«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Музыка әлеміне саяхат»

«Музыка әлеміне саяхат»

Ересек тобы/Старшая группа

Білім беру саласы/Образовательная область:  Шығармашылық

Бөлімі/Подобласть: Музыка.

Тақырыбы/Тема:  «Музыка әлеміне саяхат».

Мақсаты/Цель: Музыкалық ойындар арқылы балалардың денсаулығын, шығармашылығын нығайту. Музыканы мұқият тыңдай отырып ести білуге, ырғақтарды айыра білуге үйрету. Музыкаға әсерлену, дыбыс жоғарылығын ажырату қабілетін дамыту. Музыкалық ойындар арқылы музыкаға қызығушылықтарын арттыру.  Әуенді ноталарды түстеріне байланысты ажырата білуге үйрету.              

Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: Музыка, түрлі түсті ноталар.

Қостілділік компонент/Словарная работа: Музыкалық аспап - музыкальный инструмент.

Мерзімі/Дата: 24. 04. 2019ж.

Музыка жетекшісі/Музыкальный руководитель: Біртаева Н.Б.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

 

Педагогтардың  оқу қызметі

 

Балалардың іс-әрекеті

 

 

 

Мотивациалық  ойды ояту

Мотивационно -побудительный

 

І. Мотивациялық қозғаушы күш.

Балалар музыка залына марш екпінімен кіреді.

Қайырлы таң ұстазым,

Қайырлы таң достарым.

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық.

Доброе утро учитель,

Доброе утро друзья.

Посмотрите друг на друга,

Пожелайте добра.

Good morning, good morning

Good morning to you

Good morning, good morning

We are glad to see you
Музыка жетекшісі:

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

Бүгіңгі көңіл күйлерің қалай?

- Жарайсыңдар!

Балалар әуенмен залға кіреді. Ортаны айналып шығып жарты шеңбер жасап тұрып, үш тілде амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жақсы.

 

 

 

 

Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі

Организационно - поисковый

 

 

 

 

(Амандасқаннан кейін балалар орындыққа барып отырады).

ІІ. Іздену - ұйымдастырушы кезең.

Біздің бүгінгі ашық оқу қызметінің  тақырыбы «Музыка әлеміне саяхат» -деп аталады.

(Осы кезде мұнайып балапан келеді. Қолында қоржыны бар, оның ішінде сиқырлы ноталар болады.)

Музыка жетекшісі: Балалар, бізге балапан қонаққа келді, бірақ ол көңілсіз.

Балапан: Сәлеметсіздер ме, балалар! 

Музыка жетекшісі: Балапан, қош келдің. Сен неге көңілсізсің?

Балапан: Мен «Әнші» болғым келеді, бірақ ән айту білмеймін.

Музыка жетекшісі: Көңіліңді түсірме. Біз балалармен бірге саған көмектесеміз. Бірақ, мына қолыңдағы не?

Балапан: Бұл менің сиқырлы ноталарым. Осы ноталармен өзім үйреніп аламын деп ойлап едім, бірақ түк шықпады.

Музыка жетекшісі: Көңіліңді босқа түсірме, балапан. Қане сиқырлы ноталарыңды көрсете ғой. Әр қайсысының артында тапсырмалары бар екен. Балалар, музыка әлемінде 5 қара сызықтың бойында скрипка кілті және 7 нотаның болатынан білеміз. Осы 7 нотаның тапсырмаларын орындап, 5 сызыққа орналастыруымыз керек. Осы сиқырлы ноталар арқылы балапанға ән айтуды үйренеміз бе?

ІІІ. Негізгі бөлім.

Бірінші нота «До» оның артында қазақ халқының ұлтық музыкалық аспаптарының  суреті бар екен.

 

1 тапсырма:

Балалар біз сендермен қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстық. Қандай аспаптарды білесіңдер?

Музыка жетекшісі: Ендеше осы аспаптардың дыбыстарын қазір біз ажыратамыз.

Ойын : «Аспаптарды ажырату».

Тапсырманы орындадық, «до» нотасын өз ұясына орналастырайық.

 

2 тапсырма:  

Келесі нота «Ре» оның артында қандай сурет салынғанын қарайық! Баланын бейнесі бейнеленген екен, бала не істеп тұр?

Бала дауыс жаттығуларын жасап тұр екен. Ендеше балалар біз ән айтпас бұрын мұрынмен дем алып, сол демді үнемді түрде қолымыздағы гүлді үрлеу арқылы сыртқа шығара отырып үрлейміз. Балапан сен балалармен бірге қайталап отыр. Енді балалар дауыс жаттығуларын жасаймыз.

Дауыс жаттықтыру: «Жоғары барамыз, төменге түсеміз».

Музыка жетекшісі:

Жарасып тұр сәніміз,

Ән шырқайық бәріміз.

Естіген жұрт таң қалсын,

Әдемі ән шырқалсын.

Ендеше балапанға әдемі бір ән айтып берейік.

Ән: «Біз бақытты баламыз».

Бұл нотанын тампсырмасын орындадық деп ойлаймын. Нотаны орналастырамыз.

3 тапсырма:  

Келесі нотаның тапсырмасын қарайық.

Балапанның келесі нотасы «Ми».

Оның артында тағыда аспаптардың бейнесі көрсетілген екен, бірақ бұл қандай аспаптар?

Балалар біз сендермен Ұлттық музыкалық аспаптарды да өттік, сонда музыкалық аспаптар қандай дыбыстар шығарады?

Музыкалық аспаптардың топтарын атап беріндерші.  

