«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Аяз - атаның қолғабы!» мектепалды даярлық топ балаларына арналған Жаңа жылдық ертеңгілік

Кейіпкерлер:

  • Қоян -
  • Аю -
  • Аяз-ата  - Анар
  • Ақшақар - Толқын

Музыка әуенімен балалар залға кіреді. Шырша алдында шеңбер құрып тұрады

Жүргізші: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сәлеметсіңдер ме құрметті қонақтар!

 Балалар қарандаршы қандай әдемі шырша! Ойыншықтары қандай әдемі! Айтындаршы қандай мерекеге біз келдік?

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Дұрыс балалар! Бізде бүгін жаңа жыл мерекесі болады! Біздің балалармыз жаңа жыл мерекесіне дайындаған тақпақтары бар!

Кәне тындап көрейік!

Тақпақтар:

1.Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
2.Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.            
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

 

Ән «Жаңа жыл!».

 

Шыршанын астында үш қолғап жатады

Жүргізуші:

 (үш қолғапты алып) Балалар қарандаршы шырша астында қолғап бар екен! Кімдікі сендер білмейсіңдер ме?

Балалар: Жоқ білмейміз!

Музыкамен залға Қоян келеді.

Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен Қоянмын! Шырша жанында билеп мен қолғабымды жоғалтып алдым! Сендер көрген жоқсындар ма?

Жүргізуші: Сәлеметсің бе Қоян! Қарашы мүмкін мынау сенің қолғабын шығар!

Кәне киіп көрші!

Қоянға кигізеді.

Қоян: Иә, бұл менің қолғабым! Рахмет! Балалар айтындаршы сендерде қандай мереке болып жатыр?

Жүргізуші: Біз балалармен жаңа жыл мерекесің тойлап отырмыз!

Қоян: Ой, қандай керемет!!! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Осындай керемет мерекеде би билейек!  Мен көңілді қоянмын билдеуді ұнатамын!

Жүргізүші: Ия, қоянжан дұрыс айтасын. Балардың өнерін тамашалайық.

 

 БИ:«Jingle bells» биі.

 

Қоян: Рахмет сағандерге балалар, Мен сендермен бірге мерекеде қалайын.

Жүргізуші:  Ия, қоянжан Жаңа жыл мерекесінде бізбен бірге бол!

 ( қолғапты алып) Балалар  мына  қолғап кімдікі екен?

Музыкамен залға аю келеді

Аю: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен Аюмын! Мен  шырша алдында

ойнап жүріп қолғабымды жоғалтып алдым! Сендер көрген жоқсындар ма?

Жүргізуші: Сәлеметсің бе Аю! Қарашы мүмкін мынау сіздің қолғабын? Кәне киіп көріңізші!

Аюға кигізеді.

Аю: Иә, бұл менің қолғабым! Рахмет! Балалар айтындаршы сендерде қандай

 мереке болып жатыр?

Жүргізуші: Біз балалармен жаңа жыл мерекесің тойлап отырмыз!

Аю: Балалар мен ойнауды ұнатамын, менімен ойнайсыңдар ма!

Жүргізуші: Әрине ойнаймыз! Ал қандай ойын?

Аю: Ал біз сендермен бір ойын  ойнаймыз!

 

Ойын «»

Шары: ()

Аю: Рахмет сағандерге балалар, Мен сендермен бірге мерекеде қалайын.

Жүргізуші:  Ия, аюжан Жаңа жыл мерекесінде бізбен бірге бол!

Аю: Балалар, Жаңа жыл мерекесінде Аяз ата мен Ақшақарымыз қайда?

Музыкамен залға аяз Ата мен Ақшақар келеді.

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме менің кішкентай достарым! Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын сендерді! Жақсы бала болып өсіндер, ата-аналарды қуанта беріндер!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар! Жаңа жыл сендерге қуаныш бақыт әкелсін! Жүргізуші:  Аяз ата, қарашы қандай әдемі шырша! Кәне шыршаның шамдарын жағайықшы!

Аяз – ата: Кәне балалар көмектесіп жіберіндер, шеңберге тұрындар!

Қуант бізді, таңырқат

Шамдарынды жарқырат! (3рет) шырша жанады

Жүргізуші:  (Аяз атаның қолғабын ұстап тұрып)Аяз ата сіз ештенені жоғалтып алған жоқсыз ба?

Аяз – ата: Балалар бұл менің қолғабым ғой! Кәне әперіп жіберіндерші!

Жүргізуші: Аяз ата, сізге қолғабығызды жай бермейміз, балалармен ойын ойнау арқылы өз қолғабынызды аласыз. 

 

Ойын «аяз атаның қолғабы».

Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады, музыка әуенімен қолғапты бір біріне айналдыра беріп музыка әуені тоқтағанда кімнің қолында қолғап қалса, сол бала өлең айтады.

Аяз – ата: Ал, балалар сендер менімен ойнағыларын келеді ме? Ендеше мен сендерді қатырып жіберемін, мұзға айналдырам!

Ойын «Қатырамын»

  1. Кәне қолдарын қайда,

Әдемі билетіңдер

Ал енді қатырамын

Қолдарынды тығындар!

  1. Кәне аяқтарын қайд,

Әдемі билетіңдер

Ал енді қатырамын

Аяқтарды тығындар!

  1. Кәне құлақтарын қайда

Әдемі билетіңдер

Ал енді қатырамын

Құлақтарды тығындар

  1. Кәне беттерін қайда

Әдемі билетіңдер

Ал енді қатырамын

Беттерінді тығындар!

Аяз – ата: Ой балалар шаршап қалдым!

Ақшақар: Аяз ата отырыңыз, демалыңыз балалардың тақпақтарын тамашалап көріңіз!

Тақпақтар:

1бала

Аяз ата тамаша,

Ақшақармен жараса.

Жаңа жылда келеді,

Сыйлық алып жаңаша.

2бала

Тақпақ айтып таласа,

Сыйлық алып қайтайық.

Кетпес бұрын мың алғыс

Атамызға айтайық.

Ақшақар: Аяз ата қараңызшы, қаншама ұлпықарлар бар, олар бізге би билеп

береді. Кәне тамашалап көріңіз!

«Ұлпықарлар биі».

Музыкамен залға Жаңа Сиыр жылы келеді.

Сиыр: Мен-дағы бір қонақпын.
Он екі айда оралар,
Үлкендерден ақ ниет,
Тілек айтсын балалар.                                                                 
Уа құдайым оңдасын,
Қызыр бабам қолдасын.                                                              
Келіп жатқан сағынта,
Жаңа жыл бізді жарылқа!

Жүргізуші: Қош келдің Жаңа жыл! Сіздің құрметіңізге Тамаша әнін қабыл алыныз.

Ақшақар: Аяз ата балаларға сыйлық беретің уақыт келген сияқты! 

 

Ән «Кел, Жаңа жыл!».

 

Аяз ата: Иә дұрыс айтасын қызым! Кәне қайда сыйлықтарымды беріп жіберші қызым! Сыйлықтарды балаларға таратады                                                                                                                                                                      Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық

болсын! Қош болыңдар!                                                                                                                                                                                                                                                                 Балалар: Сау болыңыздар!                                                                                                                                               Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!

 

 

 

Құрастырған:музыка жетекшісі Біртаева Н.Б.

                       тәрбиеші: Абдикова М.Б.

Жаңартылған күні: 04.05.2023 19:30
Құрылған күні: 04.05.2023 19:30

Текст