2018 – 2020 жылдарға арналған
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ
2018ж.«22 » қаңтарда еңбек ұжымының жалпы жиналысында қабылданды.
Ұжымдық шарт Ақмола облысының еңбек бойынша инспекция Басқармасымен мониторингке қабылданды
2018 ж. «_____» ____________ тіркеу № _____
Мазмұндама 1 бөлім. Жалпы ережелер 4 бөлім. Қызметкерлерді босату және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. 5 бөлім. Жұмыс уақыты мен тынығу уақыты. 9 бөлім. Жастар саясаты. 10 бөлім. Кәсіподақ қызметінің кепілдемелері. 12 бөлім. Білім беру ұйымдарын басқару, әлеуметтік серіктестік тиімділігін арттыру. 13 бөлім. Кәсіподақ шартын орындалуына бақылау жасау. Тараптардың жауапкершілігі.
1. Ішкі еңбек тәртібінің ережелері. 2. Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиялары туралы ереже. 3. Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу және жұмыс берушінің актілерін қабылдау кезінде сайланбалы кәсіподақ органдарының дәлелді пікірі мен келісімін есепке алу тәртібі. 4. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты және демалыс уақыты тәртібі туралы Ереже. 5. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы. 6. Үстемеақыға, зиянды, ауыр, қауіпті жағдайларда жұмысы үшін жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және ҚР ЕК 89 бабының 3 тармағына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына құқығы бар жұмыскерлердің тізімі. 7. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне сыйлықақы төлеу, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу ережесі. 8. Толық материалдық жауапкершілік туралы шарт. 9. Өндірістік кеңес туралы ереже. 10. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі техникалық инспектор туралы ереже. 11. Еңбекті қорғау жөніндегі келісім.
1 бөлім Жалпы ережелер
1.1. Осы ұжымдық шарт Целиноград ауданы білімі бөлімінің «Жұлдыз» балабақшасы МҚКК атынан Баранова Ольга Анатольевна (әрі қарай-Жұмыс беруші) және балабақшаның бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті (әрі қарай-КК) атынан төрайымы Жумагалиева Жанагүл Атшабаровна арасында жасалды және еңбек ұжымында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады. 1.2. Ұжымдық шарт ҚР Еңбек кодексіне (әрі қарай-ҚР ЕК), басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, білім беру ұйымдарындағы қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау жөнінде қызметкерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттерін анықтау және қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіптік кепілдіктер, жеңілдіктер мен басымдылықтарды анықтау мақсатында, сондай-ақ белгіленген заңдармен, өзге нормативтік құқықтық актілермен, әлеуметтік серіктестік туралы Бас, келісім, аумақтық тарифтік келісім, аймақтық келісімдермен салыстырғанда еңбектің анағұрлым қолайлы жағдайларын туғызу жөнінде жасалды. 1.3. Ұжымдық шарттың тараптары: - Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелері болып табылатын ұйым қызметкерлері атынан өкілі- кәсіподақ комитеті; - білім беру ұйымы, әрі қарай – Жұмыс беруші атынан меңгеруші. 1.4. Кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын қызметкерлер өздерінің жазбаша өтініштері арқылы КК-нен жұмыс берушімен өзара қарым-қатынастарындағы олардың мүдделерін білдіру жөнінде сұрауға, сондай-ақ осы ұжымдық шартқа қосылуға құқылы. Кәсіподақ комитеті қызметкерлердің мүдделерін білдіреді және ұжымдық шарт ережелерінің іс-әрекетін кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын тұлғаларға, егер олар кәсіподақ ұйымына жалақыларынан 1 (бір) % кәсіподақ ұйымының шотына ай сайын аударатын жағдайда ғана таратады. 1.5. Осы ұжымдық шарттың іс-әрекеті кәсіподақ мүшелері болып табылатын және оған қосылған қызметкерлерге таралады. 1.6. Тараптар ұжымдық шарттың мәтіні оған қол қойғаннан кейін 15 күн ішінде білім беру басшылығымен қызметкерлерге таныстырылады деп келісті. КК қызметкерлерге ұжымдық шарттың ережелерін түсіндіруге, оны іске асыруға жәрдемдесуге міндеттенеді. 1.7. Ұжымдық шарт өзінің іс-әрекетін білім беру ұйымы қайта құрылған (қосылған, біріккен, бөлінген, қайта құрылған) кезде сақтайды. 1.8. Білім беру ұйымының меншік нысаны ауысқан кезде, ұжымдық шарттың іс-әрекеті үш ай бойы сақталады. Меншік иесі құқығы ауысудың үш айлық мерзімі ағымында КК-ті мен жаңа меншік иесі қазіргі ұжымдық шартты сақтауға немесе жаңадан жасау туралы келіссөз бастауға құқылы. 1.9. Білім беру ұйымы таратылған кезде ұжымдық шарт өзінің іс-әрекетін осы ұйымның барлық қызметкерлерімен еңбек қатынастары тоқтатылған сәтке дейін сақтайды. 1.10. Ұжымдық шарт қолданыста болған мерзімінде тараптар өзара келісімдері бойынша және ұжымдық шартты жасауға белгіленген тәртіппен оған өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқылы. 1.11. Ұжымдық шарт қолданыста болған мерзімінде тараптардың ешқайсысының өздеріне қабылданған міндеттемелерді біржақты тәртіпте тоқтатуға құқығы жоқ. 1.12. Осы шарттың міндеттемелерін қайта қарастыру білім беру ұйымдағы қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының деңгейін төмендетуі мүмкін емес. 1.13. Осы ұжымдық шарттың ережелерін түсіндіру және іске асыру бойынша барлық даулы мәселелер тараптардың тиісті уәкілетті органдарының шешімімен тепе-теңдік негізінде әр тараптан үш адамнан құрылатын комиссиямен шешіледі . Көрсетілген комиссиямен мәселені шешуге мүмкін болмаған жағдайда, кез келген тарап аудандық (облыстық) салалық екі жақты әлеуметтік әріптестік комиссиясына өтініш бастамашылық етеді. Егер тараптар пайда болған дау бойынша өзара қолайлы шешім таппаса, онда ұжымдық еңбек дауының шешілуі үшін қолданыстағы құқық белгілеген тәртіппен шешілуі мүмкін. Бұл жағдайда келіспеген тарап туындаған даудың шешуіне сотқа жүгінуге құқықтан айырылмайды. 1.14. Осы ұжымдық шарт тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді. 1.15. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек құқығына сәйкес жеке еңбек дауларын шешу бойынша міндетті түрде келісу комиссиясын құруды белгледі.Комиссия құрамы тепе-тең негізінде әрбір тараптан үш өкілден құрылады. Білім беру ұйымдары мен қызметкерлер арасындағы пайда болған барлық санаттағы жеке еңбек даулары ҚР Еңбек Кодексімен белгіленген тәртіппен еңбек даулары тараптын өтініші бойынша келісу комиссиямен қарастырылады. Келісу комиссиясы осы ұжымдық шартқа қосымша болып табылатын Ережеге сәйкес әрекет етеді. ( № 2 қосымша). 1.16. Қызметкерлер өкілдерінің себепті пікірлерін ескере отырып, тараптар жұмыс берушінің төмендегі актілері қабылдануы туралы келісті: 1) ішкі еңбек тәртібінің ережелері; 2) ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі; 3) жұмыс кестесі; 4) еңбек демалысының кестесі; 5) педагог қызметкерлердің оқу жүктемесі; 6) педагог қызметкерлерге бар біліктілік санаттарын төмендету мақсатында кезектен тыс аттестаттауды белгілеу туралы шешімдер; 7) еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық; 8) еңбек жағдайының өзгеруі туралы бұйрықтар; 9) жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарттарын бұзу туралы бұйрықтар; 10)мереке және демалыс күндерін жұмыс күні ретінде жариялау туралы бұйрықтар; 11) штаттық кестені қысқарту және өзгерту туралы бұйрықтар;
13) сыйлықақы беру, қосымша ақылар белгілеу және материалдық көмек туралы бұйрықтар; 14) толық емес жұмыс уақытының режимін енгізу туралы бұйрықтар; 15) күнделікті жұмысты бөлімдерге бөлу туралы бұйрықтар; 16) жұмыс уақытының жинақталған есебін қолдану туралы бұйрықтар; 17) жұмыскерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауаптылық туралы шарт жасалуы мүмкін жұмыскерлер атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тізбесін бекіту туралы жұмыс берушінің актісі, сондай-ақ толық материалдық жауаптылық туралы үлгілік шарт. 1.17. Кәсіподақ комитетінің келісімі мен дәлелді пікірі осы ұжымдық шарттың тараптарымен келісілген тәртіппен сұраныс етіп шығарылады. (№ 3 қосымша). 1.18. Ішкі еңбек тәртібі ережелерінің мәтіні жұмыс берушінің актісімен бекіту үшін тараптармен келісілді. (№1 қосымша).
2 бөлім Еңбек шарты. Еңбек шартын жасау және бұзу кезінде қызметкерлердің кепілдіктері.
2.1. Еңбек шартының мазмұны, оны жасау, өзгерту және бұзу тәртібі ҚР Еңбек кодексіне, басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге, білім беру ұйымының жарғысына сәйкес анықталады. Еңбек шартының жағдайлары қолданыстағы еңбек заңнамасымен, сонымен қатар Бас, салалық тарифтік, өңірлік келісімдермен, осы ұжымдық шартпен салыстырғанда, қызметкердің жағдайын нашарлатуы мүмкін емес. 2.2. Еңбек шарты қызметкермен жазбаша нысанда екі данада жасалады, олардың әрқайсысына жұмыс беруші мен қызметкер қол қояды. Еңбек шарты еңбек шарттарын есепке алу кітабында тіркеледі. Тараптармен қол қойылған және білім беру ұйымының мөрімен бекітілген шарттың бір данасы қызметкер қолына беріледі. Шарттың бір данасын қолына алғаны туралы дерек еңбек шарттарын есепке алу кітабында қызметкердің қол қоюымен расталады. Еңбек шарты жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарудың негізі болып келеді. 2.3. Тұрақты жұмысқа орналасқан қызметкермен еңбек шарты белгіленбеген мерзімге немесе бір жылдан кем емес мерзімге жасалуы мүмкін. Осы ереже қоса атқаратын жұмыс жағдайларында еңбек шарты жасалатын қызметкерлерге таралады. Бір жылдан кем мерзімге еңбек шарты белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына, уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына, маусымдық жұмысты орындау уақытына ғана жасалуы мүмкін. Еңбек шартының мерзімі өткен кезде тараптар оны белгіленбеген немесе бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге ұзартуға құқылы. Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда тараптардың ешқайсысы соңғы жұмыс күні (ауысым) ішінде еңбек қатынастарын тоқтату туралы жазбаша хабардар етпесе, ҚР Еңбек Кодекстің 51-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол бұрын жасалған дәл сол мерзімге ұзартылған деп есептеледі, егер жүкті әйел бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі және одан көп апта жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынса, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баласы бар, бала асырап алған және бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа өз құқығын пайдалануға ниет білдірген жұмыскер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру жағдайынан басқа, еңбек шартының мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш берсе, онда жұмыс беруші еңбек шартының мерзімін бала күтімі бойынша демалыс аяқталған күнді қоса алып ұзартуға міндетті. Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімін ұзартудың саны екі реттен аспайды. Бір жылдан кем белгіленген мерзімге келесіде белгіленген мерзімге қайта жасалған еңбек шарты зейнетақы жасына жеткен тұлғалармен бірнеше рет жасалуы мүмкін. 2.4. Еңбек шартында ҚР Еңбек Кодексінің 28 бабында қарастырылған еңбек шартының міндетті жағдайлары, соның ішінде оқу жүктемесінің мөлшері, жұмыс уақытының тәртібі мен ұзақтығы, жеңілдіктер мен өтемақылар көрсетілген. Еңбек шартының жағдайлары тараптардың келісімі бойынша және жазбаша түрде, ҚР Еңбек Кодексімен белгіленген тәртіппен өзгертілуі мүмкін. Білім беру ұйымының басшысы еңбек жағдайларының өзгеруі туралы қызметкерді және бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетін өзгертулерді енгізуге бір айдан кем емес уақытта жазбаша түрде ескерту тиіс. 2.5. Педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесінің (педагогикалық жұмыстың) көлемі оқу жоспарындағы сағат саны, оқу бағдарламалары, кадрмен қамтылу, ұйымдағы өзге де нақты жағдайларға сәйкес кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып белгіленеді. Педагогикалық қызметкердің оқу жүктемесінің мөлшері еңбек шартында белгіленеді және тараптармен қызметкердің жазбаша келісімі бойынша ғана өзгертілуі мүмкін. Оқу жүктемесін алдын ала бөлу жаңа оқу жылындағы топтар мен оқу жүктемесін анықтау үшін оқу жылы аяқталғанға дейін және қызметкерлер еңбек демалысына кеткенге дейін жүргізіледі. Жұмыс беруші педагогикалық қызметкерлерді кезекті демалысқа кеткенге дейін олардың жаңа оқу жылындағы оқу жүктемесімен жазбаша түрде таныстыруы тиіс. Оқу жылы басталғанда нақты оқу жүктемесі, білім беру ұйымының штаттық құрамының өзгеруіне, тәрбиеленушілерді жасақтау нәтижелеріне, оқу жоспарларының өзгеруіне байланысты, алдын ала бөлінген оқу жүктемесінің мөлшерімен сәйкес келмеуі мүмкін. 2.6. Осы мекеме негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогикалық қызметкерлер үшін жаңа оқу жылындағы оқу жүктемесін белгілегенде, оның ағымды оқу жылындағы жүктеме мөлшері мен топтарда жүргізетін ұйымдастырылған оқу қызметі сабақтастығы сақталады. Педагогикалық қызметкерлерге жаңа оқу жылының басында белгіленген оқу жүктемесі ағымдағы оқу жылында, сондай-ақ кезекті оқу жылына әкімшіліктің бастамасымен, оқу жоспарлары мен бағдарламаларға сай сағаттардың қысқарып, топ сандарының азаюынан өзге жағдайларда, төмендетіле алмайды. Педагогикалық қызметкерлерге оқу жүктемесінің мөлшері заңдылықпен нормативті түрде белгіленген артық немесе кем болып белгіленуі тек олардың жазбаша келісімімен жүргізіледі. 2.7. Осы мекемеде жұмыс істеп оқытушылық қызметті негізі жұмысынан тыс атқаратын тұлғалар, сондай-ақ өзге де білім мекемелері мен ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін оқу сағаттары, осы білім мекемесі негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогикалық қызметкерлер оқытушылық жұмыспен еңбек ақы ставкасынан кем емес мөлшерде қамтылған жағдайда ғана беріледі. 2.8. Бала күтіміне байланысты, үш жасқа толғанға дейінгі, демалыста отырған педагогикалық қызметкерлер үшін оқу жүктемесі жалпы ережелер бойынша белгіленеді және осы кезеңге жүктемені орындау өзге қызметкерлерге беріледі. 2.9. Демалыс және жұмыс емес мереке күндеріне оқу жүктемесі жоспарланбайды. 2.10. Педагогикалық қызметкердің еңбек шартындағы немесе білім беру ұйымының басшы бұйрығындағы қарастырылған оқу жүктемесін салыстырғанда оқу жылы ішінде оқу жүктемесінің артуы немесе кемуі тек қана: а) тараптардың өзара келісімі бойынша; б) жұмыс берушінің бастамасы бойынша келесі жағдайларда: - оқу жоспарлары мен бағдарламалар бойынша оқу сағаттары азайғанда, топтар саны қысқарғанда; - өндірістік қажеттілікке байланысты уақытша жұмыста жоқ қызметкерді алмастыру үшін оқу жүктемесі уақытша үлкейгенде (мұндай жағдайда жұмысшының келісімінсіз үлкейген оқу жүктемесімен жұмыс істеу ұзақтылығы күнтізбелік жыл бойында бір айдан аспауы тиіс); - жұмыс тоқтап қалып, сол уақытқа жұмысшыға сол ұйымда, олардың мамандығы мен біліктілігіне сай өзге жұмыстар жүктелсе; - еңбек дауын қарайтын органмен бұрын осы оқу жүктемесін орындаған педагогикалық қызметкерді жұмысқа қайта орналастырғанда; - бала күтіміне байланысты демалыста отырған әйелдің демалысын мерзімінен бұрын үзіп немесе осы демалыс аяқталғаннан кейін жұмысқа оралғанда жүргізіледі. 2.11. Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын елеулі өзгертуге, ережеге сай, тек жаңа оқу жылына еңбек жағдайларының ұйымдық немесе технологиялық өзгеруімен (топтардың немесе тәрбиеленушілер санының өзгеруі, оқу жоспарлары бойынша оқу сағаттарының өзгеруі, тәжірибе жүргізу, ұйым жұмысының ауысымдылығының өзгеруі, сондай-ақ білім бағдарламаларының өзгеруі және т.б.) байланысты, бірақ қызметкер жұмысының еңбек функциясы өзгерместен жалғасқан жағдайда (белгілі мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс) жол беріледі. Оқу жылы ішінде еңбек шартын елеулі өзгертуге тек ерекше, яғни тараптардың қалауынан тыс, жағдайларда ғана жол беріледі. Еңбек шарттарына елеулі өзгерістердің енгізілетіні туралы қызметкер жұмыс беруші тарапынан жазбаша түрде кемінде бір ай бұрын ескертілуі тиіс. Егер жұмысшы жұмысын жаңа жағдайда жалғастыруға келіспесе, жұмыс беруші ұйымда оның біліктілігі және денсаулық жағдайына сәйкес өзге жұмысты жазбаша түрде ұсынуға, ал ондай жұмыс болмаған жағдайда, қызмектер өз біліктілігі мен денсаулық жағдайына байланысты атқара алатын – бос тұрған төменгі лауазым немесе төмен ақылы жұмысты ұсынуға міндетті. 2.12. Жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі қызметкермен еңбек шартын жасасу кезінде осы ұжымдық шартпен, білім беру ұйымның Жарғысымен, ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен және ұйымда қолданыстағы еңбек сұрақтарымен тікелей байланысты өзге де актілермен қол қойғызып таныстыруға міндетті. 2.13. Жұмысшымен еңбек шартын тоқтату тек ҚР Еңбек Кодексімен көзделген негіздер және Қазақстан Республикасының өзге де заңдары бойынша жүргізіледі. 2.14. Білім беру ұйымының басшысы қызметкерлердің дербес деректерін сақтау тәртібін белгілейтін бұйрықтарды шығару бойынша міндеттемені өзіне қабылдайды. Жұмыс беруші қызметкердің дербес деректерін беру кезінде мынадай талаптарды қадағалауға: 1) қызметкердің дербес деректерін қызметкердің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға хабарламауға; 2) қызметкердің дербес деректеріне қол жеткізуге арнайы уәкілеттік берілген адамдарға ғана рұқсат етуге міндетті. Бұл кезде аталған тұлғалар қызметкердің тек нақты функцияларды орындауға қажет дербес деректерін алуға құқығы болуы және құпиялылық тәртіпті сақтауға тиіс; 3) қызметкер таныстырылған жұмыс берушінің актісіне сәйкес қызметкердің дербес деректерін ұйымның ішінде таратуды жүзеге асыруға міндеттеледі. 2.15. Жұмыс берушінің қызметкерден еңбек шартында қарастырылмаған жұмысты орындауды талап етуге құқығы жоқ, еңбек шартының жағдайлары қолданыстағы еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлата алмайды. 2.16. Жоғары біліктілік санаты бар педагог қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде сынақ белгіленбейді. 2.17. Еңбек шартының жағдайларын өзгерту қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартының ажырамас бөлшегі болып табылатын еңбек шартына қосымша келісімдерді жасау жолымен ресімделеді. 2.18. Жұмыс берушінің бастамасы арқылы жұмыскермен-кәсіподақ комитетінің мүшесімен еңбек шартын бұзу, бастауыш кәсіподақ ұйымның кәсіподақ комитетінің алдын-ала дәлелді пікірін ескере отырып қана мүмкін. 2.19. Аттестаттау нәтижесі бойынша жеткіліксіз біліктілік салдарынан атқаратын лауазымына сәйкес келмеуін мойындаған жағдайда, қызметкерді жұмыстан шығару туралы шешім қабылдау кезінде қызметкердің жазбаша келісімімен оның денсаулық жағдайын ескере отырып, жұмыс берушідегі ол орындай алатын басқа жұмысқа (қызметкердің біліктілігіне сәйкес келетін бос лауазым немесе жұмыс сияқты, бос тұрған төмен лауазым немесе ақысы төмен бос жұмыс) ауыстыру туралы шара қабылданады. 2.20. Жұмыс беруші қызметкерге жұмыс берушінің алдағы уақытта басқа жерге көшуі туралы екі ай бұрын кешіктірмей жазбаша хабарлауы тиіс. 2.21. Жұмыс беруші қызметкердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына немесе өндіріске қатысы жоқ денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты, медициналық қорытынды негізінде еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенше немесе мүгедектік белгіленгенге дейін, не кәсіби еңбекке жарамдылығынан айрылуы белгіленгенше, оны анағұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруға немесе негізгі лауазымы бойынша жалақысын сақтай отырып жұмыстан босатуға міндетті. 2.22. Жұмыс беруші қызметкерді қайта ұйымдастырумен немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайының өзгеруіне және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге байланысты болған еңбек жағдайларының өзгеруі туралы, оның тиісті мамандығы немесе кәсібіне, біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде бір айдан кешіктірмей жазбаша ескертуге міндетті. 2.23. Еңбек шартын ҚР ЕК 52-бабының 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша (ұйымды тарату, штатты немесе қызметкерлер санын қысқарту) бұзған кезде, жұмыс беруші қызметкерді еңбек шартын бұзу туралы кемінде бір ай бұрын жазбаша ескертуі тиіс. Ескерту мерзімі аяқталғанға дейін қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек шартын бұзу мүмкін. 2.24. Еңбек шартын ҚР ЕК 52-бабының 1-тармағы 4) тармақшасымен көзделген негіздеме бойынша бұзу, құрамында қызметкерлердің өкілі қатысатын аттестаттау комиссиясының шешіміне негізделуі тиіс. Қызметкерлерді аттестациядан өткізу тәртібі, шарттары мен мерзімділігі білім саласындағы өкілетті мемлекеттік органмен анықталады. 2.25. «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толған қызметкермен еңбек шартын бұзуға оған лауазымдық айлық мөлшерінде өтемақы төлеп, еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай бұрын ескертіп, ҚР ЕК 52-бабының 1-тармағы 24) тармақшасымен көзделген негіздеме бойынша (зейнеткерлік жасқа жету) жол беріледі.
