“Мектепке дейінгі балалардың вокалдық ән айту қабілеттерін жетілдіру”
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгінгі жиында сіздерді көргеніме қуаныштымын. Мен «Жұдыз» балабақшасының музыка жетекшісі Биртаева Нургуль Баймухановна.
Менің тақырыбым: «Мектепке дейінгі балалардың вокалдық ән айту қабілеттерін жетілдіру».
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың музыкалық қабілетін жан - жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың музыкалық қабілетін дамыту мүмкіндіктері мол.
Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты – музыка өнері арқылы баланың өмірге деген көзқарасын, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз халқының өнерін, салт - дәстүрін жоғары бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде, баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт;
- Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;
- Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету;
- Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру;
- Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым - қатынасты орнату;
- Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау;
- Ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру технологиясында қарапайымдылық, кішіпейілділік, өзара түсінушілік сезімдерін баулу;
Баланың музыкалық даму процесі музыкалық қызметтерді ұйымдастыру барысында:
3 - 4 жаста шағын әндерді ересектердің көмегімен орындай алады. Дербес әрекет етуге ұмтыла отырып билеуге, ойнауға талпынады.
5 жас – баланың көп білуге құштар кезеңі. «Неге?», «неліктен?», деген сұрақтарды көп қояды. Бала жетекшінің қойған талаптарын, ән, пьесалардың көңілді, қуанышты, сабырлы сипаттарын сезіне отырып, пьесадағы қарама - қарсы екі бөлімді, музыкалық аспаптар тембрін, қол ұстасып ән айту, жеңіл би қимылдарын орындай алады.
6 жас – балаларды мектепке дайындау кезеңі. Балалар музыкалық шығармаға сипаттама бере отырып, эстетикалық көзқарасын қалыптастырады. Ән, би, ойындарды орындауда шығармашылығы дамып, музыкаға деген ынта - ықыласы айқын көріне бастайды.
Енді күнделікті жұмыс барысында балалармен өткізіп жүрген әр түрлі әдіс тәсілмен бөліскім келеді:
1. Музыкалық амандасу: Нота сатыларымен әндету.
2. Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң ұстазым,
Қайырлы таң достарым.
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық.
Доброе утро учитель,
Доброе утро друзья.
Посмотрите друг на друга,
Пожелайте добра.
Good morning, good morning
Good morning to you
Good morning, good morning
We are glad to see you
3. Тыныс жаттығулары: Бет бұлшық еттеріне арналған жаттығу және дұрыс тыныс алу:
Паровоз жаттығуы: Демді мұрынымен алып, паровоздың дыбысын келтіріп, бөліп - бөліп шығару.
Жылан жаттығуы: Дәл солай демді алып, жыланның дыбысы келтіріп, «С», «Ш» әріптері арқылы үзбей демді шығару.
4. Дауыс жаттығулары:
5. Дикция - (үн реңі) айтылу, айту деген мағына. Дикция дегеніміз дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелерінің (жақ, ерін, тіл) жетілуі. Әсіресе бір типті дауысты дыбыстардың (а, ө, ұ, и, у, ы, е, о) анық айтылуына көп көңіл бөлген дұрыс, бұл бір типті дауысты дыбыстардың бірыңғай құрылуы дауыстардың жақсы шығу жағына себепкер болады. Шығарма желісінде дауыссыз дыбыстардың (қ, к, ш, г, д) жеңіл, анық болуына көңіл аудару керек.
Осындай әдіс тәсілдерді қолдана отырып, еңбегімнің нәтежиесі ретінде балабақшамыздың бүлдіршіндері байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап кететін болсақ, аудандық, облыстық және республикалық деңгейде өнер көрсетіп келеді.