Кейіпкерлер:
Қарақшылар:
Әліппе:
Режиссер:
Оператор:
Мерекеге сай әсем безендірілген залда фанфар ойналып, екі бала ортаға шығады.
Жәнібек:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің,әр айың.
Кәусар:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын әнімізді бастайық.
Әдеп пенен өнегені үйреткен
Бақшамызды есімізде сақтайық!
Бірге:Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып, білім мен тәрбие нәрін сусындатқан тәрбиешілерімізді ортаға шақырамыз!
Көңілді музыкамен екі тәрбиеші кіреді.
Тәрбиешілер: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар! «Балапан» тобының «Бақытты балалық шағым» - атты балабақшамен қоштасу кешіне қош келдіңіздер!
1-ші тәрбиеші: Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым,
Бақшамыздан тәрбие алғандарым.
Енді міне ер жетіп бәрің бірге,
Достарыңмен мектепке барғандарың.
2-ші тәрбиеші: Балаларым, балапан, балғындарым,
Кілең беске оқыңдар жарқындарым.
Аттаныңдар жұптарың жазылмасын,
Ешқандайда қиындық жолықпасын.
1-ші тәрбиеші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә, қаншаңыз да.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
«Балапан» бүлдіршін түлектерін. Алдарыңызда....
Кішіпейіл, мейрімді біздің Айзерені қарсы алыңыздар.
Байсалды, қамқор ұлымыз Ибраhим.
Жібектей мінезі бар Адема.
Еңбекқор, білгіш Әлібек.
Ақжарқын, ақкөңіл Б.Айсұтан.
Ақжарқын, сезімтал қыз Медина.
Анасының еркесі Нұрайлым.
Жібектей мінезі бар, нәзігіміз Кәусар.
Болаттай қайратты Амирлан.
Ата - анасының көз жанары Нейля.
Ақылымен іс тындырған, нағыз нар жігіт Сауран.
Тобымызда өнерімен танылған Иманбек.
Ақжарқын, анасының еркесі Алима.
Өзі шапшаң, әр қырлы әншіміз Әлинұр.
Еңбекқор әрі ақылды Ерсұлтан.
Тобымыздың спортшысы, ақылды Альмансұр.
Өте нәзік, өте зерек қызымыз Амина.
Белсенді, ойшыл Дамир.
Анасының еркесі С. Айзере.
Семсер қылыш білегі, ақкөңіл Жәнібек.
Ақылы мол, спортқа жақын Т.Айсұлтан.
Әкесінің қамқоршысы Рахат.
(әдемі әсем залда балалар тақпақтарын оқиды).
Тақпақтар (Дамир,Әлинұр,Иманбек).
БИ: «ҚОШТАСУ ВАЛЬСІ»
1-ші тәрбиеші: Балалар, әдемі көрікті жарық топтарыңды, достарыңмен бірге ойнаған әртүрлі қызықты ойыншықтарыңды және осыншама жыл бірге болған балабақшадағы қызықты күндеріңді бірге өткізген құрбы-достарыңды әркез еске алып жүресіңдер, бұл күндер ұмытылмайды.
2-ші тәрбиеші: Біз бүгін осы жерде, балабақша өмірінен алынған қызықты кезеңдерге кезек берейік!
Бірінші кезең ол – ностальгиялық
1-ші тәрбиеші: Міне, балалар, сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелерің басталыпта кетті. Сендерді осы қуанышты күндеріңмен
құттықтауға балабақшамыздың ең кішкентай бүлдіршіндері келіп тұр. Қарсы алайық.
Ән: «Балабақша»
Бөбектердің құттықтауы:
Жолдарың болсын, сәт сапар,
Бақытты бәрің болыңдар!
Жақсы оқып сабақты,
Кілең «бестік» алыңдар!
2-ші тәрбиеші: Жарайсыңдар, бүлдіршіндер.Сендерге көп рахмет. Міне біздің балаларымыз осындай кіп-кішкентай, тәп-тәтті болды. Ал, енді бүгін балабақшамен қоштасып, мектеп табалдырығын аттамақшы. Бұл кішкентай бүлдіршіндерге біздің балалардың арнаған тақпағын қабыл алыңыздар.
