Апталық соңында педагогтер ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізді. Логопед маман Мейірханова Г.Ж. тақырыбы "Р және Л дыбыстары, мақсаты: балаларды Р және Л дыбыстарын ажырату, фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөйлеу тынысын қалыптастыру, сөздік қорын молайту және дыбыстарды сөз ішінде анықтай білу дағдыларын жетілдіру болды. Іс -әрекет барысында бала белсенділік танытып, барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Дефектолог Анесова Н.А. "Кюизенер таяқшалары арқылы танымдық қабілетті дамыту" тақырыбында ("Жеті лақ" ертегісі негізінде) түзете-дамыту іс-әрекеті өткізді. Мақсаты: Кюизенер таяқшалары арқылы балалардың танымдық процестерін дамыту.Бала ертегі желісі бойынша тапсырмалар орындады, Кюизенер таяқшаларымен жұмыс жасады. Логопед Джунусова Г.Х. "Р дыбысы" тақырыбындағы іс-әрекетінде дыбысты дұрыс айтуға үйрету, оны басқа дыбыстардан ажырату және сөйлеу тілін дамыту мақсатын қойды. Іс-әрекет барысында балаға жағымды көңіл-күй қалыптастырылып, Р дыбысы әлеміне саяхат жасау ұсынылды. Логопед Берикболова Г.Д. "С және Ш дыбыстарын ажырату" тақырыбы бойынша өз іс-әрекетін ұйымдастырды. Балаға қызықты тапсырмалар, артикуляциялық жаттығулар жасау ұсынылды.Балалар дыбыстарды айтылу ерекшеліктерімен танысты. Түрлі ойындар мен көрнекіліктер қолдану арқылы балалардың есту, зейін, есте сақтау қабілеттері дамыды