«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022 жылға «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша іс-әрекеті туралы есебі

 

1.Жалпы ережелер.

1) Мемлекеттік қызмет беруші туралы мәлімет:«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК

Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Бақыт шағын ауданы, 5/1 құрылыс

2)Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Білім беру ұйымы 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қызмет тегін ұсынылады.

- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау - 139 ( электронды-ақпарат.жүйесі), 39 - (қағаз түрінде);

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығы «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»;

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК сайты;

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК-дағы мемлекеттік қызметтер туралы стенд.

         3.Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша әрекет

1) 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғала «Мемлекеттік қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру. Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен қарым қатынас» тақырыбында біліктілік жетілдіру курстарынан өтті.

         4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижесі: 2022 жылы барлығы 178 (2021жылы- 184) мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: akmola.kz жүйесі арқылы-139, қағаз түрінде-39 :

2) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына, сондай-ақ мерзімдерін бұзуға шағымдар түскен жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері – мониторинг жүргізілген жоқ.

        5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

         Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында балабақшамен мақсатты жұмыс жүргізілуде.

Сонымен, 2022 жылы:

- балабақша сайтында қызмет  алушыларды мемлекеттік қызметтерді akmola.kz жүйе арқылы алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және ақпараттандыру бойынша мәлімет көрсетілді;

- балабақшаның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орналасқан, онда ғаламторға қолжетімділігі бар ноутбук, картридер, принтер-сканер бар;

- «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» қызметі бойынша ақпараттық стенд ресімделді;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жүйелілік жұмыс жүргізілуде.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен қарым-қатынас

         Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК-ң  сыртқы кіреберісінде сырғанамайтын жабыны және шақыру тетігімен пандус, сондай-ақ кіреберісте телескопиялық пандус бар, балабақша атауы бар маңдайша, эвакуациялау сызбасы, кабинеттердің атаулары Брайль қарпімен жазылған; дәретхана бөлмесі жабдықталған.

2023 жылы"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

 

Атауы

Мемлекеттік қызмет көрсету саны

Қызмет көрсетілді

1.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау

1

178

 

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 13.02.2023 12:16
Құрылған күні: 23.02.2023 16:58

Текст