Даярлық топтың баласы кішкентай балалардың жанына келіп
(Ерсұлтан, Асылжан, Инаят, Баялы, Жансауле):
Бірге ойнап, бір жүрген,
Күндерді біз қимаймыз.
Естелік болсын біздерден,
Ойыншықтар сыйлаймыз -деп, сыйлықтарын береді. Сәбилер ризашылықтарын білдіріп, залдан шығып кетеді.
Екінші кезең ол– лирикалық (Балабақшаның өмірінен үзінді тыңдаңыздар):
Тақпақтар.
А. Айзере.Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын табамыз
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Үлкендердей тап-таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.
Ибраhим. Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.
Медина. Мектепке енді барамыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз!
Балабақшам қош енді
Әркез аман бол деймін
Әкем менен анамды,
Ертіп енді келмеймін.
Дамир. Өзіңнен көп дос таптым,
Бауыр баса бастаппын
Тәрбиешілер мейірбан
Келмей тұр енді қоштасқым,
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып бала бақшамен
Біз мектепке барамыз.
Ән: «Тәрбиеші апайға».
2-ші тәрбиеші: Үшінші кезең: ол–ойын сауық.
Ойын ойнап өскен баламыз,
Өссін ақыл ой мен санамыз.
Ойын: «». Қарапайым математика және сауат ашу, көркем әдебиеттен
1-ші тәрбиеші: Төртінші кезең ол – драмалық.
(Әуен ойналып, есіктен режиссер, оператормен бірге кіреді).
Режиссер:Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар.
Жүргізуші:Сәлеметсіз бе, қош келдіңіз біздің "Жұлдыз" балабақшасына.Сіз кім боласыз?
Режиссер: Мен режиссер мырза боламын. Қасымда оператор жігіт Нәке. Біз "Қазақстан" телеарнасынан сіздердің ертеңгіліктеріңізді естіп, арнайы келдік. Мен сіздердің балаларыныздың өнерлі екенін естіп жүрмін. Соны мен өз көзімен көруге келдім.
Жүргізуші: Ия, Режиссер мырза. Біздің балалар өте өнерлі. Ендеше тамашалаңыз.
Ән: "Әже жүрші мектеке". (ұлдардың орындауында)
Режиссер: Расында да балаларыңыз талантты екен.Оған көзім жетті. Енді осы талантты балалармен мектеп өмірінен шағын үзінді фильм түсіргім келеді. Сол жайында мен бұл балабақшада кастинг өткізбекшімін.
1-ші тәрбиеші: Ой, қандай керемет! Ал, Режиссер мырза біздің балалар киноға түсуді бұрыннан армандап жүр еді. Бүгін олардың армандары орындалатын болды.
Режиссер: Тұра тұрыңыз. Бұл фильмге балалар ата-аналарымен қатысуы қажет. Бұл шағын түсірілімнің шарты мынандай. Бір бала мектептен екі деген баға
алып келді. Сол жағдайға байланысты ата ананың үш жанрда сомдап берулері керек.
Көрініс: "Тағы екілік"
Режиссер:Stop! Түсірілді. Іздегенім де осы еді. Рахмет, сендерге. Енді бұл түсірілімді жиырма бесінші мамырда "Қазақстан" арнасында тамашалауды ұмытпаңыздар. Сау болыңдар, балалар! (шығып кетеді).
2-ші тәрбиеші: Бесінші кезең: ол- тосын кездесулер.
(Екі пират секіріп, жүгіріп муз. залға кіреді).
1 қарақшы:Ой, мында қаншама адам жиналған?
1-ші тәрбиеші: Біздің мерекемізге қарақшылар да келіп қапты. Сәлеметсіңдерме!
2 қарақшы:Сендер мында неге жиналып отырсыңдар?
2-ші тәрбиеші: Біздің балалар балабақшамен қоштасып, мектепке баруға дайындалып жатыр.