3 бөлім Қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру
3. Тараптар мынадай келісімге келді: 3.1. Жұмыс беруші білім беру ұйымдарының қажеттілігі үшін кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау қажеттігін анықтайды. 3.2. Жұмыс беруші КК-мен келісім бойынша қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру нысандарын, қажетті кәсіптер мен мамандықтар тізімін, әрбір күнтізбе жылына білім алушылар санын анықтайды. 3.3. Жұмыс беруші: 3.3.1. Қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыруға; 3.3.2. Мүмкіндігінше, бюджет қаражаты есебінен білім беру ұйымының педагог және медицина қызметкерлерінің кемінде бес жылда бір рет біліктіліктерін арттыруға; 3.3.3. Қызметкерлердің босатылу және бір мезгілде жұмыс орындарын құру жағдайында, босатылған қызметкерлерді жаңа жұмыс орындарына орналастыру үшін оза оқытуды жүзеге асыруға; 3.3.4. Қызметкерді біліктілігін арттыру үшін оқуға жіберу кезінде, оның жұмыс орнын (лауазымын), жұмыс орны бойынша жалақысын сақтауға; 3.3.5. Аттестаттау ережелеріне сәйкес педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыруға және оның нәтижелері бойынша алынған біліктілік санаттарына сәйкес қызметкерлерге жаңа оқу жылының басталуымен айлықтар (ставкалар) белгілеуге міндетті. Білім ұйымының педагог емес қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу осы мәселе бойынша нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады. Медицина қызметкерлерін аттестаттау денсаулық сақтау қызметкерлері үшін заңнамамен көзделген тәртіпте жүргізіледі. 3.4. Жұмыс беруші орта біліктілік деңгейі бар педагог қызметкерлерге оларды біліктілікті арттыру тәртібінде, атқаратын лауазымына сәйкес мамандық бойынша жоғары оқу орындарында оқыту шартымен, оқу демалыстарының ақысын төлеу жөнінде міндеттемені өзіне алады. 3.5. Педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламалары бойынша кәсіби даярлық, біліктіліктерін арттыру немесе қосымша кәсіби білім бағдарламалары бойынша кәсіби білім алуға және басқа кәсіп алуға ниеттенген қызметкерге жәрдемдесу. 4 бөлім Қызметкерлерді босату және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. 4. Жұмыс беруші: 4.1.Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетіне қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруы туралы және қызметкерлермен мүмкін болатын еңбек шарттарын бұзу туралы тиісті шаралар жүргізілгенге дейін жазбаша түрде кемінде бір ай бұрын, қызметкерлерді бұқаралық жұмыстан босату кезінде – екі айдан кешіктірмей хабарлауға міндетті. Бір айдың ішінде 10 және одан да көп қызметкерлердің жұмыстан босатылуы бұқаралық болып табылады. 4.2. ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағы 1) және 2) тармақшасы бойынша (штатты немесе штат санын қысқарту, ұйымды тарату) жұмыстан шығару туралы ескерту алған қызметкерлерге, жалақысын сақтай отырып, жаңа жұмысты өзі іздеу үшін аптасына кемінде бес сағат жұмыстан бос уақыт беріледі. 4.3. Тараптар: 4.3.1. Штатты қысқарту кезінде жұмыста қалдыруға анағұрлым жоғары еңбек өнімділігі мен біліктілігі бар қызметкерлердің басымды құқықтарын қамтамасыз етуге келісті. Жұмыста қалдыруға басымды құқыққа ие қызметкерлер: - зейнеталды жасындағылар (зейнетке дейін 3 жылы бар); - ұйымда 10 жылдан астам жұмыс жасағандар; - 16 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар; - 16 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкелер; - 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар ата-аналар; - педагогикалық қызметке байланысты мемлекеттік және (немесе) ведомстволық наградамен марапатталғандар; - жоғары немесе кәсіби білім беру ұйымын бітіргеннен кейін тікелей еңбек қызметіне кіріскен және 1 жылдан аз еңбек өтілі бар педагог қызметкерлер. 4.3.2. Жұмыстан босатылатын қызметкерлерге штаттың немесе штат санының қысқаруы кезінде қолданыстағы заңнамамен көзделген кепілдіктер мен өтемақылар, сондай-ақ бос жұмыс орны болған кезде жұмысқа қабылдаудың басымды құқығы беріледі. 4.3.3. Ұйымда жаңа жұмыс орны, соның ішінде және белгілі мерзімге пайда болған кезде, жұмыс беруші бұрын ұйымнан қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан шығарылған, онда адал еңбек атқарған қызметкерлердің жұмысқа қабылдануға басымдылығын қамтамасыз етеді. 4.3.4. Жұмыс орындарын (лауазымдарын) қысқарту қажеттілігі кезінде, ең алдымен төменде көрсетілген тәртіпте мынадай шаралар қабылданады: - бос жұмыс орындарын тарату, лауазымдарды қоса атқарып жүргендерді жұмыстан шығару; - әкімшілік-басқару персоналының санын қысқарту; - кәсіптер мен лауазымдарды қоса атқаруды шектеу (тыйым салу); - босатылатын қызметкерлерді олардың біліктіліктеріне сәйкес келетін бос жұмыс орындарына ішкі аударымдарды жүргізу.
5 бөлім Жұмыс уақыты және тынығу уақыты 5. Тараптар төмендегі жағдайлар туралы келісімге келді: 5.1. Ұйым қызметкерлерінің жұмыс уақыты, КК дәлелді пікірін ескеріп жұмыс берушімен бекітілген жұмыс уақытының режимі туралы Ережемен (№4 қосымша), оқу кестесімен, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен, ауысым кестесімен, сондай-ақ еңбек шартының жағдайларымен, қызметкерлердің лауазымдық нұсқауларымен және оларға ұйымның Жарғысымен жүктелген міндеттемелермен анықталады. 5.2. Білім ұйымының басқарушы қызметкерлері, әкімшілік-шаруашылық, оқу-көмекші және қызмет көрсету персоналының қатарындағы қызметкерлерге аптасына 40 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленеді. 5.3. Білім ұйымының педагог қызметкерлері үшін, басшыларды қоспағанда, жалақының мөлшерлеме аптасына кемінде 24 сағат жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. Педагог қызметкерлердің жұмыс уақытының нақты ұзақтығы жалақының ставкасына, оқу жүктемесінің көлемдеріне, ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен және Жарғымен оларға жүктелген қосымша міндеттерді орындауға белгіленген педагогикалық жұмыс сағаттарының нормаларын ескеріп белгіленеді. 5.4. Толық емес жұмыс уақыты – толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы : - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша; - жүкті әйелдің, 14 жасқа дейінгі баласы бар (18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар) ата-ананың біреуінің (қамқоршының, тәрбиешінің, заңды өкілдің), сондай-ақ медициналық ұйғарымға сәйкес отбасының науқас мүшесінің күтімін жүзеге асырып отырған тұлғаның өтініші бойынша белгіленеді. Толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс қызметкер үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын қандай да бір шектеуге әкеп соқтырмайды. 5.5. Сабақ кестесін құру, сабақтар арасында үзіліс жібермей, педагогикалық қызметкердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануды ескере отырып жүзеге асырылады. 5.6. Сабақ өткізуден, кезекшіліктен, білім беруді ұйымдастырудың жоспарымен көзделген сабақтан тыс шараларға (педагогикалық кеңес мәжілістері, ата-аналар жиналысы және т.б.) қатысудан бос сағаттарын педагогикалық қызметкер өз қалауынша пайдалануға құқылы. 5.7. Демалыс және мереке күндері сәйкес келгенде демалыс күні мерекелік күннен кейінгі жұмыс күніне ауыстырылады. 5.8. Демалыс және мереке күндеріне жұмыс жоспарланбайды. 5.9. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа қызметкердің жазбаша келісімі немесе оның өтініші бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті пікірін ескеріп қабылданған жұмыс берушінің актісі негізінде жол беріледі. Ауысым кестесі бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді ҚР Еңбек кодексінің 84-бабы 5-тармағымен көзделген мереке күндері, сондай-ақ демалыс күндері (Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество) жұмысқа тарту үшін қызметкерлердің жазбаша келісімі мен жұмыс берушінің актісін шығару талап етілмейді. 5.10. Лауазымдық міндеттермен көзделмеген жұмысты орындауға тарту тек қызметкердің келісімімен және қосымша ақы төлеумен жүргізіледі. 5.11. Төмендегідей жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі: 1) ел қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік апатты болдырмау, не олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстар жүргізу кезінде; 2) сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін бұзатын өзге де мән-жайларды жою үшін; 3) егер үзіліс жасауға болмайтын жұмыста ауыстыратын қызметкер келмей қалғанда, басқа қызметкермен ауыстыру шарасын дереу қолдана отырып, жұмысты жалғастыру үшін; 4) денсаулығынан айрылу қауіпі немесе апат төніп тұрған азаматтарға шұғыл және жедел көмек көрсету үшін. 5.12. Үстеме жұмыстарға: 3) мүгедектер жіберілмейді. 5.13. Үстеме жұмыстар әрбір қызметкер үшін тәулік ішінде - екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс.Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағ аттан аспауға тиіс. 5.14. Ұйым қызметкерлерін еңбек шартымен, лауазымдық міндеттермен көзделмеген жұмыстарды орындауға тартуға тек қызметкердің келісімімен Жұмыс берушінің өкімі бойынша және ҚР қолданыстағы заңнамасымен көзделген тәртіпте қосымша ақы төлеу арқылы жол беріледі. 5.15. Ақылы еңбек демалыстарын беру кезегі, жыл сайын күнтізбелік жыл басталғаннан бастап он күннен кешіктірілмей, бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің пікірін ескеріп ұйым басшысымен бекітілген еңбек демалыстарының кестесіне сәйкес анықталады. Еңбек демалысының басталу уақыты туралы қызметкер, оның басталуына дейін кемінде екі ай бұрын хабарлануы тиіс. Еңбек демалыстарының кестесіне өзгерістер енгізілген жағдайда, қызметкер бұл туралы еңбек демалысы басталғанға дейін кемінде екі апта бұрын хабарлануы тиіс. Жазда немесе өздеріне ыңғайлы кез-келген уақытта жыл сайынғы еңбек демалысына басымды құқықтары бар қызметкерлер: а) кәмелетке толмаған баланы (18 жасқа дейінгі) жалғыз бағып отырған ата-аналар (қамқоршылар, тәрбиешілер); б) үш және одан да көп балалары бар әйелдер; в) еңбектен зақымданған қызметкерлер; г) емделуге жолдамасы бар кез-келген қызметкерлер. Ұзарту, ауыстыру, бөлу және одан шақырту қызметкердің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады. 5.16. Жұмыс беруші мыналарға міндетті: 5.16.1. Қызметкерлерге тиісті ұзақтықтағы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге (№ 5 қосымша); 5.16.2. Зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлерге жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысы және ҚР ЕК 89 бабының 3 тармағына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын беруге (№ 6 қосымша); 5.16.3. Қызметкерлерге олардың жазбаша өтініші бойынша мына жағдайларда: - отбасында бала туылғанда – 5 күнге дейін; - жаңа мекенжайға көшуіне байланысты – 7 күнге дейін; - балаларын әскер қатарына шығарып салу үшін – 5 күнге дейін; - әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттан, зақымданудан немесе мертігуден не болмаса әскери қызметтен өтумен байланысты аурудың салдарынан қаза тапқан немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, әйелдеріне, күйеулеріне – 15 күнге дейін; - бастауыш кәсіподақ ұйымының босатылмаған төрағасына – 3 күнге дейін ақысыз демалыс беруге. 5.16.4. Қызметкерлерге келесі жағдайларда: қызметкердің некесінің тіркелуіне байланысты (қызметкер балаларының), жақын туыстарының өлімі (әкесі, шешесі, ұлы, қызы, ағасы, апасы) олардың өтініші бойынша тиісті құжаттар негізінде 3 күнге дейін ақылы еңбек демалысы беріледі. 5.16.5. Бес күндік жұмыс аптасы белгіленсін. Жалпы демалыс күндері сенбі және жексенбі болып табылады. 5.16.6. Жұмыс беруші педагогикалық қызметкерлерге білім алушылармен бірге жұмыс уақытында, сондай-ақ сабақтар арасындағы үзілістер ішінде тынығуға және тамақтануға мүмкіндік береді. Басқа қызметкерлер үшін тынығуға және тамақтануға арналған уақыт ішкі еңбек тәртібінің Ережелерімен белгіленеді және ұзақтығы жарты сағаттан кем болмауы тиіс. 5.16.7. Тараптар жұмыс уақытының жинақталған есебі күзетшілер үшін енгізіледі деп келісті. Жұмыс уақытының жинақталған есебіне ауыстыру, кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескеріп білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі. Мұндай жағдайларда есептеу мерзімі тоқсан болып саналады, сонымен қатар кемінде 12 сағаттық ауысымаралық демалыс беруді ескере отырып, ауысым ұзақтылығы кез келген бола алады. 6 бөлім Еңбекке ақы төлеу және еңбекті нормалау 6.1. Тараптар білім ұйымы қызметкерлерінің еңбектеріне ақы төлеуді «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысы негізінде жүзеге асырады. 6.2. Білім беру ұйымдарының педагог, медицина қызметкерлерінің еңбектеріне ақы төлеу экономиканың тиісті салалары қызметкерлерінің ұқсас санаты үшін белгіленген еңбекке ақы төлеу жағдайларына сәйкес, ал жұмысшылар қатарындағы қызметкерлерге – қызметкерлердің осы санаты үшін қарастырылған разряд бойынша жүзеге асырылады. 6.3. Қызметкерлерге жалақы жұмысты орындағаны үшін ай сайын ақшалай түрде төленеді. Жалақы қызметкерлерге келесі айдың 10-нан кешіктірілмей төленуі тиіс. 6.4. Жалақы еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес есептеледі және оған: - лауазымдық айлық (тарифтік мөлшерлеме); - мемлекеттік бюджет қаражатының есебіндегі ұйымдардың қызметкерлеріне, азаматтық қызметшілерге, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін көтерме, үстеме ақылар мен қосымша ақылар; - ұйымның жергілікті нормативтік актілерімен, қолданыстағы заңнамамен көзделген басқа да төлемдер қосылады. 6.5. Жұмыс беруші өзіне БЛА-тан (базалық лауазымдық айлықтан) төмендегідей мөлшерде еңбек жағдайы үшін қызметкерлерге қосымша және үстеме ақылар тағайындауға және төлеуге міндеттеме қабылдайды: 6.5.1. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағының кеңеюі) үшін қосымша ақы: - тәрбиешілер топтағы екінші тәрбиеші болмаған жағдайда-0,5 мөлшерлеме - еңбекке жарамсыздық уақытына- 30 %; - еңбек демалысына кеткен уақытына - 50 %; 6.5.2. Ауыр (аса ауыр) жұмыстарда және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстарда істейтін қызметкерлерге қосымша ақы: - дезинфекциялаушы заттарды қолданатын қызметкерлер мен жұмысшыларға (тәрбиешінің көмекшілері, медицина қызметкерлері, кір жуатын машина операторлары) - 30 %; - дезинфекциялаушы заттарды қолданатын кір жуатын машина операторларына – 20%; - дезинфекциялаушы заттарды қолданатын өндірістік және қызметтік бөлмелерді жинайтын еден жуушыларға - 20 %; - дезинфекциялаушы заттарды қолданып дәретханалар жинайтын өндірістік және қызметтік бөлмелерді жинайтын еден жуушыларға – 30%; -ыстық цехта жұмыс істейтін аспазшыларға – 30%. 6.6. Ауыр (аса ауыр) жұмыстарда және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстарда істейтін, қосымша ақы алуға құқылы қызметкерлер тізімі тараптармен анықталды және осы ұжымдық шарттың №6 Қосымшасында көрсетілген. 6.7. Тараптар, ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 31-желтоқсанындағы № 1193 қаулысымен белгіленген төмендегі көтерме, қосымша және үстеме ақылардың сомасы, педагог қызметкерлердің нақты оқу жүктемесіне пропорционалды төленеді деп келісті: - ауылдық жерде жұмыс жасайтын білім беру ұйымдарының мамандарына ауылдық жердегі жұмысы үшін-25% 6.8. Штаттық лауазымсыз (қосымша білім беру педагогтары) педагогикалық жұмысты атқаратын педагог қызметкерлерге жаңа оқу жылының басында тарифтеу тізімі жасалады және бекітіледі. Тарифтеу тізімдері білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен, оларға бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің өкілін міндетті түрде қосып құрылған тарифтеу комиссияларымен дайындалады. 6.9. Жұмыс беруші қызметкерге жалақы, еңбек демалысының ақысын, жұмыстан шығару кезіндегі төлемдер мен соның ішінде жұмыс тоқтаған жағдайда оған тиесілі басқа да төлемдердің белгіленген мерзімін бұзған кезде, бұл сомаларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып, әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін міндеттемелерді орындау күніне өсімақысымен төлейді. 6.10. Жұмыс беруші өзіне ай сайын қызметкерлерге жалақы төлеу күні, әрбір қызметкерге оған тиесілі жалақының құрамдас бөлігі туралы, ұсталынған ақшаның мөлшері мен негіздеменің, соның ішінде аударылатын міндетті зейнетақы жарналары, төленуге тиісті жалпы сома туралы жазбаша түрде хабарлауға міндеттеме қабылдайды. 6.11. Жұмыс беруші өзіне қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені қамтамасыз етуге көзделген қаражаттарды үнемдеу есебінен немесе қызметкерлердің лауазымдық айлықтарына үстеме ақылар белгілеу және материалдық көмек көрсету, сыйлықақылар төлеу ережесімен белгіленген тәртіпте, қазыналық кәсіпорындар үшін бекітілген смета бойынша материалдық көмек көрсетуге, дербес қосымша ақылар тағайындауға, қызметкерлерді сыйақымен қамтамасыз етуге міндеттеме қабылдайды. 6.12. Еңбекке ақы төлеуді өзгерту: - мамандығы бойынша жұмыс өтілі көбейген кезде - егер құжаттар ұйымда болса, тиісті өтілге жеткен күннен бастап немесе жалақы ставкасының (айлықтың) мөлшерін көбейтуге құқық беретін өтілі туралы құжатты ұсынған күннен бастап; - білім туралы құжатты қалпына келтіру немесе білім алған кезде- тиісті құжатты ұсынған күннен бастап; – біліктілік санатын алу кезінде - келесі оқу жылының басталуымен; - ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежелері берілген кезде – Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі Комитет Алқасы мен Төралқаның диплом беру туралы шешімі шығарылған күннен бастап жүзеге асырылады. 6.13. Қызметкердің жыл сайынғы немесе басқа еңбек демалысында болған мерзімінде жалақы (лауазымдық айлығының) мөлшерін және (немесе) еңбекақысын өзгертуге құқығы болған кезде, сондай-ақ оның уақытша еңбекке жарамсыздығы кезінде еңбекақының анағұрлым жоғары разрядының ставкасы мөлшеріне негізделіп жалақыны төлеу еңбек демалысы немесе уақытша еңбекке жарамсыздық демалысы аяқталған күннен бастап жүзеге асырылады. 6.14. Тараптар қызметкерлерге берілген мүліктер мен құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етпегені үшін толық жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт жасау мүмкін болатын қызметкерлермен орындалатын немесе айналысатын лауазымдар мен жұмыстар тізіміне мынадай қызметкерлер кіреді деп келісті: - меңгерушінің шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары; - мейірбике; - әдіскер; - есепші. 6.15. Осы шарттың тараптарымен жұмыс берушінің актімен бекіту үшін қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі туралы типтік шарты келісілді ( № 8 қосымша). 7 бөлім Кепілдіктер мен өтемақылар 7. Тараптар Жұмыс берушінің: 7.1. Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде, лауазымдық айлық мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлеуді қамтамасыз етуі туралы келісті. Тәрбиешілерге, қосымша білім беру педагогтарының сауықтыру жәрдемақыларының мөлшері еңбек демалысын беру күніне олардың нақты оқу жүктемесінен есептеледі. Лауазымды қоса атқару жағдайында жұмыс істейтін тұлғаларға жәрдемақы жалпы негіздемеде тағайындалып төленеді. 7.2. Қызметкерлерге ҚР заңнамасымен көзделген тәртіпте: - мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау кезінде; - медициналық тексеруге жіберу кезінде; - қызметтік іссапарларға жіберу кезінде; - донор болып табылатын қызметкерлер үшін; - жұмысынан айырылған жағдайда; - заңнамамен көзделген басқа да жағдайларда кепілдіктер мен жәрдемақыларды ұсынады. 7.3. Қызметкерді зейнетақы жасына жетуіне байланысты жұмыстан шығарған кезде бір лауазымдық айлық (тарифтік ставка) мөлшерінде жұмыстан шығару бойынша жәрдемақы төлеуді жүргізеді. 7.4. Қызметкерлерді қызметтік мақсатта білім беру ұйымдарының кітапхана қорымен тегін қамтамасыз етеді. 7.5. Азаматтық қызметшілерді және білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерін лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны үшін, жұмысты өте сапалы орындағаны үшін, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі, жұмыстағы жетістіктері үшін:
3) алғыс жариялаумен; 4) Грамотамен марапаттаумен ынталандырады.