Шулы музыкалық аспаптар қандай дыбыс береді?

Ойын: «Қандай ырғақ».

Мен сөзін айтамын, ал сендер аспаппен  ойнайсындар.

Данғыраны ұр қатты,
Дәл қайтала ырғақты. 
Тоғайда көп тоқылдақ,
Үн естілді тоқылдап. 
Тоқ тоқ тоқ,
Тоқ тоқ тоқ.
Данғыраны ұр қатты,
Дәл қайтала ырғақты.
Күн күркіреп жарқылдап,
Бұршақ жауды сартылдап.
Сарт сарт сарт,
Сарт сарт сарт.

Жарайсындар! Нотаны орналастырамыз.

 

4 тапсырма:  

«Сергіту сәті».

Ән: «Оркестр әні».

 «Фа» нотасын орнына орналастырамыз.

 

5 тапсырма:  

Келесі нота  «Соль» оның артында әр түрлі аспаптарда ойнап отырған адамдардың бейнесі белгіленген екен. Оны біз не деп айтамыз? Дұрыс айтасыңдар әр аспаптарда бірігіп ойнауды біз оркестр дейміз.

Ал, сол оркестрді басқаратын адамды кім деп айтамыз?

Ендеше аспаптарымызды қолдарымызға алып, біз дирижерлар айтысын балапанға ойнап берейік.

Аспапта ойнау: «Дирижерлар айтысы».

Балапан: Қандай керемет, соль нотасын орналастырайын.

 

6 тапсырма:  

«Ля» нотасының артында балалар би билеп тұрған баланың суреті. Балапанға сендердің  аспапта ойнағандарың  ұнады ғой деймін. Ендеше балалар балапанға «Түрлі ұлттар биі» ойынын балапанмен бірге көрсетейік.

Ойын: «Түрлі ұлттар биі».

Қимылды ойын: «Үш би» ойыны.

Ойынның мақсаты: Балаларды би жанрларын ажырата білуге, би түрлерін есте сақтауға, әуенді естіп қабылдауға баулу.

Ойынның шарты: Ұлттық би түрлерін әуенді тыңдау арқылы би қимылдарын билеп көрсетеді. Қазір үнтаспада әр түрлі музыка қоямын, әр ұлт өзінің музыкасын таныса қимылдар жасап билейді . Ал егер  қазіргі заман музыкасы ойналса,бәрің шашыраңқы  билейсіңдер де, музыка тоқтаған кезде әр кім өз орындарына тұра қалады.

Бұл тапсырманыда жеңіл орындадық. «Ля» нотасын орнына орналастырайық.

   Балалар біз балапанға мына сиқырлы ноталар арқылы көп нәрсені үйреттік. Біз бүгін қазақтың музыкалық аспаптарын таныстырдық, олар неше топқа бөлінетінін және шулы аспаптар неше үн шығаратынын білді.

Балалар балапан сендерге қарап көп нәрсе үйренді. «Си» нотасының артында  «Әнші балапанның» суреті бар екен. Ендеше біздің Балапан өзінің ризашылығын осы ән арқылы білдіргісі келеді.

Балапан: Ия, балалар мен сендерге бір ән салғым келіп тұр. Мен осы әнімді анама арнаймын.

Ән: «Ақ мамам».

 

Балапан: Балалар, сендерге көп рахмет. Сау болыңдар!

 

 

 

 

 

 

 

 

- ия.

 

 

 

 

-Сәлеметсіз бе!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- ия.

 

 

 

 

 

 

 

 

Домбыра, қобыз, сазсырнай, жетіген.

Үнтаспадан музыка қойылады, балалар ажыратады.

 

«До» нотасын орнына орналастыру.

 

 

 

 

 

 

Ән айтып тұр.

 

 

 

 

 

 

 

Дауыс жаттығуын жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ре» нотасын өз орнына орналастырады.

 

 

 

 

 

 

Шулы музыкалық аспаптар.

 

 

музыкалық және шулы дыбыстар.

Ұрмалы, үрмелі, ішекті.

 

Бір дыбыс береді.

 

 

 

 

Барабанда ойнау.

Металлафон аспабымен.

Қасықтар.

Кастаниеты.

 

 

Барабанда ойнау.

Ұшбырышта ойнау.

тарелка

маракасы.

 

«Ми» нотасын орнына орналастыру.

 

 

 

 

«Фа» нотасын орнына орналастыру.

 

 

 

 

 

 

 

Оркестр.

 

 

 

Дирижер.

 

 

 

 

 

«Соль» нотасын орнына орналастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ля» нотасын орнына орналастыру.

 

Рефлекциялық түзетушілік

Рефлек

сивно -корригирующий

Қортындылау:

-Бүгінгі оқу қызметіміздің қай бөлімі көбірек ұнады?

-Қандай тапсырмалар сендерге ұнады?

-Қандай ойын ойнадық?

-Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар.

Сұрақтарға жауап беруге талпыну.

Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:

1. Білу керек/Знать: Жыл бойы өткен тақырыптарды естеріне түсіріп, аспаптардың атауларын білу және сол аспаптарда ойнаулары керек.

2. Игеру/Иметь: Ойынның шарттарын, сұрақ жауаптарды игеру;

3. Істей білу/Уметь: Сұрақтарға жауап беру, әнді дұрыс орындау, әуенді тыңдап музыкалық аспаптарда ойнай білу;.

 

Жаңартылған күні: 11.02.2022 15:22
Құрылған күні: 11.02.2022 15:22

Текст