«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құрылысшы», «Емхана», «Шаштараз» тақырыбында сюжетті-рөлдік ойындар

«Қарлығаш» мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері Э.Т.Утебаева.А.Б Насырова «Құрылысшы», «Емхана», «Шашатараз» тақырыбында  сюжетті-рөлдік ойындарын өткізді.Сюжетті-рөлдік ойындардың мақсаты: балаларды рөлдерге бөліп ,сол рөл бойынша әрекет жасауға үйрету , көрнекілікті ,құрылыс материалдарын, құрастыруды сюжетке сай қолданып дауды дұрыс шешіп ойын жоспары бойынша әрекет жасау . Ойында қоғамдық өмірден алған білімін көрсете біліп ,шығармашылық ойлау мен тілдерін дамыту, өз өзін ұстай білу мәдениетілігін орнату. Медициналық жұмыскерлердің жұмысына деген құрмет көрсетуге , қоршаған ортада өз-өзін ұстай білу ережелерін қалыптастыру.

«Құрылысшы» ойын барысында тапсырыс берушілер құрылыс фирмасына құрылысқа тапсырыс береді, құрылыс жасалатын жергілікті жерді жариялайды, тапсырыс алып,алғысын білдірді.Дизайнер журнал бойынша құрылыс үшін объектіні таңдауына ұсыныс жасайды, тапсырыс берушімен құрылыс жоспарын талқылайды .Сюжет бойыша прораб құрылыс матариалын тандап ,құрылысшыларда жеткілікті материалын болуын қамтамасыз етіп құрылысты басқарады.Жүк тасушылар жүкті жеткізіп ,жұмысшылар құрастырады оларға машиналар көмектеседі.

«Емхана» ойын барысында балалар емделуші дәрігер қабылдауына жазылады,шағымдармен қабылдауға келеді, ем қолдануын өтінеді, ниетін білдіреді.Дәрігер қабылдап тындайды,қан қысымын тексереді , дәрілер тізбегін жазып береді. Күтуші медециналық кабинетті жинап еденді жуып,шаң сүртеді .Тіркеуші қима қағазды толтырып науқасқа талон береді .Жүргізуші дәрі-дәрмектерді керекті жерге жеткізіп дәрігермен жедел жәрдемен науқастарға барады.Дәріхана сатушысы дәрілерді дәрігердің дәрі-дәрмектер тізімі бойынша жіберді.

«Шаштараз» ойын барысында балалар шаш сән үлгілерін жасайды, шашты су сабынмен жуып, шаш кептіргішпен кептіріп , қияды. Төлеу үшін белгілі сомаға талон жазып береді. келушілермен сөйлесіп ,шашты дұрыс күту кеңестерін беріп, жана шаш үлгілерін талқыға салды.https://youtu.be/N3jRyv9HGt4?feature=shared

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 15.04.2024 18:10
Құрылған күні: 15.04.2024 18:10

Текст