8 бөлім Еңбекті және денсаулықты қорғау 8. Жұмыс беруші: 8.1. Қызметкерлердің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын, өндірістік жарақат пен қызметкерлердің кәсіби ауруларының пайда болуын ескертетін, еңбек қауіпсіздігінің қазіргі заманғы құралдарын енгізуді қамтамасыз етуге; 8.2. Барлық жұмысқа қабылданатын, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылған қызметкерлермен еңбекті қорғау, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жөнінде оқыту мен нұсқама жүргізуге; Оқу жылының басында қызметкерлердің еңбекті қорғау жөніндегі білімдерін тексеруді ұйымдастыруға; 8.3. Білім беру ұйымының есебінен еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік және анықтамалық материалдардың, ережелердің, нұсқаулардың, нұсқама журналдарының және басқа материалдардың болуын қамтамасыз етуге;
8.4. Жеке қорғау құралдарын, арнайы киімдер және аяқ киімдерді жұмыс берушінің есебінен сатып алуды, сақтауды, жууды, кептіруді, дезинфекциялауды, жөндеуді қамтамасыз етуге. 8.5. Қызметкердің кінәсінен болмаған еңбекті қорғау талаптарын бұзу салдарынан, еңбек заңнамасын сақтауды мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының жұмысын тоқтату кезінде, қызметкерлердің жұмыс орнын (лауазымын) және орташа жалақысын сақтауға; 8.6. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өндірістегі жазатайым оқиғаның уақытында тескерілуін және оларды тіркеуді жүргізуге; 8.7. Жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік талаптарын орындамауы салдарынан, қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі кезінде оның жұмыстан бас тарту жағдайында, қызметкерге ондай қауіпсіздікті жою уақытына басқа жұмысты ұсынуға немесе осы себептен бос тұрып қалған уақытына орташа жалақы мөлшерінде төлеуге; 8.8. Бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша әрбір жұмыс орнына еңбекті қорғау жөнінде нұсқама әзірлеуге және бекітуге; 8.9. Қызметкерлердің еңбекті қорғау жөнінде талаптарды, ережелер мен нұсқамаларды сақтауын қамтамасыз етуге; 8.10. Білім беру ұйымдарында, құрамына бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің мүшелері тепе-теңдік негізде кіретін өндірістік кеңес құруға. Өндірістік кеңестің әрекеті оның Ережесіне (№ 9 қосымша) сәйкес ұйымдастырылады. 8.11. Еңбек міндеттерін орындау кезінде асыраушысынан айырылған жағдайы бойынша келтірілген зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаларға өндірістегі жазатайым жағдайдың салдарынан қайтыс болған қызметкерлерді жерлеуге шығыстарын өтеуге; 8.12. Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен бірге еңбекті қорғау жөніндегі келісімдердің орындалуына, еңбекті қорғау және еңбек жағдайына бақылауды жүзеге асыруға; 8.13. Өндірістік кеңес мүшелеріне, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспекторларға еңбекті қорғау жағдайына бақылау жүргізуге жәрдемдесуге. Қызметкерлердің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарының бұзылуын анықтаған жағдайда, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға; 8.14. Қызметкерлердің тегін міндетті мерзімді медициналық тексеруден өтуі кезінде олардың жұмыс орындары (лауазымдарын) мен орташа жалақыларын сақтауды қамтамасыз етуге; 8.15. Ұйымның қызметкерлері үшін демалу бөлмесін жабдықтауға міндеттенеді. 8.16. Кәсіподақ: - кәсіподақ мүшелері мен басқа қызметкерлер үшін дене шынықтыру-сауықтыру шараларын ұйымдастыруға; - кәсіподақ мүшелері – қызметкерлердің балаларын, қызметкерлерді сауықтыру жөніндегі жұмысты жүргізуге міндеттенеді. 8.17. Тараптар осы ұжымдық шарттың ажырамас бөлшегі болып табылатын еңбекті қорғау жөнінде келісім жасасты. Жұмыс беруші еңбекті қорғау жөніндегі шараны орындауға жыл сайын еңбекке ақы төлеу қорынан кемінде 1% бөлуге міндеттенеді (№ 11 қосымша). 8.18. Тараптар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы Ережені (№ 10 қосымша) бекітті және аталған ережеге толық сәйкестікте өз жұмыстарын құруға міндеттенеді.
9 бөлім Жастар саясаты
9. Ұжымдық шарттың тараптары мыналарға келісті: 9.1. 35 жасқа дейінгі қызметкерлер жас қызметкерлер болып саналады. 9.2. Кәсіподақ комитеті жас педагог қызметкерлерді жұмысқа орналасу кезінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына кірудің артықшылығы туралы ақпараттандыруға міндетті. 9.3. Жұмыс беруші кәсіподақ ұйымымен бірге ұйымдағы жас қызметкерлермен жыл сайын жұмыс бағдарламасын әзірлейді және оны жүзеге асырады. 9.4. Жұмыс беруші кәсіподақ ұйымымен бірге тәлімгерлік туралы ережені бекітеді. Барлық жас қызметкерлерге олардың жұмыстары басталған күннен бастап 10 күннен және 6 айдан кешіктірмей тәлімгерлер бекітеді. 9.5. Жұмыс беруші тәлімгерлік жұмысты қолда бар құралдармен ынталандырады. 9.6. Жұмыс беруші: - жас педагог қызметкерлер арасында кәсіби шеберлік байқауларын өткізуге; - бұқаралық дене шынықтыру-спорттық шаралары мен спартакиадалар ұйымдастыруға және өткізуге; - жас педагог қызметкерлерге спортпен және өнерпаздықпен айналысудың қолжетімді, тегін болуын қамтамасыз етуге; - белсенді, тиімді қоғамдық және кәсіптік жұмысты жүргізетін ұйымның жас кәсіподақ активін жүйелі ынталандыруды жүзеге асыруға міндетті. 9.7. Жұмыс беруші жас педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етеді. 9.8. Жұмыс беруші жас қызметкерлердің жыл сайынғы медициналық тексерулерден өткізілуін жүзеге асырады. 9.9. Кәсіподақ комитетінің жастар комиссиясының өкілдері жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі өндірістік кеңес пен келісу комиссияларының жұмысына қатысады. 9.10. Бастауыш кәсіподақ ұйымы: - жұмыс істейтін жастардың әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін қорғау жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында жастар саясаты бойынша нормативтік құқықтық базаны белсенді пайдалануға; - жас педагог қызметкерлерге заңнамамен белгіленген жеңілдіктер мен қосымша кепілдіктерді қадағалауда көмек көрсетуге; - тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі түрлі бағдарламаларға қосылу үшін құжаттарды ресімдеуде жас педагог қызметкерлерге уақытында ақпарат ұсынуға және көмектесуге міндетті.
10 бөлім Кәсіподақ қызметінің кепілдіктері
10.1. Кәсіподақ ұйымының, тиісті сайланбалы кәсіподақ органдарының құқықтары мен кепілдіктері ҚР «Кәсіподақтар туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жарғысымен анықталады және кәсіподақтар бірлестігінің, жұмыс берушілер бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Бас келісімді, салалық (тарифтік) келісімді, салалық келісімді, өзге келісімдерді, осы ұжымдық шартты ескеріп іске асырылады. 10.2. Тараптар кез-келген қызметкерге қатысты оның кәсіподақтағы мүшелігіне немесе кәсіподақ қызметімен байланысты заңмен кепілденген әлеуметтік-еңбек және өзге де құқықтары мен еркіндігін шектеуге, мәжбүрлеуге, жұмыстан босатуға немесе ықпал етудің басқа да нысандарына жол берілмейді деп келісті. 10.3. Тараптар жұмыс беруші мен оның уәкілетті өкілдерінің: 10.3.1. Кәсіподақ ұйымының құқықтары мен кепілдіктерін қадағалауға, кәсіподақ қызметінің заңмен белгіленген құқықтары мен кепілдіктерін шектемей және мекемелердегі кәсіподақ ұйымын құру мен қалыптастыруға кедергі келтірмей, оның қызметіне жәрдемдесуге; 10.3.2. Сайланбалы кәсіподақ органына, қызметкерлер санына қарамастан санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін, жылумен және жарықпен, сол сайланбалы кәсіподақ органының жұмысына және қызметкерлердің жиналыс өткізуі үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген қажетті үй-жайды, сондай-ақ оргтехниканы, байланыс құралдарын (соның ішінде компьютер жабдықтарын, электрондық пошта мен интернетті) және қажетті нормативтік құжаттарды беруге; бөлінген үй-жайды күзетуді және тазалауды қамтамасыз етуге, қолданыстағы көлік құралдарын тегін беруге және сайланбалы кәсіподақ органының қызметін қамтамасыз ету үшін басқа да жағдайлар жасауға; 10.3.3. Сайланбалы кәсіподақ органдарының өкілдеріне жарғылық міндеттерді және заңнамамен көзделген құқықтарды жүзеге асыру үшін кәсіподақ мүшелері жұмыс істейтін ұйымдарға баруға кедергі келтірмеуге; 10.3.4. Кәсіподақ органдарына еңбек жағдайы, жалақы, тұрғын үй-тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының жұмысы, қызметкерлердің өмір сүру жағдайлары мен басқа да әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша сұраныстарына ақпаратты, мәліметтер мен түсіндірмелер беруге; 10.3.5. Кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлердің, сондай-ақ ұжымдық шарттың әрекеті қолданылатын кәсіподақ мүшелері емес басқа да қызметкерлердің жазбаша өтініштері, мүшелік жарналары болған кезде, ұйымның есептік шотынан кәсіподақ ұйымының есептік шотына жалақының 1% мөлшерінде қаражатты ай сайын тегін аударуды қамтамасыз етуге. Қаражаттарды аудару толық мөлшерде және жалақыны берумен қатар жүргізіледі; 10.3.6. Білім қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіптік мүдделерін қорғау жөніндегі кәсіподақ қызметі туралы қызметкерлерді кеңінен ақпараттандыру үшін салалық және жергілікті ақпараттық жүйені қолдануда кәсіподақ органдарына жәрдемдесуге міндетті екеніне назар аударады. 10.4. Тараптар кәсіподақ органдарының құрамына сайланған және негізгі жұмыстан босатылмаған қызметкерлердің кепілдіктерін мойындайды, соның ішінде: 10.4.1. Кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметкерлер өздері мүше болып табылатын сайланбалы кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз, ал бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттерінің төрағалары – жоғары кәсіподақ комитетінің алдын ала келісімінсіз тәртіптік жазаға тартыла алмайды. Аталған кәсіподақ қызметкерлері жұмыс берушінің бастамасы бойынша өздері мүше болып табылатын кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз, ал бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттерінің төрағалары – жоғары кәсіподақ комитетінің алдын ала келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстырыла алмайды; 10.4.2. Жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығару, сондай-ақ кәсіподақ органының құрамына кіретін қызметкерлердің еңбек шарттарының маңызды жағдайларын (оқу жүктемесінің немесе басқа жұмыс көлемінің қызметкердің кінәсінен емес өзгеруіне байланысты еңбекақы мөлшерінің азаюы, белгіленген қосымша және үстеме ақылардың, өзг де ынталандыру мен көтермелеу төлемдерін және т.б. алып тастау) өзгерту жұмыстан шығарудың жалпы тәртібінен басқа тек кәсіподақ органының алдын ала келісімімен, ал бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшыларын (олардың орынбасарларын) – жоғары кәсіподақ комитетінің келісімімен ғана жүргізіледі; 10.4.3. Білім ұйымдарында жұмыс берушімен бірге құрылатын кеңестер мен комиссиялардағы сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі кәсіподақтың техникалық инспекторлары, кәсіподақ ұйымының өкілдері қызметкерлер ұжымының мүддесіне және қысқа мерзімді кәсіподақ оқуы уақытында қоғамдық міндеттерді орындау үшін орташа жалақысын сақтай отырып негізгі жұмысынан босатылады. Тараптар бұл ережені бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің мүшелері болып табылатын білім беру ұйымының қызметкерлеріне– жылына 10 жұмыс күнінен артық болмайтын мерзімде, сондай-ақ екіжақты комиссияның, ұжымдық шарттар жасау жөнінде ұжымдық келіссөздер жүргізу комиссиясының мүшелері болып табылатын қызметкерлерге –7 жұмыс күнінен артық болмайтын мерзімде таратуға келісті. 10.5. Білім ұйымдарындағы негізгі жұмысынан босатылмаған сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері съездердің, конференциялардың, пленумдардың, төралқалардың, жиналыстардың, семинарлардың жұмысына және Кәсіподақпен шақырылатын басқа шараларға қатысу уақытына, форумдардың жұмысына қатысу үшін қажетті уақытқа босатылады. 10.6. Тараптар кәсіподақ органдарының құрамына сайланған босатылған қызметкерлердің кепілдіктерін мойындайды: 10.6.1. Кәсіподақ органдарының сайланбалы лауазымдарына сайланған қызметкерлерге олардың сайлау өкілеттіктерінің мерзімі аяқталғаннан кейін бұрынғы жұмысы (лауазымы), ал ол болмаған жағдайда – қызметкердің келісімімен сол немесе басқа білім ұйымында басқа бірдей жұмыс (лауазым) беріледі. 10.6.2. Босатылған кәсіподақ қызметкерлері мен кәсіподақ органының штаттық қызметкерлерінің ұжымдық шартқа, барлық деңгейдегі Келісімдерге сәйкес білім ұйымдарының қолданысындағы әлеуметтік-еңбек құқықтары, кепілдіктері мен жеңілдіктері сақталады. 10.6.3. Сайланбалы кәсіподақ органының құрамындағы өкілеттік мерзімі аяқталғанда және аттестация нәтижесі бойынша (өкілеттікті орындау мерзімінде немесе ол аяқталғаннан кейін алты ай ішінде) берілген біліктілік санатының қолдану мерзімі өткесін, қызметкерлерге олардың өтініштері бойынша аттестациядан өткенге дейін, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге біліктілік санатының мерзімі ұзартылады. 10.7. Кәсіподақ ұйымы төрағасының сайланбалы лауазымындағы және сайланбалы кәсіподақ органының құрамындағы жұмыс білім ұйымының қызметі үшін маңызды болып танылады және қызметкерлерді ынталандыру, оларды аттестаттау, басқарушы лауазымдарды ауыстыруға конкурстық іріктеу кезінде ескеріледі. 10.8. Кәсіподақ органының құрамына сайланған тұлғаларды жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға, ұйымның толық таратылуы немесе қызметкер заңмен жұмыстан шығаруды көздеген кінәлі әрекет жасаған жағдайды қоспағанда, сайлау өкілеттігі аяқталғаннан кейін екі жыл ішінде жол берілмейді. Мұндай жағдайларда жұмыстан шығару тиісті кәсіподақ органының келісімімен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. 10.9. Тараптар сайланбалы кәсіподақ қызметкерлеріне құрмет атақтарын беру және ведомстволық үздік белгісімен марапаттау туралы шешімді бірге қабылдай алады. 10.10. Жұмыс беруші кәсіподақ ұйымдары мен олардың органдарының тәжірибелік қызметіне өз жарғылық міндеттерін жүзеге асыруды қиындататын жұмыс беруші өкілдерінің араласуына жол бермеу жөнінде қажетті шараларды қабылдайды. 10.11. Жұмыс беруші Кәсіподаққа еңбек заңнамасын орындауда қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтірмейді. Кәсіподақ өз мамандарының күшімен күнтізбелік жылда кемінде екі рет еңбек заңнамасын қадағалау жөнінде жоспарлық тексерулер жүргізуге құқылы. Аталған шектеу қызметкерлердің арыздары мен шағымдары бойынша тексерулерге, өзге де жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қолданылмайды. Тексерулер нәтижелері бойынша Кәсіподақ білім ұйымдарының басшыларына қызметкерлердің анықталған бұзушылықтарын жою және бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөнінде тиісті актілер мен ұсыныстар жібереді. Тексеруді жүргізу тәртібі, тексерулер нысаны мен түрлері кәсіподақтың тиісті актісімен анықталады. 10.12. Кәсіподақ комитетінің мүшелері білім ұйымының тарифтеу, педагог қызметкерлерді аттестаттау, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру, жұмыс орындарын аттестаттау, еңбекті қорғау, әлеуметтік сақтандыру және басқа да комиссиялардың құрамына кіреді.
Кәсіподақтың міндеттемелері
11. Кәсіподақ комитеті: 11.1. ҚР «Кәсіподақтар туралы» Заңына және ҚР Еңбек кодексіне сәйкес кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары жөніндегі құқықтары мен мүдделерін білдіруге және қорғауға; Жұмыс берушімен өзара қарым-қатынас кезінде кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын қызметкерлердің, егер олар КК-не өз мүдделерін қорғауға өкімдік беріп, ай сайын кәсіподақ ұйымының шотына есептелетін жалақыдан 1% мөлшерінде жалақыдан ақшалай қаражат аударып тұрса, мүдделерін қорғайды. 11.2. Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын қадағалауына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға; 11.3. Қызметкерлердің еңбек кітапшаларын жүргізу мен сақталудың дұрыстығына, оларға жазбаның, соның ішінде қызметкерлерді аттестаттау нәтижелері бойынша біліктілік санаттарын беру кезіндегі жазбалардың уақытында енгізілуіне бақылауды жүзеге асыруға; 11.4. Жұмыс беруші және қызметкерлермен бірге қызметкерлердің дербес деректерін қорғау жөніндегі шараларды әзірлеуге; 11.5. Жұмыс берушіге лауазымды тұлғалардың ҚР ЕК нормаларын және еңбек туралы өзге де нормативтік актілерді, ұжымдық шарттың, келісімнің жағдайларын бұзушылық туралы ақпаратты кінәлі тұлғаларға тәртіптік жаза шараларын қолдануды талап ете отырып жіберуге; 11.6. Келісу комиссиялары мен сотта кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарын білдіруге және қорғауға; 11.7. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының уақытында және толық аударылуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға; 11.8. Қызметкерлерге еңбек демалыстарының берілуі мен оларға ақы төлеудің уақытында және дұрыстығына бақылауды жүзеге асыруға; 11.9. Білім ұйымының тарифтеу, педагог қызметкерлерді аттестаттау, жұмыс орындарын аттестаттау, еңбекті қорғау және басқа да комиссиялардың жұмысына қатысуға; 11.10. Педагог қызметкерлерді аттестаттауды жүргізу тәртібінің қадағалануына бақылауды жүзеге асыруға; 11.11. Мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын жүзеге асыруға міндеттеледі. 12 бөлім Білім ұйымдарын басқару, әлеуметтік әріптестік тиімділігін арттыру
Әлеуметтік әріптестіктің негізгі қағидаларын басшылыққа алып, білім ұйымының қызметі мен дамуына жауапкершілікті және қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту қажеттілігін сезіне отырып, Тараптар: 12.1. Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, ҚР Заңдары мен білімді дамытуға және қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға бағытталған өзге де нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асыру жөнінде келісілген іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
12.2. Бірлескен күш салып, басымды ұлттық білім жобаларының толық көлемде жүзеге асырылуына ықпал етеді. 12.3. Білім қызметкерлерінің өмір сүру, еңбек ақы және әлеуметтік кепілдіктер деңгейінің артуына бірлесіп қол жеткізеді. 12.4. Белгіленген тәртіпте, құзырлық шегінде, жергілікті бюджетті қалыптастыру кезінде атқарушы және заңнамалық билік органдарына: - білім ұйымындағы еңбекті қорғауға және өрт қауіпсіздігіне, еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттауға; - педагог және медицина кадрларын даярлауға, қайта даярлауға және біліктіліктерін арттыруға; - педагогикалық кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірген және ауылдық жерде алған мамандықтары бойынша жұмысқа бірінші рет кіріскен жас педагог қызметкерлерге жәрдемақы және көтерме ақыға; - іссапарлармен байланысты өтемақыларды төлеуге қаражаттың бөлінуіне өтініш білдіреді. 12.5. Педагог қызметкерлердің шығармашылығын дамытуға, кәсіпқойлығын арттыруға ықпал етеді, «Үздік балабақша», «Үздік педагог», «Үздік тәрбиешінің көмекшісі» және т.б. шығармашылық байқауларға ұйымдастырушылық және қаржылық демеуді қамтамасыз етеді. Жұмыс беруші: 12.6. Еңбек жағдайы және Кәсіподақпен келісім бойынша өзге де әлеуметтік-экономикалық жағдайларды белгілеу немесе өзгерту жөнінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген жағдайларда шешім қабылдайды. 12.7. Қызметкерлерге еңбек және салалық заңнама білімі бойынша жүйелі оқытуды ұйымдастырады. 12.8. КК-не, оның сұрауы бойынша ұжымдық шартты, келісімді жасау үшін, олардың орындалуын бақылауға қажетті және ҚР Еңбек кодексімен, өзге заңдармен және заңасты нормативтік құқықтық актілермен, осы ұжымдық шартпен көзделген басқа да мәселелер бойынша ақпаратты береді. 12.9. Белгіленген еңбек тәртіптемесі аясында КК-мен қызмет істейді, сындарлы ұсыныстар мен өзара талаптарды қояды және уақытында қарайды, келіссөздер арқылы еңбек дауларын шешеді. 12.10. КК өкілдері кеңестердің, комиссиялардың жұмысына және басқа шараларға қатысуын қамтамасыз етеді. 12.11. Қызметкерлердің ҚР ЕК және осы ұжымдық шартпен көзделген шеңберде білім ұйымын басқаруға қатысуын қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Кәсіподақ комитеті: 12.12. ҚР «Кәсіподақтар туралы» Заңына, Кәсіподақтың Жарғысына сәйкес білім ұйымы қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделеріне өкілдік етуге және қорғауды қамтамасыз етеді. 12.13. Одақ мүшелері мен жұмыс берушілердің өкілдеріне еңбек заңнамасы, жұмыс берушінің актілерін әзірлеу, қызметкерлерді оқыту, сондай-ақ жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу мәселелерінде көмек көрсетеді. 12.14. Ұжымдағы әлеуметтік шиеленісті болдырмау және тараптардың мүдделерін есепке алу мақсатында келіссөз процестерінің мүмкіндігін пайдаланады. 12.15. Ішкі еңбек тәртібінің, еңбек тәртібінің, еңбек міндеттерінің уақытында және сапалы орындалуын қадағалауға ықпал етеді. 12.16. Жұмыс берушіге білім ұйымын басқару, ұжымдық шарттарды жетілдіру жөнінде келіссөздер жүргізу, еңбек шарты бойынша қызметкерлердің міндеттерін толық, сапалы орындауға ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық және кадрлық дамытудың ағымдағы және келешектегі жоспарларын қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізеді. 12.17. Ұжымдық еңбек дауларын болдырмауға жәрдемдеседі. 12.18. Еңбек заңнамасының және еңбек құқығының нормаларынан тұратын өзге де нормативтік актілердің қадағалануына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
13 бөлім. Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау. Тараптардың жауапкершілігі
13. Тараптар келісті: 13.1. Жұмыс беруші ұжымдық шартқа қол қойылған күннен бастап 7 күн ішінде оны жергілікті атқарушы органдарға тіркеуге жібереді. 13.2. Бірлесіп осы ұжымдық шартты орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді. 13.3. Ұжымдық шартты және оның ережелерін орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға бақылау жүргізеді және бақылау нәтижелері туралы еңбек ұжымының жиналысында жылына бір рет, келесі есеп беру жылының 10-ақпанынан кешіктірмей есеп береді. 13.4. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімінде туындаған, оның орындалуымен байланысты барлық келіспеушіліктер мен жанжалдарды апталық мерзімде қарайды. 13.5. Жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешудің заңнамамен белгіленген тәртібін қадағалайды, қызметкерлердің ақырғы шара – ереуілді қолдануын ескерту мақсатында жанжалдың пайда болуына әкеп соғатын себептерді болдырмау үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады. 13.6. Ұжымдық шарттың міндеттемелерін бұзған немесе орындамаған жағдайда, кінәлі тарап немесе кінәлі тұлғалар заңнамамен көзделген тәртіпте жауапқа тартылады. 13.7. Осы ұжымдық шарт 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 2020 жылдың желтоқсан айына дейін әрекет етеді. 13.8. Жаңа ұжымдық шартты жасау жөніндегі келіссөздер, осы ұжымдық шарттың іс-әрекет мерзімі аяқталғанға дейін 2 ай бұрын басталады.