(екеуі сыбырласады)
1 қарақшы:ЕЕЕ оның дұрыс екен, мектепке барасыңдар. Дұрыс істедіңдер, тамаша. Тез арада біздің мектепке жазылыңдар!
1-ші тәрбиеші: Сіздердің мектептеріңіз қалай аталады, онда біздің балаларға оқуға мүмкіндік барма?
2 қарақшы:Әрине бар. Біздің мектеп «Зиян келтірушілер ғылымы» деп аталады. Онда ешқанай тест, емтихан тапсырмайсыңдар және тегін оқисыңдар.
2-ші тәрбиеші: Сіздердің мектепте не үйретеді?
1 қарақшы:Біріншіден алдауды, ешқашан шындықты айтпауды.
2 қарақшы:Ал, екіншіден, қыз балаларды ренжітіп, ұл балаларды төбелеске үйретеді.
1 қарақшы:Ең бастысы сабақтан қалай қашып кетуді, кітапты жыртып, қалам, қарындашты ұмытып, кінәні біреуге жаба салуды үйретеді. (күледі)
1-ші тәрбиеші: Қане, қане тоқтатыңыздар, сіздерге еркіндік берсең осы. Мектепте осындай нәрселерге үйретеме екен? Біздің балалардың өлең жолдарын тыңдап, әркез естеріңізге сақтап алыңыздар. Содан соң сіздерде де біздің балалармен бірге жақсы мектепке жолға шығыңдар.
Математика (Амирлан): Біздің келер шамамыз,
Бестен үшті аламыз.
Төртті бөліп екіге,
Жауабын тез табамыз.
Дәптер (Әлинұр): Ел құрметпен бағалар,
Досың бар, ол — тазалық .
Кел, дәптерге балалар,
Тап-таза етіп жазалық .
Күнделік(Сауран): Жазулы мәнде әр күннің,
Бар мінезің, тәртібің.
Дос болайық жарқыным,
Жолдасымсың сен менің.
Музыка ойналып, залға «Әліппе» кіреді.
Әліппе: Сәлем, достар! Мұнда не болып жатыр? Сендер кімсіңдар, не істеп жүрсіңдер?
1 қарақшы: Біз балаларды өз мектебімізге шақырып жатырмыз. Біздің мектеп Воооо.....
2 қарақшы: Ия, ия... (күліп) Келсеңдер болды. Ең бастысы сабақтан қалай қашып кетуді, кітапты жыртып, қалам, қарындашты ұмытып, кінәні біреуге жаба салуды үйретеді. Ал біз мыналарды өзіміздің мектебімізге алып кетеміз (математика, дәптер, күнделікті көрсетіп)
Әліппе: Ой, ой олай болмайды. Мектеп ол киелі білім ордасы. Мектеп білім айдынындағы үлкен кеме. Мектепте сендер шынайы дос табасыңдар, білім алып, өмірді үйренесіңдер.
Қарақшылар: Еее, жоқ, жоқ біздің мектеп сендердің мектептеріңненде күшті. (шулай бастайды)
Әліппе: Тоқтаңдар, қарақшылар, шуламаңдар! Біздің балалар әріптерді жақсы таниды. Әріптерден сөздер де құрастыра алады. Қане, балалар, біз өзіміздің білімімізді жұмбақ шешу арқылы көрсетейік.(Балаларсауат ашу жасырған жұмбаққа жауап беріп отырады).
Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап).
2. Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)
3. Ұшымен қазық торкөзді жазық
Үстіне өттім асыл сөз жазып. (Дәптер)
Би: «Әріптер».
Әліппе: Жарайсыңдар, балалар!
Қарақшылар:(Ұялып)Әліппе, балалар,біз енді ондай қылықтарды жасамаймыз. Сендерді қатты ренжітіп алсақ кешіріңдерші. Әліппе, бізде балалармен бірге мектепке барсақ болады ма?
Әліппе: Әрине, мектепке барып жақсы білім нәрін сусындатып, болашақ еліміздің бетке ұстар азаматтары боласыңдар.
