Мақсаты: балаларда жаңа жылдық, ғажайып көңіл-күй жасау; әндер мен билерді жоғары дәрежеде орындау қабілетін қалыптастыру; ертегі кейіпкерлеріне деген мейірімділікке тәрбиелеу; орындаушылық және шығармашылық дағдыларын дамыту; мерекеде өзін ұстау, өзі қуанышқа бөленіп басқаларға да қуаныш сыйлауға тәрбиелеу.
Жаңа жыл балаларға да, ересектерге де қуанышты ғажайып сәттердің бірі болып табылады. Балалар сиқырлы және мерекелік ортаға таңданады, Аяз Ата мен Ақшақарды күтеді, жарқыраған шамдарға және музыкалық залдағы әсем безендірілген шыршаға қуанады, өлеңдер мен әндер үйренеді. Балабақшада өткізілген мерекенің жағымды естеліктері балада өмір бойы есінде қалады.
Біздің балабақшада кестеге сәйкес апта бойы барлық жас топтарында ертеңгіліктер өтті, залда көңілді музыка ойнап, нағыз жаңа жылдық ғажайып болды.
Ата-аналар ертеңгіліктің сценарийіне сәйкес өз балаларына костюмдер, сондай-ақ тәтті сыйлықтар дайындады. Ертеңгіліктің кейіпкерлері әртістік шеберлігімен таңқалдырды. Музыкалық жетекшілердің, педагогтар мен тәрбиешілердің атқарған жұмыстары оң нәтиже беріп, ертеңгіліктер жоғары деңгейде өтті.