Шарттың жасалған күні: 2018 жылдың «22 » қаңтары Осы ұжымдық шартқа қол қойғандар:
«Жұлдыз» балабақшасы МҚКК меңгерушісі Кәсіподақ комитетінің төрағасы
Баранова Ольга Жумагалиева Жанагул Анатольевна Атшабаровна
___________________ _________________ қолы қолы М.О.
№ 1 қосымша ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІБІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ I. Жалпы ережелер 1.1. Осы ішкі еңбек тәртібінің ережелері ҚР Еңбек кодексіне, ҚР «Білім туралы» заңына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, ұжымдық шартқа сәйкес әзірленді. 1.2. Ішкі еңбек тәртіптемесінің ережесі (әрі қарай – Ереже) – ҚР ЕК сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату тәртібін, еңбек шарты тараптарының негізгі құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, жұмыс режимін, тынығу уақытын, қызметкерлерге қолданылатын ынталандыру және жазалау шараларын, сондай-ақ аталған жұмыс берушідегі еңбек қатынастарын басқарудың өзге де мәселелерін реттейтін жұмыс берушінің акті болып табылады. 1.3. Ереженің мақсаты еңбек тәртібін нығайтуға, еңбекті тиімді ұйымдастыруға, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға, еңбектің жоғары сапасына қол жеткізу үшін жағдай жасауға, еңбекті қорғау мен қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға септігін тигізу болып табылады. 1.4. Осы Ережені жұмыс беруші бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып бекітеді.
II. Қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығару тәртібі
2.1. Жұмысқа қабылдау тәртібі: 2.1.1. Қызметкерлер өздерінің еңбекке құқықтарын аталған ұйымда жұмыс туралы еңбек шартын жасасу жолымен іске асырады. 2.1.2. Еңбек шарты, әдетте, бір жылдан кем ем мерзімге жасалады. 2.1.3. Еңбек шартын жасасу кезінде, онда тараптардың келісімі бойынша қызметкердің тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін. 2.1.4.Сынақ мерзімі үш айдан аспайды, ал ұйым басшысы, оның орынбасарлары, бас есепшісі, құрылымдық бөлімшенің басшысы үшін – алты айдан аспайды. 2.1.5. Еңбек шарты жазбаша нысанда және екі данада жасалып, оған тараптардың қолдары қойылады, бір данасы ұйымда, екіншісі – қызметкерде сақталады. 2.1.6. Педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау білім туралы заңнамамен көзделген талаптарды ескере отырып жүзеге асырылады. 2.1.7. Еңбек шартын жасасу кезінде жұмысқа қабылданатын тұлға ҚР ЕК 32-бабының 1,2 тармақтарына сәйкес жұмыс берушіге мынадай құжаттар ұсынады: - жеке куәлiгi немесе төлқұжаты; - тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат; - еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін); - алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат; - кісі өлтіру, денсаулыққа, халық денсаулығына және адамгершілікке, жыныстық дербес құқықтыққа қарсы қасақана зиян келтіру, экстремистік және лаңкестік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасау туралы мәліметтің бар не жоқ екендігі туралы анықтама. 2.1.8. Басқа жұмыс берушімен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасу үшін қызметкер негізгі жұмыс орны (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайы) бойынша еңбек жағдайы мен сипаты туралы анықтама ұсынады. 2.1.9. Қызметкердің келісімімен құжаттардың түпнұсқалары жұмыс берушіде сақталған не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындау үшін уақытша қалдырылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкерге құжаттарды қайтару туралы жазбаша міндеттеме береді. 2.1.10. Заңнамалық актілермен көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмысқа қабылданушы тұлғадан ҚР ЕК көзделген құжаттардан басқасын талап етуге тыйым салынады. 2.1.11. Алғаш рет еңбек шартын жасасу кезінде еңбек кітапшасы жұмыс берушімен ресімделеді. Еңбек кітапшаларының нысаны, жүргізу мен сақтау тәртібі, сондай-ақ еңбек кітапшаларының бланкілерін әзірлеу және жұмыс берушілердің олармен қамтамасыз ету тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 2.1.12. Қызметкерлер ҚР ЕК көзделген тәртіпте қоса атқару жағдайымен жұмыс жасауға құқылы. Білім ұйымы басшысының лауазымдық міндеттемелері қоса атқару арқылы орындала алмайды. 2.1.13. Жұмысқа қабылдау жасасқан еңбек шарты негізінде шығарылған жұмыс берушінің бұйрығымен ресімделеді. Жұмыс беруші бұйрығының мазмұны жасасқан еңбек шартының жағдайларына сәйкес болуы тиіс. Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы қызметкерге жұмыстың нақты басталған күнінен бастап үш күн мерзімде қолын қойғызып таныстырылады. Қызметкердің талабы бойынша жұмыс беруші оған аталған бұйрықтың куәландырылған көшірмесін беруге міндетті. 2.1.14. Жазбаша нысанда ресімделмеген еңбек шарты, егер қызметкер жұмысқа жұмыс берушінің немесе оның өкілінің келісімімен болмаса тапсырмасымен кіріскен болса, онда жасасқан болып есептеледі. 2.1.15. Қызметкерлердің еңбек кітапшалары жұмыс берушіде сақталады. Еңбек кітапшаларының бланкілері мен олардың қосымша беттері қатаң есептілік құжаттары ретінде сақталады. 2.1.16. Бұйрық негізінде еңбек кітапшасына енгізілетін атқарылған жұмыс, басқа тұрақты жұмысқа ауыстыру және жұмыстан босату туралы әрбір жазбамен жұмыс беруші оның иесін еңбек кітапшасына енгізілген жазба қайталанатын жеке карточкасына қолын қойғызып таныстыруға міндетті. Лауазымдар, кәсіптер мен мамандықтар атаулары және оларға біліктілік талаптары белгілі тәртіпте бекітілген типтік біліктілік сипаттамаларында көрсетілген атаулар мен талаптарға сәйкес болуы тиіс. 2.1.17. Жұмысқа қабылдаған кезде жұмыс беруші қызметкерді ішкі еңбек тәртібі ережелерімен, қызметкердің жұмысына қатысы бар өзге де актілерімен, ұжымдық шартпен қолын қойғызып таныстыруға міндетті. 2.2. Жұмысқа қабылдау кезіндегі кепілдіктер: 2.2.1. Еңбек шартын жасасудан дәлелсіз бас тартуға тыйым салынады. 2.2.2. Жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, шығу тегіне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, тұрғылықты жеріне (соның ішінде тұрғылықты жері немесе мекендеген жері бойынша тіркеуінің болуы немесе болмауы), сондай-ақ қызметкерлердің іскерлік сапасына қатысы жоқ басқа да жағдайларға байланысты еңбек шартын жасасу кезінде қандай да болмасын құқықтарын тікелей немесе жанама шектеу не тікелей немесе жанама басымдылықтарды белгілеуге, заңнамалық актілермен көзделген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді. 2.2.3. Жүктілікпен немесе балаларының болуына байланысты дәлелдер бойынша әйелдермен еңбек шартын жасасудан бас тартуға тыйым салынады. 2.2.4. Еңбек шартын жасасудан бас тартқаны үшін сотқа шағымдануға болады. 2.3. Еңбек шартының жағдайларын өзгерту және басқа жұмысқа ауыстыру: 2.3.1. ҚР ЕК көзделген жағдайларды қоспағанда, еңбек шартының белгілі жағдайларын тараптармен өзгертуге, соның ішінде басқа жұмысқа ауыстыруға тек еңбек шарты тараптарының келісімдері бойынша жол беріледі. Еңбек шартының белгілі бір жағдайларын өзгерту туралы тараптардың келісімі жазбаша нысанда жасалады және еңбек шартына қосымша келісім ретінде ресімделеді. Еңбек шартының жағдайлары (мазмұнын) мынадай негіздемелер бойынша өзгертілуі мүмкін: - еңбектің ұйымдастырушылық немесе технологиялық жағдайларының өзгеруімен байланысты себептермен тараптардың еңбек шартының жағдайларын өзгертуі; - басқа жұмысқа ауыстыру (қызметкердің немесе ол жұмыс жасайтын құрылымдық бөлімшенің еңбек қызметінің тұрақты немесе уақытша өзгеруі ). 2.3.2. Еңбектің ұйымдастырушылық немесе технологиялық жағдайларының өзгеруімен байланысты себептер бойынша (техника мен өндіріс технологиясындағы өзгерістер, өндірістің құрылымдық қайта ұйымдастырылуы, басқа себептер) еңбек шартының тараптармен өзгертілген белгілі жағдайлары сақталынбаған жағдайда, қызметкердің еңбек қызметін өзгертуді қоспағанда, оларды жұмыс берушінің бастамасы бойынша өзгертуге жол беріледі. Мұндай себептер қатарына: - қайта ұйымдастыру (бірігу, қосылу, бөліну, өзгерту), сондай-ақ ішкі қайта ұйымдастыру ; - білім процесін жүзеге асырудағы өзгерістер (топтар санын қысқарту және т.б.) жатқызылуы мүмкін. Тараптармен анықталған еңбек шартындағы болатын өзгерістер туралы, сондай-ақ мұндай өзгерістер қажеттілігін тудыратын себептер туралы жұмыс беруші қызметкерді кемінде бір ай бұрын жазбаша нысанда ескертуі тиіс. 2.3.3. Басқа жұмысқа ауыстыру тек қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылады. Қызметкердің денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындымен расталған қайшылықтар болған кезде, оны басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді. 2.3.4. Жұмыс беруші қызметкерді жұмыс берушінің алдағы болатын көшуі туралы кемінде бір ай бұрын жазбаша ескертуі тиіс. Жұмыс берушімен басқа жерге жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты ҚР ЕК 58-бабы 1-т.1)т.көзделген негіздеме бойынша тоқтатылады. 2.3.5. Өндірістік қажеттілік кезінде, оның ішінде жоқ қызметкерді уақытша алмастырған жағдайда, жұмыс берушінің қызметкерді оның келісімінсіз күнтізбелік жыл ішінде бір айға дейінгі мерзімге орындалатын жұмыс бойынша еңбегіне ақы төлеп, бірақ бұрынғы жұмысындағы орташа жалақысынан кем емес жалақымен, еңбек шартында келісілмеген және денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін сол ұйымдағы, сол жердегі басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар. 2.3.6. Жұмыс берушінің бос тұрып қалу жағдайында қызметкердің келісімінсіз бос тұрып қалу жағдайының барлық мерзіміне, оны денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру кезінде қызметкердің еңбегіне ақы төлеу орындалатын жұмыс бойынша жүргізіледі. 2.3.7. Қызметкердің келісімінсіз сол жұмыс берушіде еңбек шартымен келісілмеген жұмысқа ауыстыру тек ҚР ЕК көзделген жағдайларда мүмкін болады. 2.3.8. Уақытша болмаған (еңбек демалысы, сырқаттану, біліктілігін арттыру) қызметкердің міндеттерін жұмыс беруші осы жұмысты тапсырған қызметкердің келісімімен ғана және ҚР ЕК көзделген жағдайларда – негізгі жұмысынан босатылмай немесе басқа жұмысқа уақытша ауыстыру жолымен атқарады. 2.3.9. Медициналық қорытындыға сәйкес қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру ҚР ЕК 43-бабымен көзделген тәртіпте жүзеге асырылады. 2.3.10. ҚР ЕК 48-бабымен көзделген жағдайларда, ҚР ЕК сәйкес жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан шеттетуге (жұмысқа жібермеуге) құқылы. 2.4. Еңбек шартын тоқтату: 2.4.1. Еңбек шарты тек еңбек заңнамасымен көзделген негіздемелер бойынша тоқтатылуы мүмкін. 2.4.2. Еңбек шарты кез келген уақытта еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша бұзылуы мүмкін (ҚР ЕК 50-бап). 2.4.3. Мерзімді еңбек шарты іс-әрекет мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылады (ҚР ЕК 51-бап). Белгілі бір жұмысты орындау уақытына жасалған еңбек шарты сол жұмыс аяқталғасын тоқтатылады. Жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару уақытына жасалған еңбек шарты сол қызметкер жұмысқа шыққан күні тоқтатылады. Белгілі мерзім ішінде маусымдық жұмысты орындау үшін жасалған еңбек шарты сол мерзім (науқан) аяқталғасын тоқтатылады 2.4.4. Қызметкер бір ай бұрын жазбаша нысанда жұмыс берушіні ескертіп, еңбек шартын бұзуға құқылы. Көрсетілген мерзім жұмыс беруші қызметкердің жұмыстан шығу туралы арызын алған күннен басталады. 2.4.5. Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша еңбек шарты жұмыстан шығу туралы ескерту мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы да мүмкін. Қызметкердің бастамасы бойынша жұмыстан шығу туралы өтінішіне жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауы себепші болған жағдайда, сондай-ақ жұмыс берушімен еңбек заңнамасын, келісімнің, ұжымдық шарттың немесе еңбек шартының жағдайларын бұзушылық анықталған жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің өтінішінде көрсетілген мерзімде еңбек шартын бұзуға міндетті. 2.4.6. Жұмыстан шығару туралы ескерту мерзімі аяқталғанға дейін қызметкер жұмыс берушімен келісім бойынша өз өтінішін қайтып алуға құқылы. Жұмыстан шығару туралы ескерту мерзімі аяқталысымен қызметкер жұмысты тоқтатуға құқылы. Егер жұмыстан шығару туралы ескерту мерзімі аяқталғанмен еңбек шарты бұзылмаса және қызметкер жұмыстан шығару туралы сұрамаса, онда еңбек шартының әрекеті жалғасады. 2.4.7. Қызметкерлерді аттестаттау нәтижесі бойынша, сондай-ақ ұйым қызметкерлері санының немесе штатының қысқаруы жағдайларында жұмыстан шығаруға, егер қызметкерді оның келісімімен басқа жұмысқа ауыстыру мүмкін болмағанда ғана жол беріледі. Қызметкерлерді, соның ішінде педагог қызметкерлерді ҚР ЕК 52-бабы 1-т. 2)т. бойынша жұмыстан шығаруға себептер: · кәсіпорынның қайта ұйымдастырылуы; · штаттық кестеден кейбір лауазымдардың шығарылуы; ·қызметкерлер санының қысқаруы; · топтар санының азаюы; · оқу бағдарламасының өзгеруі және т.б. 2.4.8. Қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты қызметкерлерді жұмыстан шығаруға әкеліп соғатын мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымын қайта ұйымдастыру, әдетте, оқу жылы аяқталғасын жүзеге асырылады. 2.4.9. Тәрбие қызметімен айналысатын қызметкердің аталған жұмысты жалғастыруға сәйкес келмейтін адамгершілікке жат қылық істегені үшін ҚР ЕК 52-бабы 1-т. 14)т. бойынша еңбек шарты бұзылуы мүмкін. Адамгершілікке жат қылыққа кінәлі іс-әрекет немесе әрекетсіздік жатады, ол қоғамның негізгі моральдық нормаларын бұзып, педагог қызметкердің еңбек қызметінің мазмұнына қайшы келеді (мысалы, адамның абыройына нұқсан келтіретін қылық, алкогольдік немесе нашақорлық масаңдық күйінде болу немесе т.б.). Тек тәрбие қызметімен айналысатын қызметкерлерді ғана, адамгершілікке жат қылықтың қай жерде жасалғанына (жұмыс орны бойынша немесе тұрмыста) қарамастан, жұмыстан шығаруға жол беріледі. 2.4.10. Тәрбиеленушінің тұлғасын жәбірлеу және (немесе) психикалық күштеумен байланысты тәрбиелеу әдістерін, соның ішінде бір рет қана қолданса да, қызметкермен еңбек шартын тоқтатуға негіздеме болады. 2.4.11. Еңбек шартын тоқтату жұмыс берушінің бұйрығымен ресімделеді. Жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы бұйрығымен қызметкердің қолын қойғызып таныстырылуы тиіс. Жұмыс беруші қызметкердің талабы бойынша оған аталған бұйрықтың куәландырылған көшірмесін беруге міндетті. 2.4.12. Еңбек шартын тоқтату күні, егер қызметкер нақты жұмыс жасамаған болып, бірақ ҚР ЕК сәйкес оның жұмыс орны (лауазымы) сақталған болса, барлық жағдайларда қызметкердің соңғы жұмыс күні болып табылады. 2.4.13. Еңбек шарты тоқтатылған күні жұмыс беруші қызметкерге жұмыстан шығару туралы жазба енгізілген еңбек кітапшасын беріп, онымен соңғы есеп айырысу жүргізуге міндетті. Еңбек кітапшасына еңбек шартын тоқтату негіздемесі мен себебі туралы жазба ҚР ЕК тиісті бабына, баптың бөліміне, баптың тармағына жүгіне отырып, ҚР ЕК тұжырымдамаларымен дәл сәйкестікте жүргізілуі тиіс. 2.4.14. Жұмыстан шығаруға байланысты еңбек кітапшасын алу кезінде қызметкер еңбек кітапшалары мен олардың қосымшаларының қозғалысын тіркеу кітабына қол қояды. III. Еңбек шарты тараптарының негізгі құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі 3.1. Қызметкер: 1) ҚР ЕК көзделген тәртіп пен жағдайда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға; 2) жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттар жағдайларының орындалуын талап етуге; 3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға; 4) еңбек жағдайы мен еңбекті қорғау туралы толық және сенімді ақпарат алуға; 5) еңбек, ұжымдық шарттар жағдайларына сәйкес уақытында және толық мөлшердегі жалақы төлеміне; 6) ҚР ЕК сәйкес жұмыстың бос тұрып қалу уақытының ақысына; 7) еңбек демалысына, соның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына; 8) кәсіподақ құру құқығын қосқандағы бірлестікке, сондай-ақ өз еңбек құқықтарын қорғау үшін оған мүшелікке; 9) өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға; 10) еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянның өтелуіне; 11) міндетті әлеуметтік сақтандыруға; 12) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға; 13) кепілдіктер мен өтемақылық төлемдерге; 14) заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға; 15) ешқандай кемсітушіліксіз бірдей жұмысқа тең еңбекақыға; 16) жеке еңбек дауын шешуге ҚР ЕК көзделген тәртіпте келісу комиссиясына, сотқа жүгінуге; 17) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына; 18)Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттармен көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілуге; 19) денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, бұл туралы дереу тікелей басшыға немесе жұмыс берушінің өкіліне хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға; 20) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайына тексеру жүргізу туралы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға, сондай-ақ еңбек жағдайын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жақсартумен байланысты мәселелерді тексеру және қарау кезінде өкілдік қатысуға өтініш білдіруге; 21) еңбек және тікелей сонымен байланысты қатынастар саласында жұмыс берушінің әрекетіне( әрекетсіздігіне) шағымдануға; 22) біліктілікке, еңбек күрделілігіне, атқарылған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбекақыға; 23) ҚР ЕК, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен көзделген тәртіпте ереуілге құқығын қосқанда жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге; 24) жұмыс берушіде сақталатын дербес деректердің сақталуын қамтамасыз етуге құқылы. 3.2. Қызметкер: 1) келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес еңбек міндеттерін орындауға; 2) еңбек тәртіптемесін қадағалауға; 3) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, жұмыс орнындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өндірістік санитария жөніндегі талаптарды қадағалауға; 4) жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүліктерін ұқыпты ұстауға; 5)адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүліктеріне қауіп төндіретін жағдай, сондай-ақ жұмыстың бос тұрып қалуы туралы жұмыс берушіге хабарлауға; 6) мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді, еңбек міндеттерін орындаумен байланысты оған белгілі болған қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды жария қылмауға; 7) жұмыс берушіге келтірілген шығынды ҚР ЕК және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен белгіленген мөлшерде өтеуге міндетті. 3.3. Педагог қызметкерлер: 3.3.1. оқыту еркіндігіне, өз пікірін еркін білдіруге, кәсіптік қызметке араласудан еркіндікке; 3.3.2. оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық негізделген нысандарын, құралдарын, әдістерін таңдау мен қолдану еркіндігіне; 3.3.3. жүзеге асырылатын білім бағдарламасының, білім стандартының шегінде шығармашылық бастамаға, авторлық бағдарламалар мен оқыту және тәрбиелеу әдістерін әзірлеу мен қолдануға; 3.3.4. оқулықтар, оқу құралдарын, материалдар мен білім бағдарламасына сәйкес және білім туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте өзге де оқыту және тәрбиелеу құралдарын таңдауға; 3.3.5. білім беру бағдарламаларын, соның ішінде оқу жоспарларын, күнтізбелік оқу кестелерін, оқыту жұмыс сабақтарын, курстарын, пәндерін (модульдерін), әдістемелік материалдары мен білім беру бағдарламаларының компоненттерін әзірлеуге қатысуға; 3.3.6. ғылыми, ғылыми-техникалық, шығармашылық, зерттеу қызметін іске асыруға, тәжірибелік және халықаралық қызметке, инновацияларды әзірлеуге және енгізуге қатысуға; 3.3.7. кітапханаларды және ақпарат қорларын тегін пайдалануға, сондай-ақ білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда жұмыс берушінің актісімен белгіленген тәртіпте педагогикалық, ғылыми немесе зерттеу қызметін сапалы іске асыруға қажетті ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер мен деректер базасына, мұражайлық қорларға, білім беру қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету құралдарына қол жеткізуге; 3.3.8. білім беру ұйымын басқаруға, соның ішінде осы ұйымның жарғысымен белгіленген тәртіпте басқарудың алқалы органдарына қатысуға; 3.3.9. білім ұйымының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға, соның ішінде басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар арқылы қатысуға; 3.3.10. кәсіптік абырой мен намысты қорғауға, педагог қызметкерлердің кәсіптік этика нормаларын бұзушылықты әділ және дәлелді тексеруге құқылы. 3.4. Педагог қызметкерлер: 3.4.1. өз қызметтерін жоғары кәсіптік деңгейде жүзеге асыруға, тәрбиелеу процесін толық көлемде іске асыруды қамтамасыз етуге; 3.4.2. құқықтық, адамгершілік және әдептік нормаларын қадағалауға, кәсіптік әдеп талаптарына сай болуға; 3.4.3. тәрбиеленушілер мен білім қатынасының басқа да қатысушыларының абыройы мен намысын сыйлауға; 3.4.4. тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін, дербестігін, ынтасын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, азаматтық ұстанымды, қазіргі заман жағдайында еңбекке және өмірге қабілеттерін қалыптастыруға, білім алушылардың салауатты және қауіпсіз өмір салтының мәдениетін қалыптастыруға; 3.4.5. педагогикалық негізделген және білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеу нысандарын, әдістерін қолдануға; 3.4.6. тәрбиеленушілердің психофизикалық даму ерекшеліктері мен олардың денсаулығының жағдайын ескеруге, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алулары үшін қажетті арнайы жағдайды қадағалауға, қажеттілік кезінде медициналық ұйымдармен бірлесіп әрекет жасауға; 3.4.7. өз кәсіптік деңгейін жүйелі түрде арттыруға; 3.4.8. білім туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте атқаратын лауазымына сәйкестікке аттестациядан өтуге; 3.4.9. жұмысқа қабылдау кезінде еңбек заңнамасына сәйкес міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден, сондай-ақ жұмыс берушінің жолдамасы бойынша кезектен тыс медициналық тексерулерден өтуге; 3.4.10. заңнамамен белгіленген тәртіпте еңбекті қорғау саласында білім мен дағдыға үйрету мен тексеруден өтуге; 3.4.11. ұйым жарғысын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін қадағалауға; 3.4.12. баланың өмірі, дене және психикалық денсаулығына жауапкершілік артуға, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге, санитарлық ережелерді сақтауға, балалардың тәрбиесі мен оқуына жауап беруге, балалардың денсаулығын нығайту және қорғаумен байланысты медицина қызметкерлерінің талаптарын орындауға, шынығу шараларын өткізуге, балабақша бөлмелерінде және серуендеу алаңдарында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөнінде нұсқаулықтарды нақты орындауын қадағалауға; 3.4.13. ата-аналармен жасалған шартты орындауға, баланың отбасымен тәрбиелеу және оқыту сұрақтары бойынша ынтымақтасуға, ата-аналар жиналысын, кеңестер, ата-аналар комитеті отырыстарын өткізу, ата-аналарды құрметтеу, оларда өз серіктестерін көруге; 3.4.14. күн тәртібін бұлжытпай орындауға; 3.4.15. алдын ала келісім бойынша (оқу қызметі басталмас бұрын 10 минут уақытта) әкімшілік пен қоғамдық өкілдерді өз оқу қызметіне жіберуге міндетті. 3.5. Жұмыс беруші: 1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне; 2) ҚР ЕК белгіленген тәртіп пен негізде қызметкерлермен еңбек шартын өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға; 3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға; 4) өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында бірлестіктер құрып, оған кіруге; 5) қызметкерлерден еңбек, ұжымдық шарттардың жағдайларын, еңбек тәртіптемесінің ережелерін және жұмыс берушінің басқа да актілерін орындауды талап етуге; 6) қызметкерлерді ынталандыруға, тәртіптік жаза қолдануға, ҚР ЕК көзделген жағдайлар мен тәртіпте оларды материалдық жауапкершілікке тартуға; 7) еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкермен келтірілген шығынның өтелуіне; 8) еңбек саласындағы өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге; 9) қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге; 10) қызметкерлерге ҚР ЕК сәйкес кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етуге; 11) ҚР ЕК сәйкес қызметкерді оқытуға байланысты өз шығындарының өтелуіне; 12) жеке еңбек дауын шешу үшін ҚР ЕК көзделген тәртіпте келісу комиссиясына, сотқа жүгінуге құқылы. 3.6. Жұмыс беруші: 1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, олармен шығарылған актілердің талаптарын қадағалауға; 2) жұмысқа қабылдау кезінде ҚР ЕК белгіленген тәртіп пен жағдайларда қызметкерлермен еңбек шартын жасасуға; 3) жұмысқа қабылдау кезінде ҚР ЕК 32-бабына сәйкес еңбек шартын жасау үшін қажетті құжаттарды талап етуге; 4) қызметкерге еңбек шартымен келісілген жұмысты беруге; 5) қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, еңбек, ұжымдық шарттармен, жұмыс берушінің актісімен көзделген жалақыны және өзге де төлемдерді уақытында және толық мөлшерде төлеуге; 6) қызметкерді ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен, қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар жұмыс берушінің өзге де актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға; 7) қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға және оларға ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу үшін, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және сенімді ақпаратты беруге; 8) ҚР ЕК белгіленген тәртіпте ұжымдық келіссөздер жүргізуге, ұжымдық шарт жасасуға; 9) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге; 10) қызметкерлерді жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге; 11) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге; 12) мемлекеттік еңбек инспекторларының ұйғарымдарын орындауға; 13) егер жұмысты жалғастыру қызметкердің және өзге тұлғалардың өміріне, денсаулығына қауіп төндірсе, оны тоқтатуға; 14) қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға; 15) қызметкерді оның еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезіндегі жазатайым оқиғалардан сақтандыруға; 16) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге; 17) мемлекеттік мұрағатқа қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және олардың зейнетақылық қамтамасыз етілуіне қаражаттың ұсталуы мен аударылуы туралы мәліметтердің сақталуы мен тапсырылуын қамтамасыз етуге; 18)қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайы мен кәсіптік аурудың мүмкіндігі туралы ескертуге; 19) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде тәуекелдің алдын алу жөнінде шараларды қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып алдын алу жұмыстарын жүргізуге; 20) жұмыс уақытының, соның ішінде зиянды және (немесе) қауіпсіз еңбек жағдайларында, ауыр жұмыстарда әрбір қызметкермен орындалатын үстеме жұмыстар есебін жүргізуге; 21) қызметкердің өмірі мен денсаулығына еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде келтірілген зиянды ҚР ЕК және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтеуге; 22) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның лауазымды тұлғаларын, қызметкерлердің өкілдерін, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын және Қазақстан Республикасы заңнамасының қадағалануын тексеру үшін, сондай-ақ еңбек қызметімен және кәсіптік аурумен байланысты жазатайым оқиғаларды тексеру үшін кедергісіз жіберуге; 23) реестрлерді немесе он сегіз жастан кіші қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке куәлігінде көрсетілсе) және туылған күні көрсетілетін жұмыс берушімен анықталған басқа құжаттарды жүргізуді қамтамасыз етуге; 24) Қазақстан Республикасының дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғауды жүзеге асыруға; 25) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті. 3.7. Еңбек шарты тараптарының жауапкершілігі: 3.7.1. Еңбек заңнамасының ережелерін бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталған тәртіп пен жағдайда тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілік шаралары қолданылады. 3.7.2. Еңбек шарты тарапының осы шарттың екінші тарапына өзі келтірген залал үшін материалдық жауапкершілігі, егер ҚР ЕК және өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, оның құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) нәтижесінде басталады. 3.7.3. Екінші тарапқа шығын келтірген еңбек шартының басқа тарапы (жұмыс беруші немесе қызметкер), сол шығынды ҚР ЕК сәйкес өтейді. Еңбек шартымен немесе оған тіркелетін жазбаша нысанда жасалған келісімдерде осы шарттың тараптарының материалдық жауапкершіліктері айқындалады. Жұмыс берушінің қызметкер алдындағы шарттық жауапкершілігі ҚР ЕК көзделгендей төмен, ал қызметкердің жұмыс берушінің алдында – жоғары бола алмайды. 3.7.4. Жұмыс беруші ҚР ЕК сәйкес қызметкерге оны еңбектенуден заңсыз айырудың барлық жағдайында алынбаған жалақысын, соның ішінде жалақысы: - қызметкерді жұмысынан заңсыз шеттету, жұмыстан шығару немесе басқа жұмысқа ауыстыру; - қызметкерді бұрынғы жұмысына қайта кіргізу туралы еңбек дауларын қарау жөніндегі органның шешімін жұмыс берушінің орындаудан бас тартуы немесе уақытында орындамауы нәтижесінде алынбаса, оны төлеуге міндетті. 3.7.5. Қызметкердің мүлкіне зиян келтірген жұмыс беруші, сол зиянды толық мөлшерде өтейді. Қызметкердің зиянды өтеу туралы өтініші жұмыс берушіге жіберіледі. Жұмыс беруші түскен өтінішті қарауға және ол түскен күннен бастап он күн мерзімде тиісті шешім қабылдауға міндетті. Қызметкер жұмыс берушінің шешімімен келіспесе немесе белгіленген мерзімде жауап алмаған жағдайда, жеке еңбек дауын шешу жөніндегі органға жүгінуге құқылы. 3.7.6. Қызметкер жұмыс берушіге келтірілген нағыз тікелей шығынды өтеуге міндетті. Алынбаған табыстар (ұтылған пайда) қызметкерден өтелмейді. Егер залал еңсерілмейтін күштің, қалыпты шаруашылық тәуекелдің, аса қажеттіліктің немесе қажетті қорғаныстың не болмаса қызметкерге тапсырылған мүліктің сақталуы үшін жұмыс берушінің тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы салдарынан туындаған болса, қызметкердің материалдық жауапкершілігі жойылады. 3.7.7. Келтірілген зиян үшін қызметкер өзінің айлық орташа жалақысы шамасында, егер ҚР ЕК немесе өзге де заңнамалық актілермен басқа жағдайлар қаралмаған болса, онда материалдық жауапкершілікке тартылады. 3.7.8. Залал келтірілгеннен кейін еңбек шартын бұзу осы шарттың тараптарын ҚР ЕК көзделген материалдық жауапкершіліктен босатпайды. 3.8. Педагог және басқа қызметкерлерге мектепке дейінгі тәрбие мен білім ұйымдарында және ұйымның аумағында: - темекі шегуге, спирттік ішімдіктер ішуге, сондай-ақ есірткі және психотроптық заттарды алуға, сақтауға, дайындауға (өндіруге), қолдануға және басқа тұлғаларға беруге; - оңай жанғыш және улы заттарды сақтауға тыйым салынады. IV. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
4.1. Жұмыс уақытының режимі (1.1. қосымша): 4.1.1. Ұйымда сенбі және жексенбі екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. 4.1.2. Педагог қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимінің ерекшеліктері ұжымдық шарттың ережелерімен белгіленеді. Педагог және басқа қызметкерлердің демалыс күндері берілетін жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі ұйым қызметінің режимін ескере отырып анықталады және ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен, жұмыс кестесімен, ұжымдық шартпен белгіленеді. 4.1.3. Басқарушы органды қоспағанда, педагог қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. 4.1.4. Ұйым басшысының, оның орынбасарларының, басқа да басқарушы қызметкерлердің жұмыс режимі еңбек заңнамасына сәйкес анықталады. 4.1.5. Ауысым бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс режимі бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып жұмыс берушімен құрылған ауысым кестесімен анықталады. Қызметкерлердің төмендегідей санаты үшін ауысым бойынша жұмыс режимі белгіленеді: күзетшілер. 4.1.6.Ауысым кестелері қызметкерлер назарына осы кестелер қолданысқа енгізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей қол қойғызып жеткізіледі. 4.1.7. Жұмыс жағдайын жалпы есепке алумен немесе жұмыстың жеке түрлерін орындау кезінде, қызметкерлердің белгілі санаты үшін белгіленген жұмыс уақытының күнделікті немесе апта сайынғы ұзақтығы сақталмаса, есептік кезеңдегі (ай, тоқсан және басқа мерзімдер) жұмыс уақытының ұзақтығы жұмыс сағаттарының қалыпты санынан аспауы үшін жұмыс уақытының жиынтық есебін енгізуге жол беріледі. Есептік кезең бір жылдан асуы мүмкін емес. 4.1.8. Педагог және басқа қызметкерлердің жұмыс кестелерін құру кезінде, қызметкерлердің тынығуымен және тамақтануымен байланысты емес жұмыс уақытындағы үзілістерге, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен көзделген жағдайлардан қоспағанда жол берілмейді. Тәрбиешілердің белгіленген нормадан тыс жұмысты орындауымен байланысты туындаған жұмыстағы үзілістер, оны бөліктерге бөлумен жұмыс күнінің режиміне жатқызылмайды. 4.1.9. Оқыту сабақтарын және оқыту-тәрбиелеу сипатындағы басқа да шараларды жүргізу кезінде (құқықтық актілермен, ұжымдық шартпен көзделген басқа жағдайларды қоспағанда): - педагог қызметкерлерді тапсырмаларды орындау немесе олардың педагогикалық қызметімен байланысты емес шараларға қатысу үшін алаңдатуға; - жиналыстар, отырыстар және қоғамдық істер бойынша басқа да шаралар шақыруға жол берілмейді. 4.1.10. Ұйымда оқыту процесін бақылау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру кезінде және басқа жағдайларда: - оқу әрекетіне жұмыс беруші өкілінің рұқсатынсыз бейтаныс тұлғалардың қатысуына; - топқа, жұмыс берушінің өкілін қоспағанда, оқу әрекеті басталғаннан кейін кіруге; - оқу әрекетін өткізу кезінде және тәрбиеленушілер қатысып отырғанда педагог қызметкерлерге олардың жұмысы жөнінде ескертулер жасауға жол берілмейді. 4.1.11. Балабақшада ата-аналардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін сағат 18.00-ден 19.20-ға дейін жұмыс кестесімен кезекші топ ұйымдастырылады. Кезекші тәрбиеші кәсіподақ органынның келісімі бойынша бір айға басшының бұйрығымен тағайындалады. 4.2. Тынығу уақыты: 4.2.1. Тынығу кезінде қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос болуы және оны өзінің қалауынша пайдалануы болып табылады. Тынығу уақытының түрлері: - жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер; - күнделікті (ауысымаралық) тынығу; - демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз тынығу); - мереке күндері; - демалыстар болып табылады. 4.2.2. Педагог қызметкерлердің тынығумен және тамақтанумен байланысты емес жұмыс уақытындағы үзілістерге, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен көзделмеген жағдайларды қоспағанда жол берілмейді. Өз міндеттерін үздіксіз жұмыс күні ішінде орындайтын педагог қызметкерлер үшін тамақтану үшін үзіліс белгіленбейді. Бұл қызметкерлерге тәрбиеленушілермен бірге немесе осы мақсатқа арнайы жабдықталған орында тамақтану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. 4.2.3. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тыйым салынады. Ерекше жағдайларда қызметкерлерді бұл күндері жұмысқа тартуға қызметкердің жазбаша келісімімен және жұмыс берушінің жазбаша бұйрығы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып жол беріледі. Аталған шектеу ауысым кестесі бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерге таратылмайды. 4.2.4. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа кемінде бір жарым есе мөлшерде ақы төленеді. Демалыс немесе мереке күндерінде жұмыс істеген қызметкердің қалауы бойынша оған басқа ақы төленетін демалыс күні берілуі мүмкін, ал демалыс немесе мереке күндеріндегі жұмысына бұл жағдайда бір есе мөлшерде ақы төленеді. 4.2.5. Қызметкерлерге: - Педагог емес лауазымдағы азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы еңбек демалысы – 30 күнтізбелік күн ұзақтығымен; - Педагог қызметкерлерге жыл сайынғы негізгі ұзартылған ақылы еңбек демалысы – 42 күнтізбелік күн ұзақтығымен; - біліксіз еңбек жұмысшыларға - 24 күнтізбелік күн беріледі. 4.2.6.Еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын күнтізбелік жыл басталғанға дейін кемінде екі апта бұрын бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып, жұмыс берушімен бекітілген еңбек демалысының кестесімен анықталады. Еңбек демалысының басталу уақыты туралы қызметкер ол басталардан кемінде екі апта бұрын қолын қойғызып хабарландырылуы тиіс. 4.2.7. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы мынадай жағдайларда қызметкердің қалауын ескере отырып жұмыс берушімен анықталған басқа мерзімге созылуы немесе ауыстырылуы мүмкін: - қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы кезінде; - қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытында, егер еңбек заңнамасымен осы жағдай үшін жұмыстан босату көзделген болса, мемлекеттік міндеттерді орындау кезінде; - еңбек заңнамасымен көзделген басқа жағдайларда. 4.2.8. Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бөлімдерге бөлінуі мүмкін, бірақ сол еңбек демалысының ең болмағанда бір бөлігі кемінде 14 күн болуы тиіс. 4.2.9. Жұмыстан шығару кезінде қызметкерге барлық пайдаланған еңбек демалысының күндеріне ақшалай өтемақы төлемі жүргізіледі. 4.2.10. Еңбек демалысының ақысы ол басталғанға дейін кемінде үш күн бұрын жүргізіледі. Егер қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ақысы уақытында жүргізілмесе не қызметкер бұл еңбек демалысының басталу уақыты туралы ол басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей ескертілсе, онда жұмыс беруші қызметкердің жазбаша өтініші бойынша бұл еңбек демалысын қызметкермен келісілген басқа мерзімге ауыстыруға міндетті. 4.2.11. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады. 4.2.12. Қызметкерді еңбек демалысынан тек оның келісімі бойынша шақыра алады. 4.2.13. Отбасы жағдайына және басқа да белгілі себептерге байланысты қызметкерге оның жазбаша өтініші негізінде жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін, оның ұзақтығы қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша айқындалады. Жұмыс беруші қызметкердің жазбаша өтініші негізінде ҚР ЕК немесе ұжымдық шартпен көзделген жағдайларда жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
V. Жұмыстағы жетістіктері үшін ынталандырулар
5.1. Жұмыс беруші еңбек міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкерлерге ынталандырудың мынадай түрлерін қолданады: алғыс жариялайды, сыйлықақы береді, құнды сыйлықпен, құрмет грамотасымен марапаттайды, кәсібі бойынша үздік атағына ұсынады және басқа да ынталандырулар. 5.2. Қоғам мен мемлекет алдындағы ерекше сіңірген еңбектері үшін қызметкерлер белгіленген тәртіпте мемлекеттік наградаларға ұсынылулары мүмкін. VI. Еңбек тәртібі және оны бұзғаны үшін жауапкершілік
6.1. Жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін, яғни жүктелген міндеттерді қызметкердің кінәсінен орындамауы немесе тиісінше орындамаған жағдайда, тәртіптік жазаның төмендегідей түрлерін қолдануға құқылы: - ескерту; - сөгіс; - тиісті негіздемелер бойынша еңбек шартын бұзу. 6.2. Тәртіптік жаза ретінде жұмыстан босату ҚР ЕК 64-бабына сәйкес: - қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған; - қызметкер жұмыста алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай туғызатын заттарды пайдаланған; - тиісті актімен расталған, алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық күйге түсіретін заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан; - қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзған; - қызметкердің жұмыс орнында басқаның мүлкін ұрлау (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған; - ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі әрекеттер жасауы немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса; - тәрбиелік функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, адамгершілікке жат қылықтар жасаған; - қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен; - егер тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған; - еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде түпнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған; - жұмыс берушінің атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не жұмыс беруші бөлімшесі басшысының (филиалдардың, өкілдіктердің және жұмыс берушінің актісімен анықталған жұмыс берушінің өзге де бөлімшелерінің) еңбек міндеттерін бұзуы жұмыс берушіге материалдық залал келтіруге әкеп соққан жағдайларда қолданылуы мүмкін. 6.3. Тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жасалған тәртіптік теріс қылықтың ауырлығы, қызметкердің оның алдындағы тәртібі мен оның жасалған мән-жайы ескерілуге тиіс. 6.4. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Егер екі жұмыс күні өткесін қызметкер аталған түсініктемені бермесе, онда тиісті акт жасалады. Қызметкердің түсініктемені бермеуі тәртіптік жазаны қолдануға кедергі бола алмайды. 6.5. Педагог қызметкердің кәсіптік тәртіп немесе ұйым жарғысының нормаларын бұзушылығын тәртіптік тексеру тек оған жазбаша нысанда шағым түскенде ғана жүргізіледі. Шағымның көшірмесі қызметкерге берілуі тиіс. Тәртіптік жаза барысы мен оның нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер, педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салатын жағдайларды қоспағанда, тек мүдделі тұлғаның келісімімен немесе тәрбиеленушілердің мүдделерін қорғау қажеттілігі кезінде жариялауға берілуі мүмкін. 6.6. Тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап, қызметкердің науқастану уақытын, оның еңбек демалыста болуын есептемегенде, бір айдан кешіктірмей қолданылады. Тәртіптік жазаны - тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан асқаннан кейін, ал ревизия, қаржы-шаруашылық қызметін тексеру немесе аудиторлық тексерулер нәтижелері бойынша - тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан асқаннан кейін қолдануға болмайды. Көрсетілген мерзімдерге қылмыстық іс бойынша өндіріс уақыты қосылмайды. 6.7. Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін бір тәртіптік жаза ғана қолданыла алады. Тәртіптік жаза қолдану туралы жұмыс берушінің бұйрығы (өкімі) ол шығарылған күнінен бастап қызметкердің жұмыста болмаған уақытын есептемегенде, үш жұмыс күні ішінде қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Егер қызметкер аталған бұйрықпен (өкіммен) қол қойып танысудан бас тартса, онда тиісті акт жасалады. 6.8. Егер тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай ішінде қызметкер жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі. Қызметкерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші өзінің бастамасымен, қызметкердің, оның тікелей басшысының немесе бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының өтініші бойынша тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы. 6.9. Жазалар туралы мәліметтер, тәртіптік жаза болып табылатын жұмыстан босатуды қоспағанда, еңбек кітапшасына енгізілмейді. 6.10. Қызметкер тәртіптік жаза жөнінде мемлекеттік еңбек инспекциясына және (немесе) еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясына шағым жасай алады. VII. Қорытынды ережелер
7.1. Ішкі еңбек тәртібі ережесінің мәтіні көзге түсетін жерге ілінеді. 7.2. Ішкі еңбек тәртібінің ережесіне өзгертулер мен толықтырулар жұмыс берушінің актілерді қабылдау үшін белгіленген тәртіпте жұмыс берушімен енгізіледі. 7.3. Қайта қабылданған ішкі еңбек тәртібінің ережесімен, оған енгізілген өзгертулер және толықтырулармен жұмыс беруші қызметкерлерді таныстыру күнін көрсете отырып қолын қойғызып таныстырады.
