«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білімді ел – Мәңгілік ел»

«Білімді ел – Мәңгілік ел»

 

Тақырыбы  : Білімді ел – Мәңгілік ел

Мақсаты: Педагогтарды  қазіргі заман  талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың  танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;

Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттер іншыңдау, оқушылар бойына  ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру. Мемлекеттік тілімізді сүйе  білуге  үйрету, туған  елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз  болуға  тәрбиелеу.

Цель: Определение роли патриотизма в жизни современного общества,  воспитывать чувство казахстанского патриотизма., выявить отношение молодежи к проблемам патриотизма и помочь стать позитивными творцами, так как молодежь сегодня - это Казахстан завтра.

Түрі: Интеллектуалды  ойын – сайыс .

Тип: Интеллектуальная игра – конкурс .

Көрнекілігі: слайдтар. Наглядность: слайды

Жүргізуші:Мәңгілік   елдің  мәңгі  бақытты  ұрпағын тәрбиелейтін – біз! Елбасы  Нұрсұлтан   Әбішұлы  Назарбаев өз  сөзінде  бізге үлкен сенім артатынын айтып өтті. Демек, біздің  алдымызда  үлкен  жауапкершіліктер   жатыр.

Біз – Мәңгілік  елдің  білімді де саналы, сауатты  ұрпағын тәрбиелеуде, өз еліміздің, Қазақстанның   гүлденуі мен әрі   қарай  дамуына, көркеюіне үлесімізді қосуға   тиіспіз. Артылған   үміт пен сенімнің   жүгі   қанша  ауыр  болмасын, сан қилы, сан қырлы  соқпақты  жолдар  болса да қазаққа тән қайсар мінезбен тайсалмай   көтеріп   өтуге   тиіспіз!

Өйткені   біз  сонау  заманда  Мағжан   Жұмабаевсынды   ата-бабаларымыз сенген, бұл  заманда елбасы Н.Ә.Назарбаев секілді ұлы тұлғалар үміт артқан ұрпақпыз! Бірде қарапайым да қарақазақ, бірде сөзгешешен, данышпан, дана қазақ бола білген   Ұлы  Қазақ   Елі – Мәңгілік  елдің    ұрпағымыз!

Отан   дейміз от жаққан   жерімізді,

Отан  дейміз  өсірген  елімізді.

Отан  дейміз  туған  жер, атамекен-

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.  

Отан  дейміз  кең  байтақ   астананы,

Жасыл  жайлау, жаңа  жол, жас  қаланы.

Отанның  шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол  бірақ  өз  үйіңнен   басталады.

  Қазақстан – біздің  сүйікті  Отанымыз. Көрсең  көз  тоймас  асқаршыңды таулары, айдың шалқар   көлдері, жайыла  аққан  өзендері, ормандары бар. Осының   бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың  аясында құлаш жайып, жайнай  түрленіп  жасанып- жарасып   жатыр.

Ведущая : Глава государства Нурсултан Абишевич Назарбаев в своем выступлении отметил, что доверяет нам.Следовательно, перед нами стоит большая ответственность. Мы –образованая  страна, грамотно воспитаное поколение своей страны, и именно мы  должны внести свой вклад в процветание Казахстана. Еще наши предки верили, что Н.А.Назарбаев надежда на наше светлое и открытое будущее!  « Мы потомки Казахской-вечной степи»!

Казахстан – наша любимая Родина.

 «Білімді   болсаң – жығарсың » дегендей, бүгінгі семинар  сайыс  түрінде  өтпек. Педагогтарға сандықшадан   асық  таралып, оларда жазылған сандар бойынша екі топқа  бөлінеді.

1 – топ: «Білімді ел»

2 – топ: «Мәңгілік ел»

Бұл білім сайысы 6 кезеңнен тұрады.

 1-кезең: Күш  білімде
 2-кезең: Поэзия минуты
 3-кезең: Шапшаңдық
 4-кезең: Топпен жұмыс
 5-кезең: Мақал-сөздің  көркі
 6-кезең: Капитандар  сайысы

Семинар пройдет в виде соревнования.

Участвовать в ней будут 2 команды.

1 группа: «Білімді ел»

2 группа: «Мәңгілік ел»

Конкурс состоит из 6 этапов.

1 этап: Сила - в знании

2 этап: Минутка Поэзии

3-этап : Оперативность

 4-этап: Работа в группе

 5-этап:  Пословицы -поговорки

 6-этап : конкурс капитанов.

Сонымен  

1-кезең: Күш  білімде.

Итак:

1 этап: Сила - в знании

1-топ «Білімді ел» командасына/ команде «Білімді ел»:

1.Мемлекеттік рәміздерді   ата. (Ту,елтаңба, әнұран)

1. Назовите государственные символы Казахстана . (Флаг, герб, гимн)

2.Қазақстан Республикасының туының авторы?( Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков)

2. Кто является автором флага РК? ( Шакен Ниязбеков) 

3.Қазақстан Республикасының рәміздер күнін ата? (4 маусым 1992 ж.)

