«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп

 

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

 

1. Жалпы ережелер

1) «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК. Заңды мекенжайы: Ақмол ауылы, Бақыт шағын ауданы, 5/1 құрылыс

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

Білім беру ұйымы 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2023 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК  232 қызмет көрсетті;

электрондық нұсқада Akmola.kz жүйесі арқылы 193 мемлекеттік қызмет көрсетілді; қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер –39 қызмет.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2022 жылы білім беру ұйымы 178 қызмет көрсетті;

электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер -139 қызмет; қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер –39 қызмет.

 

 

 

 

3) Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» 

        2. Қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК сайты. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету туралы стенд орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде. Білім беру ұйымымен нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген. 

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

2022 жылы білім беру ұйымы БАҚ желісінде 1 мақала жарияланды. Бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушінің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымы Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.

Балабақшада мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 3 қызметкер көрсетеді, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында 1 қызметкер біліктілігін арттыру курсынан өтті.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

1) 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тартулар болған жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері-мониторинг жүргізілген жоқ.

5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылы балабақшада мақсатты жұмыс жүргізілуде. 

2024 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырады.


 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 20.02.2024 18:20
Құрылған күні: 01.03.2024 02:12

Текст