№ 2 қосымша
ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы тұрақты қызмет атқаратын орган болып табылады және кәсіподақ комитеті мен ұйым әкімшілігі өкілдерінің бірдей санынан жасалады. 2. Кәсіподақ мүшелерінің қатарынан кәсіподақ өкілдері комиссияға кәсіподақ комитетінің қаулысымен, ал әкімшілік өкілдері – ұйым басшысының бұйрығымен бөлінеді. 3. Келісу комиссиясының құрамы қызметкерлерге мәлімет үшін көзге түсетін жерге орналастырылады. 4. Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы 3 жылға дейінгі мерзімге, яғни ұжымдық шарттың немесе әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің әрекет ету мерзіміне құрылады. Осы мерзім ішінде тараптар өз өкілдерін комиссия құрамын қалыптастыру үшін белгіленген тәртіпте алмастыра алады, барлық өкілдердің өкілеттіктері комиссияның құрылған мерзімінің аяқталуымен бірге аяқталады. 5. Келісу комиссиясының әрбір отырысында төраға мен хатшының міндеттерін кәсіподақ комитетінің өкілі мен жұмыс берушінің өкілі кезектесіп атқарады. Бір отырыстағы төраға мен хатшының міндеттерін бір тараптың өкілдері атқара алмайды. Комиссияның әрбір отырысында тараптармен келесі отырыстың төрағасы мен хатшысы тағайындалып, оларға отырысқа дайындық пен шақыру жүктеледі. 6. Еңбек даулары жөніндегі комиссияны техникалық қамтамасыз етуді (іс жүргізу, істерді сақтау, мәжіліс хаттамаларынан көшірмелер дайындау мен беру және т.б.) жұмыс беруші жүзеге асырады. Ұйым басшысы өз бұйрығымен комиссияны техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жүктелетін қызметкерді тағайындайды. 7. Келісу комиссиясының іс жүргізуі жалпы іс жүргізуден бөлек істер номенклатурасының ерекше бөлімінде жүргізіледі.
II. Келісу комиссиясымен қаралатын мәселелер 8. Келісу комиссиясы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы ұйымда туындайтын жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі сотқа дейінгі міндетті бастауыш орган болып табылады. Келісу комиссиясы ешбір ерекшеліксіз туындаған барлық жеке еңбек дауларын қарауға міндетті. 9. Келісу комиссиясы қызметкерлердің еңбек заңнамасын, ұжымдық шартты, келісімдерді және өзге де жергілікті құқықтық актілерді, еңбек шарттарын қолданумен қатысты, соның ішінде: 1) еңбекке ақы төлеу; 2) басқа жұмысқа ауыстыру және басқа жұмыс орнына көшіру; 3) еңбекке ақы төлеу, соның ішінде лауазымдарды қоса атқару, уақытша орнында жоқ қызметкерді ауыстыру кезінде, үстеме жұмыс, түнгі уақыт, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін еңбекке ақы төлеу; 4) қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесімен көзделген қызметкерге тиесілі сыйақы мөлшері мен оны алу құқығы; 5) жәрдемақылар төлеу мен кепілдіктер беру; 6) қызметкердің жалақысынан ұсталынған ақшалай соманы қайтару; 7) еңбек демалыстарын беру; 8) арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғау құралдарын беру, емдеу-профилактикалық тамақтану; 9) амалсыз бос жүрген уақытына жалақы төлеу немесе заңсыз ауыстырумен байланысты төмен ақы төленетін жұмысты орындаған уақытына жалақысының айырмасын төлеу; 10) еңбекке ақы төлеу жүйесімен көзделген үстеме ақыларды қосқанда жалақыны өндіру; 12) тәртіптік жаза қолдану; 13) еңбек шартын жасау немесе өзгерту туралы мәліметтер еңбек кітапшасында қате немесе нақты жазылмауы туралы, егер бұл жазбалар бұйрыққа (өкімге) немесе заңмен көзделген өзге құжаттарға сәйкес келмесе; 14) жұмысқа қайта алу, жұмыстан шығару күнін және себебінің тұжырымын өзгерту; 15) келтірілген материалдық шығынды өтеу; 16) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін қадағалау; 17) аттестаттау комиссиясы шешімінің күшін жою туралы мәселелерді қарайды. Келісу комиссиясы еңбек заңнамасын, ұжымдық және еңбек шарттарын, жұмыс берушінің актілерін қолдануға байланысты басқа да жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі міндетті орган болып табылады.
III. Еңбек даулары жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі
10. Егер қызметкер ұйым әкімшілігімен тікелей келіссөздер барысында келіспеушілікті реттемеген болса, еңбек дауы комиссиямен қаралады. 11. Комиссияға түсетін арыздарды қабылдауды жұмыс беруші жүргізеді, жалдаушының есебінен және бланкілерінде еңбек даулары бойынша комиссияның атынан азаматтармен және ұйымдармен қатынас хаттар жүргізіледі (шақыртулар жіберу, жауаптар беру және т.б). Комиссия жұмысының барлық шығындарын Жұмыс беруші өтейді. 12. Қызметкерлер келісу комиссиясына еңбек даулары бойынша жүгіне алады: - жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша - жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап бір ай өткенге дейін; - басқа еңбек даулары бойынша - қызметкер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиісті күннен бастап бір жыл ішінде. Жеке еңбек дауларын қарау жөнінде органдарға жүгіну мерзімінің өтуі қаралып жатқан жеке еңбек дауы бойынша медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде, сондай-ақ келісу комиссиясының оны құрғанға дейін болмауы жағдайында тоқтатыла тұрады. Белгіленген мерзімді дәлелді себептермен өткізіп алған жағдайда еңбек даулары жөніндегі комиссия оны қайтадан белгілей алады. 13. Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы еңбек дауларын арыз тіркелген күннен бастап 15 күндік мерзімде қарауға міндетті. 14. Арызы бойынша еңбек дауы қаралып жатқан қызметкер комиссия отырысына үш күннен кешіктірілмей шақырылады. 15. Еңбек даулары жөніндегі комиссия отырыстары комиссия мүшелері, мүдделі қызметкер, сондай-ақ куәгерлер және шақырылған мамандар мен сарапшылар мәжіліске өздеріне қолайлы мезгілде қатыса алатындай уақытта өткізіледі. 16. Барлық дауларды арыз беруші қызметкердің қатысуымен еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы қарайды. Дауды сырттай қарауға тек қызметкердің жазбаша өтініші бойынша ғана жол беріледі. Қызметкер комиссияның отырысына келмей қалған жағдайда, оның арызын қарау кейінге қалдырылады. Қызметкер дәлелді себептерсіз екінші рет келмей қалған жағдайда, комиссия мәселені қараудан алып тастау туралы шешім шығаруы мүмкін, мұның өзі қызметкерді қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды. 17. Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы отырысқа куәгерлерді шақыруға, жеке тұлғаларға техникалық және бухгалтерлік тексерулер жүргізуді тапсыруға, әкімшіліктен құжаттар мен есептерді көрсетуді талап етуге, сұраныстар жіберіп, мемлекеттік және жоғарғы кәсіподақ органдарының кеңестерін қолдануға құқылы. 18. Еңбек даулары жөніндегі комиссия отырысының басында мүдделі қызметкер отырысқа қатысып отырған кез-келген комиссия мүшесіне дәлелді наразылық білдіруге құқылы. Мұндай жағдайда дауды қарау комиссиямен белгіленген басқа уақытқа ауыстырылады. 19. Наразылық білдіруді қанағаттандыру мәселесі: а) әкімшілік өкіліне қатысты болса – ұйым басшысымен; б) кәсіподақ өкіліне қатысты болса – кәсіподақ комитетімен шешіледі. Басшы бұйрық шығарады, ал кәсіподақ комитеті наразылық білдіру туралы арыз қанағаттандырыла ма әлде жоқ па, сол туралы шешім қабылдайды. Тағайындалған комиссия мүшесінің орнына басқа өкіл бөлінуі мүмкін. Наразылық білдіру тек сол қызметкердің арызын қарау жөніндегі комиссия отырысы үшін жарамды. 20. Еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы отырысқа барлық комиссия мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысқан жағдайда, шешім қабылдауға құқылы. Еңбек даулары жөніндегі комиссияның шешімдері отырысқа қатысқан барлық әкімшілік өкілдері мен кәсіподақ комитетінің өкілдері арасында келісім бойынша қабылданады, міндетті күші бар және қандай да бір бекітуді талап етпейді. Комиссияның шешімдері қолданыстағы заңнамамен, ұжымдық және еңбек шарттарымен, келісімдермен, ережелермен, қағидалармен, нұсқаулықтармен дәлелденіп және негізделуі тиіс. Ақшалай талаптар бойынша комиссия шешімдерінде қызметкерге тиесілі нақты сома көрсетілуі қажет. Келісу комиссиясының шешімі екі жұмыс күні ішінде 21. Еңбек даулары жөніндегі комиссияның әрбір отырысында хаттама жүргізіледі. Хаттамаға отырыс аяқталған соң төраға мен хатшы қол қояды. Келісімге қол жетпеген жағдайда, комиссия отырысының хаттамасында әрбір тараптың ұсыныстары баяндалады және келісімге келмегені туралы жазылады. Хаттамаға тексерулер материалдары, жазбаша түсініктемелер, қорытындылар, қатынас хаттар және дауды қарау барысында комиссиямен алынған өзге де құжаттар тіркеледі. 22. Егер еңбек даулары жөніндегі комиссияда дауды қарау кезінде кәсіподақ комитетінің өкілі мен әкімшілік өкілінің арасында келісімге қол жеткізілмесе, онда қызметкер дауды шешу туралы арызымен сотқа жүгінуге құқылы. 23. Қызметкер еңбек дауы жөніндегі комиссияның шығарған шешімімен келіспеген жағдайда, еңбек дауын шешу туралы арызымен сотқа жүгіне алады.
IV. Еңбек даулары жөніндегі комиссия шешімдерінің орындалу тәртібі
24. Еңбек даулары жөніндегі комиссияның шешімдерін ұйым әкімшілігі онда белгіленген мерзімде орындауға тиіс. Жұмысқа қайта алу туралы шешім дереу орындалуға тиіс. 25. Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетілген) барлық уақыты үшін орташа жалақысы немесе басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылуы кезінде төмен ақы төленетін жұмысты орындағаны үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы айырма төленеді. 26. Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуын кешіктірген жағдайда, келісу комиссиясы қызметкерге шешімнің орындалуы кешіктірілген уақыт үшін орташа жалақысын немесе жалақысының айырмасын төлеу туралы шешім шығарады. V. Жеке даулар бойынша шешімдерді шығару мен олардың орындалу тәртібі
27. Заңсыз ауыстыру, көшіру, еңбек жағдайларын елеулі өзгерту немесе жұмыстан шеттету жағдайында қызметкер бұрынғы жұмысына, бұрынғы жұмыс орнына қайта алынып, оған бұрынғы елеулі жұмыс жағдайлары қайта беріледі. Көшіруге өндірістік, ұйымдастырушылық немесе экономикалық себептер негіз болуы тиіс. Қызметкерді ауыстыру және көшіру, соның ішінде ол қызметкердің келісімімен жасалса, егер бұл оған медициналық қорытындыға немесе заңнама талаптарына сәйкес (қызметкерлердің жеке санаттарының, соның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандардың еңбегін қолдануға тыйым салу) денсаулық жағдайына байланысты қарсылық тудыратын болса, заңсыз болып есептеледі. Қызметкер заң бұзушылықпен ауыстырылған жұмысына шығудан бас тартса, ол дәлелсіз жұмыстан қалған болып есептелмейді. Негізделген өндірістік, ұйымдастырушылық немесе экономикалық себептерді растайтын дәлелдер болмаған жағдайда, еңбек жағдайын елеулі өзгерту заңсыз болып табылады. 28. Еңбек даулары жөніндегі комиссия жұмысқа қайта алу туралы шешім шығарған кезде, қызметкерге амалсыз бос жүрген уақытына орташа жалақы немесе төмен ақы төленетін жұмысты орындаған уақытына жалақысының айырмасын төлеу туралы шешімді де қатар қабылдайды. 29. Қызметкерге тәртіптік жаза шарасын қолдану туралы дауды шеше отырып, еңбек даулары жөніндегі комиссия заңсыз салынған немесе теріс қылықтың қатаңдығына сәйкес келмейтін жазаны жоя алады. Дегенмен комиссия бір жазаны екінші жазалау шарасымен алмастыра алмайды, өйткені ҚР ЕК 65-бабына сәйкес тәртіптік жаза шараларын таңдау құқығы Жұмыс берушіге тиесілі. 30. Басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған қызметкерді жұмысқа қайта алу туралы шешім дереу орындалуға тиіс. 31. Ақшалай соманы өтеу туралы дауды қарау кезінде еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы қызметкерге келісу комиссиясына жүгінбеген кезге дейінгі үш жылдан аспайтын мерзімге төленбеген және заңсыз ұсталынған сомаларды қайтару туралы шешім қабылдай алады. 32. Жұмыс берушіден өндірілген сомалар қызметкерге комиссия шешім шығарғаннан кейінгі жалақы төлеу үшін белгіленген мерзімге жақын уақытта төленеді.
VI. Еңбек даулары жөніндегі комиссия мүшелері жұмысының кепілдіктері
33. Еңбек даулары жөніндегі комиссияның құрамына сайланған қызметкерлерге комиссия жұмысының уақытында орташа жалақылары сақталады. 34. Еңбек даулары жөніндегі комиссия мүшелерін (егер олар кәсіподақ мүшелері болса) жалдаушының бастамасымен жұмыстан шығаруға және тәртіптік жаза қолдануға тек кәсіподақ комитетінің алдын ала келісімімен ғана жол беріледі. 35. Еңбек даулары жөніндегі комиссия мүшелерімен еңбек шарттарын жасасу (ұзарту) олардың өкілеттік мерзімінен кем болмайтын мерзімге жасалады.
№ 3 қосымша
Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу және жұмыс берушінің актілерін қабылдау кезінде сайланбалы кәсіподақ органдарының дәлелді пікірін алу тәртібі
1. Жұмыс беруші осы ұжымдық шартпен, сондай-ақ осы шарттың тараптарына таратылған келісімдермен көзделген жағдайларда, кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескере отырып немесе онымен келісім бойынша қабылданатын шешімді қабылдар алдында, шешімнің жобасын және оның негіздемесін кәсіподақ ұйымының тиісті сайланбалы органына жібереді. 2. Кәсіподақ ұйымының сайланбалы органы аталған шешімнің жобасын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жоба бойынша дәлелді пікірін жазбаша нысанда жұмыс берушіге жібереді. 3. Егер кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының дәлелді пікірі жұмыс беруші шешімінің жобасымен келіспесе немесе оны жетілдіру жөнінде ұсыныстары болса, онда жұмыс беруші қызметкерлердің өкілдерімен кеңес жүргізуге құқылы. 4. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, жұмыс беруші тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясында немесе сотта сайланбалы кәсіподақ органымен шағымдалуы мүмкін болатын шешім қабылдауға құқылы. Кәсіподақ ұйымының сайланбалы органы да ҚР Еңбек кодексімен белгіленген тәртіпте ұжымдық еңбек дауының тәртібін бастауға құқылы. 5. Кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкермен еңбек шартын бұзу мүмкіндігі туралы шешім қабылдау кезінде, жұмыс берушінің өкілі (бұдан әрі- Жұмыс беруші) тиісті сайланбалы кәсіподақ органына (бұдан әрі – Кәсіподақ комитеті) бұйрықтың жобасын, сондай-ақ аталған шешімді қабылдау үшін құжаттар көшірмесін жібереді. 6. Кәсіподақ комитеті бұйрықтың жобасын және құжаттар көшірмелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бұл мәселені қарап, Жұмыс берушіге жазбаша нысанда өзінің дәлелді пікірін жібереді. Жеті күн мерзімде жіберілмеген пікір немесе дәлелсіз пікір жұмыс берушімен ескерілмейді. 7. Дәлелді пікір туралы шешімді кәсіподақ комитеті алқалы өз отырысында кәсіподақ комитетінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен, көпшілік дауыспен қабылдайды. 8. Кәсіподақ комитетінің отырысы хаттамамен ресімделіп, оның құрамына сайланған мүшелер саны, отырысқа қатысушылар саны көрсетіліп, отырыстағылардың пікірі мен оның негіздемесі (дәлелдеме) айқындалады. 9. Өз пікірін негіздеу кезінде кәсіподақ комитеті қолданыстағы заңнамаға, ұжымдық шартқа, келісімдерге, белгілі жағдайларда нақты қызметкерлердің еңбек шарттарына, сондай-ақ Жұмыс берушімен және Кәсіподақ комитетімен шешімдер қабылдау кезінде білім ұйымында нақты туындаған жағдайларға сүйенуі мүмкін. 10. Жұмыс берушінің алдағы қабылданатын шешіміне байланысты барлық жағдайларды анықтау қажеттігі кезінде, Кәсіподақ комитеті өз отырысына Жұмыс берушінің өкілдерін, өзге де мамандар мен сарапшыларды шақыруға құқылы. 11. Егер Кәсіподақ комитеті жұмыс берушінің болжанған шешімімен келіспеген жағдайда, ол үш жұмыс күні ішінде Жұмыс берушімен немесе оның өкілімен қосымша кеңестер жүргізеді, нәтижесін хаттамамен ресімдеп, оған Жұмыс беруші мен Кәсіподақ комитеті қол қояды. 12. Ортақ шешімге келмеген жағдайда Жұмыс беруші кеңес беру нәтижесі бойынша Кәсіподақ комитетіне бұйрықтардың жобасы мен құжаттардың көшірмелерін жіберген күннен бастап он жұмыс күні ішінде соңғы шешімді қабылдауға құқылы. 13. Жоғарыда аталған процедураларды қадағалау немесе оның мүдделерін білдіретін Кәсіподақ қызметкердің жұмыстан босатуды тікелей сотта шағымдану құқығынан айыра алмайды.
Жұмыс берушінің дәлелді пікірді немесе оған негіздеме және келісім алу туралы кәсіподақ ұйымының сайланбалы органына өтінішінің үлгісі
Құжаттың күні мен шығыс нөмірі _________________________________ (бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының атауы)
Сайланбалы органның дәлелді пікір немесе кәсіподақ ұйымымен келісім беру туралы ӨТІНІШ ___________________________________________________________ жобаны және (ұйым атауы) ________________________________________________________________________ (жұмыс беруші актісінің атауы) барлық қажетті құжаттар қосымшасымен оған негіздемені жібереді. Бес жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің осы актісінің жобасы бойынша дәлелді пікірді жазбаша нысанда жіберуіңізді сұраймын. Қосымша: ______ бетте. Ұйым басшысы __________________________ (қолы, тегі және аты-жөні)
Кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының дәлелді пікірінің үлгісі
Құжаттың күні мен шығыс нөмірі _________________________________ (ұйымның атауы) _________________________________ (басшының лауазымы, Т.А.Ә.)
ОТЫРЫС ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ _____________________________________________________________________________ (кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының атауы) _____________________________________________________________________________ ( мәселенің атауы) Мәселесі бойынша дәлелді пікірді
_______________________________________________________ өкілетті құрамымен (кәсіподақ органының атауы) Жұмыс берушінің 20___ж. «___» __________ 20___ г. № __ жобасы бойынша ________________________________________________________________________ (жұмыс беруші актісінің атауы) Өтінішін, оған негіздемені және жұмыс берушінің нормативтік актісін қабылдау қажеттілігі мен заңдылығын растайтын құжаттарды қарады.
