Үлкен жолдың үстінде,
Әмірші де, күшті де.
Бағдаршам екенін,
Есте сақта достарым!
Балабақшада өтпелі тақырып «Дені саудың жаны сау» бойынша «Жолда жүру ережесін сақтайық» атты апта тақырыбына байланысты барлық топтар ойын,сайыстар, «Бағдаршам біздің досымыз» атты сурет байқауы, «Үш көзді дәумен кездесу» атты ойын-сауық, «Жол жүру ережесін үйренейік» атты көрмеге ата-аналар өз үлестерін қосты.
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін ойын арқылы балаларға түсіндіру.
Іс-шаралар жоғары деңгейде өтті, балалар ата-аналарымен бірге көрмеге қызықты жұмыстар дайындады. Балалар өз білімдерін "Бағдаршам біздің досымыз" сурет салу арқылы көрсетті. «Суретті жина», «Машинаны құрастыр», «Бағдаршам», «Бағдаршам не дейді» атты дидактикалық ойындар мен жаттығулар, сюжеттік – рөлдік және қозғалмалы ойындар өткізілді, барлық ойындар жол жүру ережелерін үйренуге бағытталған. Апта бойы балалармен жолда дұрыс жүріс-тұрыс қалыптастыруға бағытталған көшедегі жол жағдайы туралы суреттер қаралды, «Қауіпсіздік сабақтары» плакаты мен баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қауіпті жағдайлар туралы ақпарат дайындалды. Ересек топтар арасындағы жолда жүру ережелері бойынша ойын-сауық қызықты және спорттық түрде өтті.