2-ші тәрбиеші: Балалар, Қарақшыларды кешіреміз бе?
Балалар: Әрине.
Әліппе: Жарайсыңдар балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғалы отырмын. Мағанда, сағанда туыс жақын бес адам.
Оңға оқы, солға оқы, өзгермейді еш одан?
Бірге: АТА, АПА, АНА, АҒА, ІНІ.
Әліппе: Рахмет, балалар. Онда балалар мен сендерді күзде мектепте күтемін.
Қарақшылар: Рахмет, сіздерге. Біз енді мектепке дайындалайық. Сау болыңдар! (барлығы бірге шығып кетеді).
Міне біз ақырғы кезеңге де жеттік: ол- қоштасу
1-ші тәрбиеші: Біздің балапандардың өнерлі, білімді, ақылды және тәртіпті болып өсуіне өз үлесін қосқан балабақшаның барлық қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Ендеше, балдай тәтті балаларымыздың осы балабақша қызметкерлеріне арнаған алғыс айту жыр шумақтарын тыңдайық.
Нейла:Все в саду у нас отлично
Красота во всем видна,
Потому что самолично
Чудеса творит она!
И заведующей нашей,
За старания ее,
Мы вам спасибо скажем
Задушевное свое!
Т.Айсұлтан, Альмансұр:
Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі келіп
Білгенінді сұрайтын
Білмегенін үйретер
Балабақша әдіскерлеріне
Кетеміз сіздерден алыс
Сіздерге мың алғыс!
Әлинұр, Жәнібек:
Өзіңізді қимаймыз,
Қашықта болса арамыз,
Сіздерге келіп тұрамыз,
Оянды ақыл санамыз.
Адалдықтың бастауын,
Сіздерден алып барамыз.
Оқу, білім, үйреткен.
Тәрбиеші апайлар
Сіздерге рахмет!
Иманбек:
Бөлмемізді тазалап,
Аппақ төсек әкеліп,
Бізге салып береді.
Еденді де тазалап,
Ас та алып келеді.
Тәрбиеші көмекшісі
Сізге рахмет!
Ерсұлтан,С. Айзере:
Үйретіп әнді, билерді
Тақпақтар мен күйлерді
Өткізуді кештерді
Дайындайтын біздерді,
Сүйеміз біз сіздерді.
А.Айзере, Б.Айсұлтан:
Қайнаған су әкеліп,
Іш деп дәрі береді.
Витамин жеп қолынан
Өскен сәби баламыз
Дәрігер апайлар сіздерге
Алғысымыз көп біздің.
Амина:Жаттығулар жасатып,
Шынықтырар біздерді.
Денемізді тік ұстап,
Сұлу болып өстік біз.
Айтамыз біздер мың алғыс!
Кәусар:Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып психологпен
Біріншіге барамыз
Мыңалғыс айтамыз.
Әлинұр:Тәтті тамақ пісіретін,
Айран сүтін ішкізетін,
Аспазшылар сіздерге
Айтамыз бізден мың алғыс!
Амина:Спасибо вам, что вы стирали
Белье и наши полотенца,
Что в чистоте нас содержали,
Мы вас благодарим всем сердцем!
Альмансұр:Ерекше біздің бір апай
Біз қараймыз таңырқай
Сурет салып үйрендік
Ешқашанда жалықпай
Өнер мұғаліміне
Мың алғыс!!!
Бәрі: Адам етіп баптаған
Ардақтап бізді мақтаған
Ұстаздарымыз, сіздерге
Таза сәби жүректен
МЫҢ АЛҒЫС!!!
Ән: «Қоштасу әні!»
2-ші тәрбиеші:
Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім.
Ерекше қызық тілдерің,
Естен кетпес үндерің.
Сүйкімді балғын болашақ,
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Бүгінгі «Бақытты балалық шағым» - атты мектепке шығарып салу ертеңгілігіміз аяқталды! Сау болыңыздар!
құрастырған : музыка жетекшісі Биртаева Н.Б., тәрбиешілер Абдикова М.Б., Сүлейменова Ж.А.