______________________________________20___ ж. «___»__________ мәжілісінде (сайланбалы кәсіподақ органының атауы) _____________________________________________________________________________________ (жобаның атауы) жобасын дайындау кезінде ҚР еңбек кодексімен және нормативтік құқықтық актілермен көзделген нормалардың, ұжымдық шарт пен келісімдер жағдайларының Жұмыс берушімен қадағалануы тексерілді. Мынадай дәлелді пікір бекітілді:
ДӘЛЕЛДІ ПІКІР ______________________________________________________________________________ (сайланбалы кәсіподақ органының атауы) __________________________________________________________ жобасы бойынша ( жобаның атауы) Жоба ҚР еңбек заңнамасымен белгіленген және осы актіні қабылдауды реттейтін еңбек құқығының нормаларынан тұратын өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына, келісімнің немесе ұжымдық шарттардың ________ тармақтарына (баптарына) сәйкес келеді (сәйкес келмейді), қызметкерлердің жағдайларын нашарлатпайды (нашарлатады). Мазмұны, енгізу мерзімдері бойынша жобаға өзге де ескертулер мен толықтырулар, ұсынылатын өзгерістер және т.б. туралы көрсетілсін. Жоғарыда айтылғандар негізінде ____________________________________ (кәсіподақ органының атауы) _______________________________________________________ жобасын жұмыс берушінің (жобаның атауы) қабылдауы мүмкін (мүмкін емес) деп шешеді.
Кәсіподақ ұйымының төрағасы ____________ ______________________ (қолы) (Т.А.Ә.) Кәсіподақ органының 201_ ж. «___»__________ дәлелді пікірін алдым
_____________________________________________________ (жұмыс берушінің Т.А.Ә.) «___»__________ 201_ж. ____________ (қолы)
Жұмыс берушінің қызметкерді жұмыстан босату туралы дәлелді пікір алу үшін бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органына өтінішінің үлгісі
Құжаттың күні мен шығыс нөмірі _________________________________ (бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының атауы)
Бастауыш ұйымның сайланбалы органының дәлелді пікір беру туралы ӨТІНІШІ __________________________________________________ҚР Еңбек кодексінің 52-бабының (ұйым атауы) 1-т. ___ ) т.т. негізінде _________________________________________ (қызметкердің Т.А.Ә.) _____________________________________________________________________________________ (жұмыстан шығарылушының лауазымы, кәсібі, жұмыс орны) еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың жобасын және келесі құжаттар қосымшасымен оған негіздемені жібереді:____________________________________________________ (бұйрықты( өкімді) шығарудың заңдылығына негіз болатын барлық қолданбалы құжаттар түгенделеді). Бес жұмыс күні ішінде осы актінің (бұйрықтың, өкімнің) жобасы бойынша дәлелді пікірді жазбаша нысанда жіберуіңізді сұраймын.
Қосымша: ______бетте.
Ұйым басшысы __________________________ (қолы, тегі және аты-жөні)
Жұмыс беруші бұйрығының жобасы бойынша кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының дәлелді пікірін ресімдеу үлгісі
Құжаттың күні мен шығыс нөмірі _________________________________ (бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының атауы) ______________________________ (басшының лауазымы, Т.А.Ә.) ОТЫРЫС ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ _____________________________________________________________________________________ (бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының атауы) Жұмыс берушінің _____________________________________________________ (жұмыс беруші бұйрығының жобасының атауы) қабылдау мәселесі бойынша дәлелді пікірінің жобасы туралы ______________________________ (бастауыш кәсіподақ ұйымы органының атауы) өкілетті құрамымен ________________________________________ жобасы бойынша 201_ ж. (жұмыс беруші бұйрығының жобасының атауы) «___»__________ № ___ өтінішті, оған негіздемені және жұмыс берушінің оны шығару заңдылығын растайтын құжаттарды қарады.
________________________________________ 201_ ж. «___»__________ мәжілісінде (кәсіподақ органының атауы) ұжымдық шарт жағдайларының негізінде жұмыс берушінің ________________________ (қызметкердің Т.А.Ә., лауазымы, кәсібі,жұмыстан шығарылушының жұмыс орны ) еңбек шартын бұзу туралы бұйрық жобасын әзірлеу кезінде қолданыстағы еңбек заңнамаларының нормаларын, барлық деңгейдегі келісімдерді қадағалауы тексерілді. Мынадай дәлелді пікір бекітілді: Дәлелді пікір _____________________________________________________________________________________ (сайланбалы кәсіподақ органының атауы) ___________________________________________________________________ жобасы бойынша (жұмыс беруші бұйрығының жобасының атауы) _____________________________________________________ еңбек шартын бұзу туралы жұмыс (қызметкердің Т.А.Ә, лауазымы) берушімен ұсынылған бұйрықтың жобасы Бұйрықтың жобасы мен оған тіркелген құжаттар оны қабылдау заңдылығын растайды (растамайды). Бұйрықтың жобасы ҚР ЕК _____ баптарымен белгіленген талаптарға сәйкес келеді (сәйкес келмейді), қызметкердің еңбек шартының жағдайларын бұзбайды (бұзады). Бұйрықтың жобасы ұйымдағы қызметкердің еңбек қызметімен байланысты, жұмыс берушінің ______________________________________ еңбек шартын бұзу туралы бұйрық (қызметкердің Т.А.Ә.) жобасын әзірлеу кезінде ескерілмеген қосымша жағдайларды ескереді (ескермейді). Жоғарыда айтылғандар негізінде жұмыс берушінің _____________________________ (қызметкердің Т.А.Ә, лауазымы) ҚР ЕК 52-бабының 1-т. ___ т.т. сәйкес еңбек шартын бұзу жөнінде бұйрықты шығару туралы шешімін мүмкін деп (мүмкін емес) деп білеміз.
Кәсіподақ ұйымының төрағасы ____________ ______________________ (қолы) (Т.А.Ә.) Кәсіподақ органының 201_ ж. «___»__________ дәлелді пікірін алдым _____________________________________________________ (жұмыс берушінің Т.А.Ә.) «___»__________ 201_ж. ____________ (қолы)
|
№ 4 қосымша
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ МЕН ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ РЕЖИМІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1.Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты және тынығу уақытының режимі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже), әр түрлі типтегі және түрдегі білім беру ұйымдарының қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, қызметкерлердің жұмыс уақытының және тынығу уақытының режимін реттеу тәртібін белгілейді.
1.2. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты және тынығу уақытының режимі ұйым қызметінің режимін ескеріп анықталады ( тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақыт, маусым, оқу сабақтарының ауысымы және білім ұйымы жұмысының басқа да ерекшеліктері ішінде болуы) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес әзірленген мекеменің немесе кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен, ұжымдық шартпен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен, осы Ережемен белгіленеді.
1.3. Мемлекеттік білім беру мекемелері мен кәсіпорындары басшыларының, олардың орынбасарларының, басқа да басқарушы қызметкерлердің жұмыс режимі аптасына қалыпты ұзақтылығы 40 сағат жұмыс уақытына негізделіп, білім беру ұйымдарының қызметін басқаруды қамтамасыз ету қажеттілігін ескеріп анықталады.
1.4. Жұмыс күні ішінде өз міндеттерін үздіксіз орындайтын педагог қызметкерлерге тамақтану үшін үзіліс белгіленбейді. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне тәрбиеленушілермен бір уақытта немесе осы мақсатқа арнайы бөлінген жерде бөлек тамақтану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
2. Оқу жылы мерзіміндегі білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің, мұғалімдерінің,
қосымша білім беру педагогтарының жұмыс уақытының режимі
2.1. Тәрбиешілердің, мұғалімдердің, қосымша білім беру педагогтарының (әрі қарай – оқытушылық жұмыс жүргізетін педагог қызметкерлер) педагогикалық жұмысты орындауы, оқытушылық жұмыспен байланысты тек педагогикалық жұмыстарды орындау үшін белгіленген уақыт нормаларының болуымен сипатталады.
Оқытушылық жұмысты жүргізетін педагог қызметкерлердің педагогикалық жұмыстың басқа бөлігін орындауы сағат саны бойынша нақтыланбаған, жұмыс уақытының ішінде жүзеге асырылады.
2.2. МДҰ 2-ауысымды режимде жұмыс істейді:
1 ауысым- 8.00-ден 13.00-ге дейін
2 ауысым-13.00-ден 18.00-ге дейін
2.3.Оқытушылық жұмысты жүргізетін қызметкерлердің жұмыс уақытын шығындауды талап ететін, сағат саны бойынша нақтыланбаған педагогикалық жұмысының басқа бөлігі білім беру ұйымының жарғысымен және ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен, тарифтік-біліктілік сипаттамасымен көзделген олардың лауазымдық міндеттерінен туындайды және жұмыс кестелері мен жоспарлары, соның ішінде педагог қызметкердің жеке жоспарларымен реттеледі, және:
- педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмыстарына қатысумен, ата-аналар жиналысын, кеңес берулерді, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру бағдарламасымен көзделген басқа да шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысуға байланысты міндеттерді орындаумен;
- ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға әдістемелік, диагностикалық және кеңес беру көмектерін ұйымдастырумен және өткізумен;
- тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу, олардың жеке мүмкіндіктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін, сондай-ақ олардың отбасылық және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеу жөніндегі жұмысқа тікелей дайындалуға кететін уақытпен.
2.4.Оқытушылық жұмысты жүргізетін педагог қызметкерлер үшін кесте бойынша оқу сабағын жүргізуден, жұмыс кестесімен және жоспарымен реттелетін өзге де міндеттерді орындаудан бос апта күндерін (білім беру ұйымы өз қызметін жүзеге асыратын уақыт мерзімі) педагог қызметкер біліктілігін арттыруға, өзін-өзі жетілдіруге, сабақтарға дайындалуға және т.б. қолдана алады.
2.5. Білім беру ұйымдары тәрбиешілердің, мұғалімдерінің жұмыс уақытының режимі, өздеріне қатысы жоқ себептермен (оқу жоспары және оқу бағдарламасы бойынша сағаттар санының және (немесе) топтардың және т.б. қысқаруы) оқу жылы ішінде оқу жүктемесі оларға оқу жылының басында белгіленген оқу жүктемесімен салыстырғанда азаяды, оқу жылының аяғына дейін осы Ереженің 2.3.-т. көзделген педагогикалық жұмысты орындау үшін қажетті уақытты есепке ала отырып, оларға барабар жалақыны сақтап сағаттар санымен анықталады.
3. Санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және басқа негіздер бойынша
тәрбиеленушілер үшін білім беру процесін
тоқтату мерзіміндегі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының режимі
3.1.Санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және басқа негіздер бойынша тәрбиеленушілер үшін білім беру процесін тоқтату мерзімдері, білім беру ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлері үшін жұмыс уақыты болып табылады.
3.2.Санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және басқа негіздер бойынша оқу білім беру процесін жеке топтарда немесе жалпы білім беру ұйымдарында тоқтату мерзімдерінде оқу-тәрбиелеу, әдістемелік, ұйымдастырушылық жұмыстарға тартылады.
№ 5 қосымша
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалыстың ұзақтығы
№№ р/с |
Лауазымның атауы |
Демалыс күндер саны |
1. |
Оқу-әдістемелік қамсыздандыру, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері |
42 |
2. |
Педагогикалық жұмыскерлер болып табылмайтын, азаматтық қызметкерлер, соның ішінде: - меңгерушінің шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары; - хатшы; - азпазшы; - тәрбиешінің көмекшісі; - есепші; - орта медициналық қызметкерлер - балташы; -слесарь-сантехник; -электромонтер; - кір жуатын машина операторы |
30 |
3. |
Азаматтық қызметкерлер болып табылмайтын жалдамалы жұмысшылар, соның ішінде: - еден жуушы; - вахтер; - аула сыпырушы; - күзетші; - ғимараттарға жиынды қызмет көрсету жұмыскері; - бағбан; - қоймашы; - көмекші жұмыскер; - кастелянша; - тігінші |
24 |
№ 6 қосымша
Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ оларды беру қағидаларына сәйкес үстемеақыға, зиянды, ауыр, қауіпті жағдайларда жұмысы үшін жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына құқығы бар жұмыскерлердің тізімі.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1053 бұйрығы.
р/с №№ |
Лауазымның атауы |
Демалыс күндер саны |
Аптадағы жұмыс уақыты, сағатта |
1. |
Білім беру ұйымдарының орта медициналық қызметкерлері (мейірбике) |
12 |
40 |
2. |
Кір жуатын машина операторы |
6 |
40 |
3. |
Аспазшы |
6 |
40 |
4. |
Еден жуушы |
6 |
40 |
ҚР ЕК 89 бабының 3 тармағына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы белгіленген жұмыскерлер тізімі
р/с №№ |
Лауазымның атауы |
Демалыс күндер саны |
Аптадағы жұмыс уақыты, сағатта |
1. |
Меңгерушінің шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары |
6 |
40 |
2. |
Есепші |
6 |
40 |
3. |
Хатшы |
6 |
40 |
4. |
Қоймашы |
6 |
40 |
№ 7 қосымша
Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне сыйлықақы төлеу, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің " Қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметкерлеріне еңбекақы төлеудiң жүйесi туралы" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы N 1193 жарлығының 5 т. сәйкес лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн қызметкерлердi көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ еңбек функцияларын орындауда, білім беру сапасын арттыруда ұйымдар қызметкерлерінің материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi.
2.Сыйлық беру шарттары
2. Сыйлық беруге құқық беретін, қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
1) еңбек тәртібін сақтау;
2) белгілі бір кезең ішіндегі жұмыстың нәтижелері;
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі орындау, жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін;
4) мерейтой, мереке күндері;
5) жұмыскерге жүктелген функциялар мен міндеттерді тиісінше орындау болып табылады.
3. Қызметкерге:
1) оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;
2) тиісті ұйымда алты айдан кем жұмыс істеген болса;
3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде сыйлық берілмейді.
4. Қызметкердің лауазымдық жалақысына үстемеақылар оған міндеттердің кеңейтілген аясы жүктелгені, жоғары кәсіптік деңгеймен және құзыреттілікпен, оларды практикада табысты қолданумен ұштасатын жұмыста жеткілікті тәжірибесі (өтілі) және дағдысы, сондай-ақ басқа да көрсеткіштері үшін белгіленеді.
5. Сондай-ақ, үстемеақылар қызметкердің осы ұйымда еңбек міндеттерін атқарған кезде алған еңбек жарақатына, кәсіптік ауруына немесе өзге де денсаулығының зақымдануына байланысты төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде еңбек қабілеттігін қалпына келтіргенге не мүгедектік белгіленгенге дейін белгіленуі мүмкін.
6. Үстеме ақының ең жоғары көлемі лауазымдық жалақының елу пайызынан аспауы тиіс.
7. Қызметкерге материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына байланысты мынадай:
1) оның отбасы мүшелерінің, жақын туған-туыстарының (зайыбының, ата-анасының, балаларының, ағалары мен әпкелерiнiң) қайтыс болуы;
2) некеге тұру;
3) бала туылған, бала асырап алған;
4) қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу жүргізілген (санаторлықтан басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам);
5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалуы, (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ, дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан қызметкерге мүліктік зиян келтіру жағдайларында жүзеге асырылады.
5.Қызметкерлерге сыйлықты бекіту және төлеу, материалдық
көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар
белгілеу тәртібі
8. Қызметкерлерге сыйлық беру және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу басшының бұйрығымен жүргізіледі.
9. Бұйрықта қызметкердің тегі және лауазымы, сыйлық (үстемеақы) беруге негіздеме мен мөлшері туралы мәлімет көрсетіледі.
10. Қызметкерге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықты қызметкердің жазбаша өтінішінің және білім беру ұйымы басшысының өтініші негізінде білім беру бөлімі қабылдайды.
Шығыстардың қалған түрлері бойынша қаражатты үнемдеуден сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жол берілмейді.
8-қосымша
ТОЛЫҚ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ШАРТ
«_____» ___________ 20____ ж . ___________________ ауылы
_____________________________________________________________________________,
(мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның толық атауы)
бұдан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын , меңгеруші _______________________________
(Т.А.Ә.)
тұлғасында, Жарғы негізінде әрекет ететін бір жақтан және _________________________
Т.А.Ә.) азамат, бұдан әрі «Қызметкер» деп аталатын, өз атынан жеке тұлға ретінде әрекет ететін екінші жақтан, бұдан әрі бірге Тараптар деп аталып, Жұмыс берушіге тиісті материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес төмендегі мәселелер жөнінде толық материалдық жауапкершілік туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады:
1. Жұмыс берушіде 20 ___ж. «_____» ___________ № ___ еңбек шарты негізінде (бұдан әрі – Еңбек шарты) қызмет жасайтын _____________ лауазымындағы және Жұмыс берушіге тиісті тауарлық-материалдық құндылықтарды тікелей қабылдауға, тапсыруға, сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға немесе өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде қолдануға байланысты және Қызметкермен жүкқұжат, қабылдау-тапсыру актісі, шығыс кассалық ордері немесе сенімхат бойынша есеп беру (бұдан әрі –«Материалдық құндылықтар») арқылы алынған, сондай-ақ ҚР заңнамасымен көзделген белгілі бір лауазымдағы қызметкердің материалдық жауапкершілігі жағдайында жұмыс жасайтын Қызметкер өзіне Жұмыс берушімен тапсырылған Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге толық материалдық жауапкершілік алады.
Қызметкердің материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері Жұмыс берушінің уәкілетті өкіліне қабылдау-тапсыру актісі бойынша Материалдық құндылықтарды қайтарған кезден бастап тоқтатылады.
2. Осы шарттың 1-тармағында айтылғандарға байланысты Қызметкер:
2.1. материалдық құндылықтарды ұқыпты ұстауға және материалдық құндылықтарды жоғалтуға немесе бүлдіруге байланысты Жұмыс берушіге шығынның келуін болдырмау шараларын қабылдауға;
2.2. оған сеніп тапсырылған материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етуге қауіпті барлық жағдайлар туралы Жұмыс берушіге уақытында хабарлауға;
2.3. материалдық құндылықтарды қолданып болғаннан кейін қабылдау-тапсыру актісі бойынша немесе кез-келген себеп бойынша Еңбек шартын бұзу кезінде соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей Жұмыс берушіге уақытында қайтаруға міндетті.
3. Жұмыс беруші Қызметкердің өзінің еңбек міндеттемелерін тиісті атқару шартымен оған сеніп тапсырылған материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етуге қажетті жағдайды жасауға міндеттеледі.
4. - Қызметкердің өзіне сеніп тапсырылған материалдық құндылықтарды қандай да бір себеппен, Қызметкердің материалдық құндылықтарды ұқыпсыз ұстауы нәтижесінде сындыруын, жоғалтуын немесе Қызметкердің қасақана әрекетін, материалдық құндылықтарды қасақана жоюы немесе бүлдіруін қосқандағы кінәсінен сақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда;
- Қызметкер Жұмыс берушіге материалдық құндылықтарды қайтармаған жағдайда;
4.1. Қызметкер Жұмыс берушіге осы Шарттың 5-тармағына сәйкес анықталған мөлшерде келтірілген зиянды өтеуге міндетті. Төлем Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
4.2. Қызметкердің келтірілген зиянды өтеуі туралы Жұмыс берушінің бұйрығы Қызметкермен келтірілген зиянды анықтаған күннен бастап екі аптадан кешіктірілмей шығарылып, тез арада Қызметкерге жазбаша түрде қолын қойғызып таныстырылуы тиіс
4.3. Қызметкер Жұмыс берушіге келтірілген зиянның мөлшерін ерікті түрде қайтаруға құқылы, олай болмаған жағдайда Жұмыс берушінің Қызметкерден келтірілген зиянның өтелмеген сомасын сот тәртібінде өндіруге құқығы бар.
4.4. Егер Қызметкер осы Шартта көзделген зиянды өтеу мөлшерімен немесе тәртібімен келіспесе, және осы мәселе бойынша Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмесе, Қызметкердің арызы бойынша дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген тәртіпте қаралады.
5. Келтірілген зиянның мөлшері шығындалған материалдық құндылықтардың құнына немесе Жұмыс берушінің пікірі бойынша қалпына келтірілуге тиіс материалдық құндылықтарды қалпына келтіру құнына сүйеніп есептеледі. Шығындалған материалдық құндылықтардың құны қолданыстағы заңнамалық нормалармен белгіленген тозуды шегергендегі материалдық құндылықтардың баланстық құнына (өзіндік құны) сүйеніп, бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде анықталады.
Сонымен бірге Тараптар, егер Еңбек шартын тоқтату кезінде Қызметкер Жұмыс берушіге соңғы жұмыс күні материалдық құндылықтарды қайтармаса, мұндай материалдық құндылықтар Қызметкердің кінәсінен жоғалған болып саналатынын және бұл келтірілген шығын осы Шартқа сәйкес қайтарылуға тиіс екенін мойындайды.
6. Материалдық құндылықтарды сақтаудың қамтамасыз етілуіне кінәлі қызметкердің, өзін еңбек міндеттемелерін орындаудан босатуға негіздеме ретінде олардың бұзылуын немесе болмауын сылтауратуға құқығы жоқ.
7. Қызметкер, егер материалдық құндылықтар оның кінәсінен жоғалмаса немесе бүлінбесе, материалдық жауапкершілікке тартылмайды.
8. Қызметкер Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 120-123 баптарымен, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 187-189, 195, 202, 204 –баптарымен танысты.
