«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Музыкалық аспаптар әлемінде”

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгінгі бірлескен: «Шығармашылық» саласы бойынша жаңа технология қолдану, еңгізу кеңесіне қош келдіңіздер!

 

 «Музыкалық тәрбие ол-музыкантты тәрбиелеу емес, барлығынан бұрын, адамды тәрбиелеу»

В.А.Сухомлинский.

       Заман ағымының өзгеруіне байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жаңа талап-міндеттер қойылуда. Балабақшадағы балалардың жан-жақты, рухани бай, жоғары мәдениетті болып қалыптасуына музыка тәрбиесінің қосатын үлесі зор. Нәзік сезімді жас бүлдіршіндерді өнерлі, мәдениетті, білімді болып өсуіне балабақшадағы музыка тәрбиесінің алатын орны зор. Музыка сабағында балалар: музыка тыңдау, ән салу, аспаптарда ойнау, би билеу тәрізді түрлі іс-әрекеттермен айналысады. Балабақшадағы музыка тәрбиесі баларды дамытуға, оларды мектепке даярлауға бағыттайтын алғашқа саты. Балалардың жеке басындағы дарындылық қасиеттерін, музыкалық ынтасын, қабілетін қалыптастыру процессі бірте-бірте, жүйелі түрде жүргізіледі.Әр жастағы балаларға музыкалық білім беру, оларды жоспарлы түрде мектепке дайындау мақсатымен ұштастыра жүргізіледі.

    Музыка  сабақтарында балалардың тыңдау, сезіну, орындаушылық, эмоциялық сезімдері қалыптасады. Қазіргі заман  музыка жетекшілерінің жұмысы жаңа мазмұнды талап етуді, дербес шығармашылық еңбек  ете алатын, белсенді  іздеуші тұлғаны,алғыр адамды тәрбиелеп шығару. Мектеп жасына дейінгі балалардың  қуанышының бастауы музыкадан нәр алады. Музыка сабақтарында әртүрлі педагогикалық әдістерді қолдану – ең маңызды мақсаттарды шешеді: балалардың ерте музыкалық тәрбиесінің қалыптасуы, музыкалық компонентінің құрылымы-балалардың музыкаға деген эмоциялық сезімдерінің дамуы.

Музыка жетекшісінің алдына қойылытын талап - міндеттер:

- Баланың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, оның рухани өмірін байыту.

- Музыка өнеріне деген саналы көзқарасты қалыптастыру.

- Балалардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту.

-Музыка арқылы балалардың ішкі жан дүниесін байыту.

     Осындай міндеттерді орындау үшін педагогтар жаңа бағдарлама мен технологияларды қолданады.  Айтып кететін болсам қазір  «Жобалау» әдісін қолданып жүрмін.

   Музыка сабақтарында  жоба технологиясының элементтерін қолданамын. Мен ән сабақтарында жалпы топпен жұмыс істеймін, топшаға бөлмеймін өйткені барлық балалар ән де айтып, би де билегісі келеді, сондықтан мен биге икемі бар балаларды жеке бөліп алмай барлығын бірдей үйреткенді жөн көремін. Жоба  бойынша сабақтан бос уақытта, мысалы түстен кейінгі уақыттырда жеке дарынды балалармен жұмыс істеп әр баламен индивидуалды түрде жұмыс жүргіземін, әр баланың жасын, қабілетін ескере отырып ата-аналарға да кеңес беремін.

       Өзімнің тарапымнан балалардың жастарына байланысты шығармаларды беруге тырысамын.  Биылғы оқу жылында жоба бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді:

Отбасына арналған кеңестер:

-         Ашық есік күндері;  (әр мерекелік ертеңгіліктерге ата аналардың ат салысуы).

-         Ашық сабақ, кеңестер;

-         Ата-аналар жиналыстары;

-         Саулнамалар мен анкеталар тарату;

-         Облыстық және қалалық сайыстарға ата-аналармен бірге дайындық жұмыстары;

Жобамның тақырыбы:

«Музыкалық  аспаптар әлемінде!». Оның ішінде Даңғырлатып ойнайтын музыкалық аспаптар.

 

Жобамның мақсаты: Мектепке дейінгі орта жастағы балаларға, музыкалық аспаптардың түрлері мен олардың топтары жайлы білімдерін тереңдету және кеңейту.

Жобаның міндеттері:

1. Баланың эмоционалды ортасын дамыту.

2. Балалардың қоршаған ортаны эстетикалық қабылдауын қалыптастыру.

3. Музыкалық мәдениетке баулу.

4. Музыка ойнауындағы қажеттілікті қалыптастыру.

5. Балалардың музыкалық қабылдауын байыту және музыкалық талғамның қалыптасуына ықпал жасау.

6. Шығармашылық пен таным дағдысын дамыту.

7. Ойлау қызметінің, естудің, қиялдың  дамуына ықпал жасау.

8. Сөздік қорын толықтыру.

9. Тәжірибе жинақтаудың түрлі формаларын меңгеру.

10. Ата аналармен қатынасты жақсарту үшін жағдай жасау және ата аналармен сенімді және серіктестік қатынас орнату.

Жаңартылған күні: 11.02.2022 11:22
Құрылған күні: 11.02.2022 11:22

Текст