3.  Назовите день государственных символов  Республики ?  (4 июня 1992 г)

4.Қазақстан   Республикасының   ұлттық   валютасы?  (теңге)

4.  Национальная валюта Республики казахстан? (тенге)

5.Қазақстан Республикасының  мемлекеттік   тілі?   (Қазақ тілі)

5.  Государственный язык Республики Казахстан? (Казахский язык)

 

6..Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары?  (Елтанбаның авторлары: Жандарбек Малибеков, Шота Валиханов)

6.  Назовите авторов Герба РК? (Жандарбек Малибеков , Шота Уалиханов) 

7.Қазақстан қандай мемлекет?(Тәуелсіз Мемлекет)

7. Казахстан какое государство? (Независимое Государство)

8.Елбасы Н.Ә.Назарбаев қай жылы, қай өңірде дүниеге келген?( 1940 жылы          6 шілдеде Алматы облысының Қарасай   ауданына қарасты  Шамалған  ауылында)

8 . Н.А.Назарбаев, в каком году, в каком регионе родился?( 6 июля 1940 года в селе Чемолган , Карасайского района, Алматинской области)

 

2-топ «Мәңгілік ел» командасына: 2 группа -  команде «Мәңгілік ел»:   

1.Қазақстан Республикасының  әнұранының авторлары?(сөзі: Назарбаев, Жұмекен Нәжмеденов, әні: Ш.Қалдаяқов)

1. Назовите авторов текста Гимна?  (слова: Жумекен Нәжмеденов,Н.Назарбаева, песня:Калдаякова)

2.Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991ж. 16 желтоқсанда)

2.Когда Казахстан получил свою независимость? (1991г. 16 декабря)

3.Тұңғыш қазақ ғарышкері?(Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров )

3.Первый казахский космонавт?(Токтар Онгарбаевич Аубакиров )

4.Қазақстанда қанша  облыс  бар? (14 обл)

4.Сколько областей  в  Казахстане ?( 14 обл.)

5.Астананың символы? (Бәйтерек)

5.Символ столицы? (Байтерек)

6.Алатаудың етегінде орналасқан Қазақстанның ең сұлу қаласы?(Алматы)

6.Самый красивый город Казахстана, расположенный у подножия Алатау?(Алматы)

7.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қай қалада? (Түркістанда)

7. В  каком городе находится  мавзолей  Ахмета Яссауи?  (Туркестане )

8. Қазақстанның тұңғыш астанасы?( Орынбор)

8.  Назовите первую столицу  Казахстана? ( Оренбург)

 

2-кезең: Поэзия минуты/ 2 этап: Минутка Поэзии
Екі топ мүшелері кезекпен берілген  өлең жолдарын нақышына келтіріп мәнерлеп оқиды.

Выразительно читают стихи поочередно .

3-кезең: Шапшаңдық /3 этап: Оперативность

Сөзден   2 минут 2 минут шінде көптеген сөздер құрап жазуларың керек.

«Қазақстандықтар»

 Составить   из  слова  «Қазақстандықтар» как можно больше  слов за

 минуты

Сергіту сәті / Разминка:

4-кезең: Топпен жұмыс  сурет салу тақырып бойынша/4 этап: работа в группах, рисование по теме.

5-кезең: Мақал-сөздің көркі. Бұл кезеңде мақал-мәтелдің бірінші жолы айтылады, соңын топ сайыскерлері толықтырады

 

5- этап : продолжить  пословицы и поговорки...

1. Туған жер - . . .алтын бесік

2.Родину любить – верно Родине служить.

3. Өз елім - . . .өлең төсегім.

4. Кто любит Родину и народ, тот настоящий патриот.

5. Отан - . . .оттан да ыстық.

6.Где родился, там  и   пригодился.

 

  6-кезең: Капитандар   сайысы /

 

  6 этап: конкурс Капитанов

 

1-топқа:

2-топқа:

Қорытынды: «Бүгінгі  білім – ертеңгі   байлығымыз» ХХІ ғасыр – білім   ғасыры. Адам баласы тек білім  арқылы  дүниені  таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды  дамытады, техниканы  өрістетеді, қоғамды  ілгері  бастырады. Білім  арқылы  өткен   тарихын  таниды, одан  тағылымалады, болашағын  болжап, келешегін  белгілейді "Ақыл  жастан, асылтастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның  болашағынан  үміт  күткендіктен  айтқан  болар. Сондықтан ел алдындағы, аға   ұрпақ   алдындағы  жауапкершілікті  ұмытпайық. Қоғам  талабына  сай   өз  тілін  сүйетін, көп  тілде  еркін  сөйлей  білетін  білімді, өнерлі, ақыл – парасаты мол азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелей берейік.

Өткенімізді  білетін, бүгінімізді  түсінетін, ертеңімізге сеніммен 

қарайтын  азаматтарымыз көп  болсын!

Заключение:. Наша задача - помочь молодежи стать позитивными творцами, так как молодежь сегодня - это Казахстан завтра. То, что мы вложим в наших ребят сегодня, завтра даст соответствующие результаты. Породим лодырей, невежд и наркоманов — значит, своими руками погубим наше государство. Воспитаем патриотов,   деловых и здоровых людей - значит, можно быть уверенным в развитии и становлении общества. Не случайно в качестве эпиграфа к нашему разговору я привожу слова Шокана Валиханова: «Что значит быть патриотом? Любить - да, но не только любить землю свою, но и обязательно что-то конкретное для нее делать». Поэтому быть патриотом не так уж и сложно - настоящая любовь подкрепляется конкретными делами.  Все в ваших руках! 
И напоследок я хочу сказать, 
Что Родина - это вторая мать. 
Ее не выбирают и не губят, 
А просто берегут и любят.

 

Жаңартылған күні: 11.02.2022 11:47
Құрылған күні: 11.02.2022 11:47

Текст