9. Осы Шарттың іс- әрекеті Еңбек шартының барлық іс-әрекет мерзіміне таратылады. Осы Шарттың іс-әрекеті, егер Еңбек шартының іс-әрекеті тоқтатылған кезде Қызметкер Жұмыс берушіге ешқандай зиян келтірмесе және Қызметкер Жұмыс берушіге тиісті жағдайда Материалдық құндылықтарды толығымен қайтарған болса, онда Еңбек шартының іс-әрекетін тоқтатумен қатар тоқтатылады. Олай болмаған жағдайда Материалдық құндылықтарды жоғалтуға немесе бүлдіруге қатысты Жұмыс берушіге келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Қызметкердің міндеттемесі оларды толық көлемде орындағанға дейін сақталады.
10. Осы Шарт заңды күші бірдей екі данада жасалады және бір- бір данадан тараптарға беріледі.
Жұмыс беруші
(Деректемелері, қолы, мөрі, күні)
Қызметкер
(Лауазымы, Т.А.Ә.,қолы, күні)
№ 9-қосымша
Білім және ғылым ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1.1. Білім және ғылым ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес туралы үлгілі ереже (бұдан әрі – Өндірістік кеңес) еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың алдын алу, қызметкерлердің денсаулықтарын сақтау жөнінде кәсіподақ органдарының, қызметкерлердің, жұмыс берушінің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жасалды.
1.2. Өндірістік кеңес ұйым басшысының және (немесе) кәсіподақ комитетінің жазбаша ұсынысы бойынша құрылады.
1.3. Өндірістік кеңестің құрамына жұмыс берушінің және қызметкерлердің өкілдері тең негізде кіреді. Уәкілдік саны тараптар келісімімен анықталады. Тараптардың әрқайсысы өзінің өкілін Өндірістік кеңестің құрамынан орнын ауыстырып шақыра алады.
Өндірістік кеңестің құрамына жұмыс берушінің өкілдерін тағайындау ұйым басшысының бұйрығымен жүзеге асырылса, қызметкерлердің өкілдерін тағайындау кәсіподақ комитетінің шешімімен іске асырылады.
Өндірістік кеңестің құрамына қызметкерлердің атынан міндетті түрде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қосылады.
1.4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңесті осы кеңестің мүшелері қатарынан кеңес мүшелерімен сайланған төраға басқарады. Кеңес мүшелері хатшыны сайлайды.
1.5. Өндірістік кеңестің жұмысы әлеуметтік әріптестік принциптері негізінде құрылады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңестің шешімдері жұмыс беруші мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.
1.6. Өндірістік кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге нормативтік құқықтық актілерін, барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік туралы келісімдерді, ұжымдық шартты, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыс берушінің локальдық актілерін басшылыққа алады.
1.7. Өндірістік кеңес мемлекеттік еңбек инспекциясымен, сондай-ақ кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясымен өзара іс-әрекет жасайды.
1.8. Өндірістік кеңес өз қызметін төрағамен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
1.9. Осы Ережемен және кеңес жұмысының жоспарымен көзделген міндеттерді орындау кезінде, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі оқудан өту кезінде Өндірістік кеңестің мүшелері жұмыс берушінің шешімі бойынша негізгі жұмыстарын орындаудан жалақыларын сақтай отырып босатылады.
1.10. Өндірістік кеңес еңбек ұжымы жиналысының алдында атқарылған жұмыс туралы жылына кемінде бір рет есеп береді.
2. ӨНДІРІСТІК КЕҢЕСТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
2.1. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұйымдастырушылық және өзге де іс-шараларды келісу. Өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың алдын алу, еңбекті қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптарын қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі болашақ және ағымдағы іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
2.2. Қызметкерлерге жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау және еңбек жағдайы, денсаулыққа зиян келтіру тәуекелінің болуы, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін қызметкерлерге тиісті жәрдемақылар, жеке қорғаныс құралдары туралы тараптардың ақпараттар беруіне жәрдемдесу.
2.3. Жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау және еңбек жағдайларын тексеруді ұйымдастыру мәселелерін келісу, жұмыс берушіге тексеру нәтижелері бойынша, еңбекті қорғау мен еңбек жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
2.4. Жұмыс берушіге еңбекті қорғауға, жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне оқытуды ұйымдастыруға, сондай-ақ еңбекті қорғау бойынша белгіленген тәртіптегі нұсқаулықты өткізуді және еңбекті қорғау талаптарын білуді тексеруді ұйымдастыруға жәрдемдесу.
3.1. Еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі нұсқауларды жасау мақсатында жұмыс берушінің, қызметкерлердің ұсыныстарын қарау;
3.2. Қызметкерлерді еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақаттанудың, кәсіби аурулардың алдын алу жөнінде жүргізілетін іс-шаралар туралы ақпараттандыру;
3.3. Қызметкерлерді жуу және залалсыздандыру құралдарымен, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, оларды сақтауды, жууды, тазалауды, жөндеуді, залалсыздандыруды ұйымдастыру жөніндегі қолданыстағы нормативтер туралы ақпараттандыру;
3.4. Жұмыс берушіге жұмысқа қабылдау кезіндегі міндетті алдын ала және міндетті мерзімді медициналық тексеруді, медициналық тексерістер нәтижелерін есепке алуды ұйымдастыру бойынша іс-шараларға жәрдемдесу;
3.5. Зиянды (қауіпті) еңбек жағдайында жұмыс жасайтын қызметкерлерге белгіленген тәртіпте сүттің және басқа бірдей азық-түліктің, емдеу-алдын алу тағамдарының уақытында тегін берілуіне жәрдемдесу;
3.6. Өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру, еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру мәселелерін қарауға, сондай-ақ өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды қысқарту жөніндегі ескерту шараларына бағытталған қаражаттардың жұмсалуын бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
3.7. Жұмыс берушіге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау және ұсыну, еңбекті қорғау талаптарын адал орындаған қызметкерлерді марапаттау;
3.8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі локальдық актілер жобалары бойынша ұсыныстарды дайындау, аталған жобаларды әзірлеуге және тексеруге қатысу.
4. ӨНДІРІСТІК КЕҢЕС :
4.1. Жұмыс берушіден жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы, өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулар туралы, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың болуы мен олардың әсерінен қорғау жөнінде қабылданған шаралар, денсаулыққа зиян келтірудің тәуекелі туралы ақпарат алуға;
4.2. Мәжілістерде қызметкерлерді жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайымен және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, олардың еңбекті қорғауға кепілдіктері мен құқықтарының қадағалану мәселелері бойынша еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың, жұмыс берушінің және оның өкілдерінің хабарламаларын тыңдауға;
4.3. Мәжілістерде еңбекті қорғау талаптарын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерді тыңдау, жұмыс берушіге оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4.4. Өндірістік кеңестің құзырлығындағы мәселелер бойынша еңбекті қорғау жөнінде ұжымдық шарттың (келісімнің) бөліміне ұсыныстар дайындауға қатысуға;
4.5. Жұмыс берушіге еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысқан қызметкерлерді ынталандыру туралы ұсыныстар енгізуге;
4.6. Еңбекті қорғау туралы заңнаманы қолданумен, еңбек жағдайының өзгеруімен, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлерге заңнамамен көзделген кепілдіктер мен өтемақылардың берілуімен байланысты еңбек дауларын шешуге қатысуға құқылы.
№ 10 қосымша
Білім және ғылым ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі
техникалық инспектор туралы
ЕРЕЖЕ
1.1. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастырушылық құрылымына кіретін білім ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы осы Үлгілі ереже ХЕҰ-ның 1971 жылғы 23-маусымдағы «Кәсіпорындардағы қызметкерлер өкілдерінің құқығын қорғау және оларға мүмкіндік беру туралы» №135 конвенциясына, ҚР Еңбек кодексіне, ҚР-ның «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына сәйкес жасалды.
1.2. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің өкілі болып, кәсіподақ комитетімен сайланады және ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңеспен бекітіледі.
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
Бақылаудың мақсаты - қызметкерлерге cалауатты және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың алдын алу, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың дұрыс және уақытында тексерілуі мен есепке алынуын, қызметкерлерге олардың еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақаттану немесе денсаулықтарына келтірілген басқа зақымдану кезінде толық көлемде шығынның өтелуін бақылау болып табылады.
1.3. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңестің мүшесі болып табылады.
1.4. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар ретінде қажетті білімі мен икемі бар, өздерінің іскерлік қасиетімен білім ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөнінде жұмыс беруші мен оның өкілдерінің қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыра алатын тұлғалар бола алады.
1.5. Техникалық еңбек инспекторы өз қызметінде мемлекеттік еңбек инспекциясымен өзара әрекет жасайды.
2. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметінің
негізгі міндеттері мен бағыттары
2.1. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметіндегі негізгі міндет- кәсіподақ мүшелерінің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
2.2. Барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарына жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасын қадағалауына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға кәсіподақтардың құқықтарын орындауға жәрдемдесу.
2.3. Әлеуметтік әріптестік туралы келісімдер мен ұжымдық шарттарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қатысты ұсыныстар әзірлеп, енгізуге қатысу.
2.4.Жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау жағдайын бақылауды, жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен талаптарды орындауын, еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерінің қадағалануын бақылауды жүргізу.
2.5. Еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы қолдануға және еңбекті қорғау туралы келісімдер мен ұжымдық шарттар бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты еңбек дауларын қарау кезінде мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарда, түрлі инстанциядағы соттарда кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін білдіру.
3. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың негізгі міндеттері
мен құқықтары
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор өз қызметін орындай отырып,
3.1. - еңбекті қорғау туралы заңнаманың қадағалануын;
- ұжымдық шарт (келісім) міндеттерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
3.2. - жұмыс берушінің лауазымды тұлғасынан өндірістегі жазатайым оқиғалар және кәсіби аурулар туралы мәліметтер, құжаттар, локальдық құқықтық актілер мен қоғамдық бақылау нысанына қатысты мәселелер бойынша өзге ақпараттарды сұратуға және алуға;
- жұмыс берушіге заңнамада, ұжымдық шартта (келісімде) анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қарауға міндетті ұсыныстарды беруге;
- лауазымдық тұлғаларға жұмыс орнына алкогольдық, есірткі және уланғыш заттармен мас болу жағдайында келген, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап ететін жеке қорғаныс құралдарын қолданбайтын, заңнамамен көзделген жағдай мен тәртіпте еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруден, нұсқаулықтан, медициналық тексерістен өтпеген қызметкерлерді тиісті күні жұмыстан босатуды ұсынуға;
- өндірістегі жазатайым оқиғаға, апатқа және басқа ауыр зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін немесе әкеліп соққан еңбекті қорғау талаптарын бұзушылық анықталған кезде, ұйым қызметкерлерінің еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін кезектен тыс тексеруді және еңбекті қорғау бойынша кезектен тыс нұсқаулықты жүргізу туралы ұсыныстар беруге;
- лауазымды тұлғалардан қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін еңбекті қорғау жөніндегі бұзушылықтарды шұғыл жоюды, ал олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда, бұзушылықты жойғанға дейін жұмысты тоқтатуды талап етуге;
- өндірістік кеңес пен кәсіподақ комитетінің мәжілістеріне еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қоғамдық бақылау мәселелерін шығаруға;
- анықталған бұзушылықтар бойынша қажетті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгінуге;
- еңбек заңнамасымен, ұжымдық шарттармен, келісімдермен көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындауға құқылы.
3.3. - жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау мен еңбек жағдайын;
- ауа тазарту және жарық беру қондырғыларының, жабдықтардың, құралдардың, құрылғылар мен құрал-саймандардың, көлік және жүк көтергіш құралдарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін;
- жұмысшылардың қажетті арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен уақытында қамтамасыз етілуін, оларды дұрыс пайдалануды және тиісті күтім жасауды (жөндеу, жуу және т.б.) ұйымдастыруды;
- еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулықты жүргізу және жұмысшыларды еңбектің қауіпсіз тәсіліне үйрету сапасы мен уақыттылығын;
- санитарлық-тұрмыстық үй-жай жағдайын, жұмысшыларды сабынмен, жуу және залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етуді, ауыз су режимін ұйымдастыруды;
- жұмыс уақыты мен тынығу уақыты туралы заңнаманың қадағалануын бақылайды.
3.4. - өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды тексеруге;
- еңбекті қорғау мен еңбек жағдайының санитарлық-техникалық жай-күйлерін төлқұжаттауға;
- ғимараттар мен құрылыстардың пайдалануға дайындығын олардың еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына;
- еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттаудан өткізу жөнінде іс-шараларды дайындауға қатысады.
4. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың жұмысын ұйымдастыру
және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
4.1. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор өз жұмысында заңнаманы, өндірістік кеңес туралы Ережені, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жарғысын, еңбекті қорғау жөніндегі ереже мен нұсқаулықты, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4.2. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор өз қызметін жұмыстың тікелей басшыларымен, мекемедегі (кәсіпорындағы) еңбекті қорғауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлермен, бастауыш кәсіподақ ұйымымен, мемлекеттік еңбек инспекциясымен байланыста құрады.
4.3. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбекті қорғау жөніндегі заңнама бұзушылықты, ұжымдық шарттың (келісімнің) орындалмауын анықтаған жағдайда:
- бұл туралы жұмыс берушіге хабарлап, бұзушылықты жою жөнінде шара қабылдауды ұсынады;
- ұжымдық шарттағы (келісімдегі), заңнамалық актілердегі анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар береді.
4.4. Нұсқаулықтар екі данада жасалады: бір данасы жұмыс берушіге тапсырылады (жіберіледі), екіншісі – бақылауды жүргізген еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторда бақылау үшін қалады.
4.5. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы:
- оларды еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен ақпараттандыруды, бақылау нысанына жататын нормативтік құжаттар және нұсқаулықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
- еңбекті қорғау жағдайын жақсарту жөнінде енгізілген ұсыныстарды жүзеге асыруға жәрдемдеседі;
- еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың болымды жұмыс тәжірибелерін жинақтап, оның таратылуын қамтамасыз етеді;
- еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды моральдық және материалдық ынталандыруды қарастырады.
4.6. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіргені үшін жұмыс берушінің лауазымды тұлғалары заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
№ 11 қосымша
Еңбекті қорғау жөніндегі келісім
Еңбекті қорғау жөніндегі осы Келісім – білім ұйымдарындағы еңбекті қорғау бойынша шараларды өткізу мен жоспарлаудың құқықтық нысаны.
Еңбекті қорғау бойынша шараларды жоспарлау өндірістегі жазатайым оқиғаларды, кәсіби ауруларды ескертуге, қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз етуді, еңбекті қорғау және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Осы Келісім ұжымдық шартқа қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және оның ажырамас бөлшегі болып табылады.
Жұмыс беруші Келісімде көрсетілген мерзімде төмендегі шараларды өткізуге міндеттеледі:
Іс-шараның атауы |
Өткізу мерзімі |
1. Ұйымдастырушылық шаралары |
|
1.1. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2007 жылғы 23-тамыздағы «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды жүргізу, нұсқау беру және олардың білімін тексеру Ережесін бекіту туралы» № 205-ө бұйрығына сәйкес еңбекті қорғау бойынша оқыту және білімін тексеру. |
Жүйелі түрде, нормативтер бойынша |
1.2. Қызметкерлерді жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету. |
Үнемі |
1.3. Жұмыс түрлері мен кәсіптер бойынша бөлек, еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар әзірлеу, бекіту және көбейту. Нұсқаулықтарды кәсіподақ органдарымен келісу. |
Жыл сайын, 1-ші тоқсан |
1.4. Кіріспе нұсқаулықтың және бөлек жұмыс орнындағы нұсқаулық бағдарламасын әзірлеп, бекіту. |
Жыл сайын, 10-шы қаңтарға дейін |
1.5. Бекітілген үлгілер бойынша жұмыс орнында және кіріспе нұсқаулықты тіркеу журналдарымен қамтамасыз ету. |
Жыл сайын, 10-шы қаңтарға дейін |
1.6. Ұйымдарды еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз ету. |
Үнемі |
1.7. Ұйымдағы жұмыс түрлері мен кәсіптер тізімін әзірлеу және бекіту: - алдын-ала және мерзімді медициналық тексеру қажет қызметкерлер; - қауіпсіздіктің аса жоғары талаптары қойылатын қызметкерлер; - қауіпті және зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстарына өтемақы тиесілі қызметкерлер |
Үш жылда бір рет |
1.8. Ғимараттар мен басқа құрылыстарды қауіпсіз пайдалану сәйкестігіне орай жалпы техникалық тексеру жүргізу. |
Жылына 2 рет: наурыздың 1-ші онкүндігі, тамыздың 3-ші онкүндігі |
1.9. Еңбекті қорғау жөніндегі комиссияны ұйымдастыру |
Жыл сайын 1-ші тоқсан |
1.10. Еңбекті қорғау жөніндегі әкімшілік-қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және өткізу |
Үнемі, жыл бойы |
1.11. Қызметкерлердің еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеру жөніндегі комиссияны ұйымдастыру |
Жыл сайын, қаңтарда |
2. Техникалық шаралар |
|
2.1. Су және газ өндірістік коммуникациялары мен құрылғыларын қауіпсіз қолдану және авариялық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру, қорғау және дабыл қондырғыларын орнату. |
Қаржылық мүмкіндік түсуіне қарай |
2.2. Қызметкерлердің қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қолданыстағы ұжымдық қорғану құралдарын жетілдіру. |
Үнемі |
2.3. Қауіпсіз пайдалану сәйкестігіне ғимараттардың электр жүйелері сымдарын оқшаулау және жерге тұйықтау қондырғыларын сынаудан өткізу. |
Нормативтерге сәйкес |
2.4. Өндірістік жабдыққа, коммуникацияға және басқа да объектілерге дабыл түстері мен қауіпсіздік белгілерін қондыру |
2018 жылдың 1-ші жартыжылдығы |
2.5.Өндірістік бөлмелердің жұмысын механикаландыру, ауа өткізгіштер мен желдеткіш қондырғыларды тазарту. |
Үнемі |
2.6. Нормативтік санитарлық талаптар, құрылыс нормалары мен ережелерін орындау мақсатында ғимараттарды (өндірістік, әкімшілік, қойма және т.б.) жаңарту. |
Үнемі |
3. Емдеу-алдын-алу және санитарлық-тұрмыстық шаралар |
|
3.1. Қызметкерлердің алдын ала және мерзімдік медициналық тексерістері. |
Жылына 1 рет |
3.2. Қызметкерлерге тынығу бөлмелерін жасау. |
2018-2020 жылдар |
3.3. Медицина кабинетін жабдықтау және оларды алғашқы медициналық көмек көрсету дәрі қобдишаларымен қамтамасыз ету. |
2018 жылдың 1-ші жартыжылдығы |
4. Жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету шаралары. |
|
4.2. Қызметкерлерді бекітілген нормаларға сәйкес сабынмен, жуу зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз ету. |
Нормативтерге сәйкес |
5. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі шаралар |
|
5.1. Өрт қауіпсіздігінің ережелері негізінде өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы кәсіподақ комитеттерімен келісім бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу, бекіту. |
2018 жылдың 1-ші тоқсаны |
5.2. Өртке қарсы кіріспе нұсқаулықты тіркеу журналдарымен, жұмыс орындарындағы өртке қарсы нұсқаулықты тіркеу журналдарымен, сондай-ақ өрт сөндірудің алғашқы құралдарын есепке алу журналдарымен қамтамасыз ету. |
Әр жылдың 10-шы қаңтарына дейін |
5.3. Өрт шыққан жағдайда адамдарды көшірудің жоспар-сызбасын және нұсқаулықтар әзірлеп, ұйымдарды қамтамасыз ету. |
Жыл сайын, 1-ші тоқсан |
5.4. Өрт шкафтарын орнату және оларды өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау. |
Үнемі |
5.5. Ұйымдарды өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен қамтамасыз ету (құм, өрт сөндіргіштер және т.б.) |
Үнемі |
5.6. Жұмыскерлерді, тәрбиеленушілерді өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына оқытуды ұйымдастыру және барлық персоналды көшіру жөнінде жаттығу шараларын өткізу |
Оқыту жоспарына сәйкес |
5.7. Ағаш құрылымдарды оттан қорғауды қамтамасыз ету. |
Үнемі |
5.8. Запастағы көшіру жолдарын жарамсыз жиһаздар сақтаудан босату. |
Үнемі |
№ 1.1 қосымша
Жұмыс уақыты және оны пайдалану.
Лауазымның атауы |
Мөлшерлемеге жүктеме (сағатта) |
Жұмыс күннің ұзақтығы |
Түскі ас (сағатта) |
Меңгеруші |
8 |
9.00-18.00 |
1 |
Меңгерушінің шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары |
8 |
9.00-18.00 |
1 |
Әдіскер |
5 |
8.00-13.00 |
1 |
Аға тәрбиеші |
5 |
8.00-13.00 |
1 |
Тәрбиеші |
4 с.48 мин. |
Ауысым кестесі бойынша |
30 мин. |
Педагог-психолог |
8 |
9.00-18.00 |
1 |
Педагог (пән оқытушысы) |
|
9.00-14.00 |
1 |
Есепші |
8 |
9.00-18.00 |
1 |
Хатшы |
8 |
9.00-18.00 |
1 |
Мейірбике |
8 |
9.00-18.00 |
1 |
Емдәм бикесі |
8 |
8.00-17.00 |
1 |
Тәрбиешінің көмекшісі |
8 |
8.00-17.00 |
30 мин. |
Еден жуушы |
8 |
8.00-19.00 |
3 |
Аспазшы |
8 |
8.00-17.00 |
1 |
Кір жуатын машина операторы |
8 |
8.00-17.00 |
1 |
Ғимараттарға жиынды қызмет көрсету жұмыскері |
8 |
9.00-18.00 |
1 |
Көмекші жұмыскер |
8 |
9.00-18.00 |
1 |
Вахтер |
8 |
9.00-18.00 |
1 |
Сантехник |
8 |
9.00-18.00 |
1 |
Электр жүйесін жөндеуші |
8 |
9.00-18.00 |
1 |
Балташы |
8 |
9.00-18.00 |
1 |
Аула сыпырушы |
8 |
9.00-18.00 |
1 |
Бағбан |
8 |
9.00-18.00 |
1 |