдаманы алу немесе кері қайтару.
Жолдама алу үшін не қажет?
телефон нөміріне хабарлама келеді. Егер осы уақытқа дейін ата-ана
балабақшаны таңдамаса және белгіленген уақытқа (үш күн) сәйкес жолдама
алмаса, онда бұл орын топтың жылын ескере отырып, барлық кезектегілерге
қол жетімді болады. Бұл ретте балабақшаны таңдау туралы әлі шешім
қабылдамаған өтініш беруші кезекте қала беретіні маңызды.
балалары мектепке дейінгі ұйымға қабылданса және баратын болса да,
кезекке тұруға өтініш бере алады.
Егер өтініш беруші берілген жолдаманың жарамдылық мерзімін 3 рет
кешіктірсе, бала автоматты түрде кезектен шығарылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызметті алушыдан құжаттар тізбесі:
1) қабылдауға жолдама (берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жарамды);
2) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) баланың туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
4) № 065/у нысанындағы профилактикалық егулер картасы;
5) баланың денсаулық паспорты 026/у-3 нысаны;
6) баланың жағдайы туралы анықтама;
7) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін).