«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Сауат ашу еліне саяхат" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

«Алтын ұя»  мектепалды даярлық  тобында  ұйымдастырылған  ашық  оқу  қызметі                                                                                         

 Тәрбиеші:Абдикова М.Б.

Білім беру  саласы:  Қатынас, Таным, Шығармашылық.

Бөлімі : Сауат ашу негіздері, Математика  негіздері

Тақырыбы: Сауат ашу еліне саяхат

Мақсаты: Балалар жыл бойы өткен тақырыптарды толық менгерген.

     Қатаң және ұяң дауыссыздарды ажыратады;

     Үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайды;

     Сөздегі буындардың санын анықтайды және екпінді буынды естиді;

     штрихтар салу, заттық суреттердің үстінен басу дағдыларын игерген.      Ересектер мен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын меңгерген; өз ойын айтаалады, басқаларды ңпікірін тыңдайды; жыл мезгілдерінің белгілері мен табиғаттың жеке құбылыстарын атайды;

Ресурстар:әріптер, каточкалар, т.б

Әдіс- тәсіл: М.Монтессори, 4К моделі, саралау, бақылау

ҰОҚ жүргізіліу барысы.

Шаттық шеңбері.

Музыка ырғағымен

Ой қозғау.

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз жыл бойы өткен сауат ашуды қортындылаймыз. балалар мен қойған сұраққа кім жылдам жауап береді?
Балалар қазір жылдын қай мезгілі?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Көктем айларын атап беріндер
Көктем мезгілінде қандай құбылыстар болады?

Мнемокесте

3 Сызба бойынша сұрақтар:

1. Күн. (Күн жарқырайды..)

2. Қар. (қар ериді.)

3.Мұз. (Мұз суға айналады.)

4. Су. (Жылғалардан су ағады..)

     Дыбыс дегеніміз не?

(Сыни ойлау, Криативті ойлау)

Әріп дегеніміз не?

Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Сауат ашудан не білдік, не үйрендік?

Олай болса әріптер арқылы сендерді топқа бөлемін.

Әріптер арқылы топқа бөліну

1.Балапан

2.Жұлдыз.

3.Бәйшешек

4.Күн

Қызығушылықты ояту.

Осы кезде  есік қағылады. Білім ханшайымы кіреді.

Құрметті менің кішкентай  білімді  ізбасарларым, мен сендерге  өзімнің  қолшатырымда сендерге арналған арнайы тапсырмаларым бар. Тапсырмаларды орындауға дайынсындар ма? Осы тапсырмалаларды жақсы орындасандар мен сендерді мектепте күтемін.

1 – тапсырма: Құрлымдалған ойын: «Бірінші дыбысты анықта»

Барысы: суретте бейнеленген затты қандай дыбыстан басталғанын айту.

(Сыни ойлау,баланың үні)
 - «Нан» сөзі қандай дыбыстан басталады?
(«Нан» сөзі Н дыбысынан басталады.)

- «Робот» сөзі қандай дыбыстан басталады?
(«Робот» сөзі Р дыбысынан басталады.)
- «Аққу» сөзі қай дыбыстан басталады?
(«Аққу» сөзі А дыбысынан басталады.)

- «Шағала» сөзі қай дыбыстан басталады?
(«Шағала» сөзі Ш дыбысынан басталады.)
- «Лақ» сөзі қай дыбыстан басталады?
(«Лақ» сөзі Л дыбысынан басталады.)
- «Ай» сөзі қай дыбыстан басталады?
(«Ай» сөзі А дыбысынан басталады.)
- «Алма» сөзі қай дыбыстан басталады? 
(«Алма» сөзі А дыбысынан басталады.)

2 – тапсырма:Дидактикалық ойын. Буынға бөлу.

Бір буынды сөзді қызыл жолақшаға жапсырамыз

Екі буынды сөзді сары

Үш буынды сөзді жасыл

Сергіту сәті

«Көңілді би»

4 – тапсырма: Буынды қос.

Барысы: шарда бейнеленген буынды түсіне қарай қосып оқы.

(Сыни ойлау,баланың үні)

Ша –на.О-тан.Са-ра.А-на.Са-ғат.Ба-ла

5 – тапсырма:

7 – тапсырма: «Суреттегі заттарды ата»

Барысы: сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды дөңгелекпен белгіле.
(Сыни ойлау)
ҚОРЫТЫНДЫ
Педагог:
- Дыбыс дегеніміз не? (Дыбысты естиміз, айтамыз.)
- Әріп дегеніміз не? (Әріпті көреміз, жазамыз.)
- Дауысты дыбыс дегеніміз не? (Дауысты дыбыстар еш кедергісіз шығады, созылыңқы айтылады.)  
- Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? (Дауыссыз дыбысты айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.)

 

Жаңартылған күні: 04.05.2023 20:31
Құрылған күні: 04.05.2023 20:31

Текст