Целиноград ауданының
әкімдік қаулысымен
бекітілген
20____ жылғы «____» _____
№_________
Целиноград ауданы білім бөлімінің
Ақмол ауылы «Жұлдыз» балабақшасы
мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның
ЖАРҒЫСЫ
Утвержден
Постановлением акимата
Целиноградского района
от « ____ » ______ 20___ года
№ ______
УСТАВ
Государственного казенного коммунального предприятия
детский сад «Жулдыз» аул Акмол
отдела образования Целиноградского района
1 . Жалпы ережелер
1.1. Осы Жарғы заңға сүйенген мәртебесін анықтайды және Целиноград ауданы білім бөлімінің «Жұлдыз» балабақшасы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның (бұдан әрі- Кәсіпорын деп аталады) құрылтай құжаты болып табылады.
1.2. Кәсіпорын өз қызметін атқаруда Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Білім туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және осы Жарғыны басшылыққа алады.
1.3. Кәсіпорынның Құрылтайшысы және оған қатысты коммуналдық қазыналық меншік құқығы субъектінің міндетін атқаратын органы ретінде Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімдігі болып табылады.
Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып «Целиноград ауданының білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі анықталсын.
1.4. Оқыту-педагогикалық құжаттар екі тілде: мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
1.5. Кәсіпорынның толық атауы: Целиноград ауданы білім бөлімінің «Жұлдыз» балабақшасы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны.
1.6. Кәсіпорынның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, «Бақыт» шағын ауданы №5.
2. Кәсіпорынның заңды мәртебесі.
2.1. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап заңды тұлға болып табылады, жедел басқару құқығында өзіндік жеке мүлкі, өз балансы, және Қазақстан Республикасының Қаржы Министірліктің қазына органдарында есеп-шоты мен басқа шоттары, елтаңба мөрі, мемлекеттік және орыс тілінде аты жазылған штамптары мен бекітілген үлгідегі маңдайша жазуы бар.
2.2. Кәсіпорын мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болады, соттарда талапкер және жауапкер болып шығады.
3. Кәсіпорынның қызметі мен міндеттері.
3.1. Кәсіпорынның оқыту-педагогикалық қызметі осы жарғыда белгіленген міндеттер және мақсаттарымен, сонымен қатар Кәсіпорынға мемлекеттік басқару орган арқылы жеткізілетін мемлекеттік тапсырыстармен анықталады.
3.2. Кәсіпорын қызметінің мақсаты - мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың дене шынықтыру, ой-өрісін және рухани ізгілігінің дамуы болып табылады.
3.3. Кәсіпорынның негізгі мақсаттары:
3.4. Кәсіпорын қызметінің заты мыналар:
1) мектепке дейінгі балалар үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің оқу бағдарламаларын орындау;
2) ойын ұйымдастыру мен жеке жұмыстар, арнайы сабақтар өткізу арқылы балалардың психологиялық жекелігін дамыту;
3) балалардың қабілеттілігін дамыту және мүдделерін қанағаттандыру;
4) балаларды тәрбиелеу жағынан ата-аналардың сұрауын қанағаттандыру.
3.5. Қойылған мақсаттарымен сәйкестіріп, кәсіпорын қызметінің заты өзінің міндеттерін жүзеге асыру мақсатында келесі қызметтерін орындауы міндетті:
3.6. Кәсіпорын қызметінің жүзеге асыруы, осы Жарғымен бекітілген және келісім міндеттері бойынша жауап бермейді. Кәсіпорынның өзінің қызмет жасау мақсатына қайшы келетін жасаған келісімі, оның мемлекеттік басқару органының талабы бойынша бекітілген заңнама тәртібімен жарамсыз болып есептелуі мүмкін.
3.7. Кәсіпорын үшін мемлекеттің тапсырысын орындау міндетті.
Егер келісім мемлекеттің тапсырысымен қарастырылса, Кәсіпорын тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушы немесе сатушы ретінде шарт жасаудан бас тартуға құқықты емес. Мемлекеттің тапсырысы мемлекеттік басқару органы арқылы Кәсіпорынға жеткізіледі.
Мемлекеттік тапсырыспен қамтылмағын өнім (жұмыстар, қызметтер), мемлекеттік басқару органның келісімі арқылы өздігінше кәсіпорынмен жүзеге асырылады.
4. Мектепке дейінгі ұйымға қабылдау тәртібі. Тәрбиеленушілердің ата – аналарымен қарым – қатынасты ресімдеу тәртібі.
4.1 Мектепке дейінгі ұйымға созылмалы жұқпалы аурулары, тірек – қимыл аппараты мен психикалық дамуының ауыр түрлеріне шалдыққан балалардан басқа, «Целиноград ауданының білім бөлімі» ММ жолдамасы бойынша үш жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балалар, жыл ағымында бос орын болған жағдайда қабылданады.
Топтардың жаппай топтастыруы 04 маусымнан 20 шілдеге дейін іске асады, топтың жұмыс істеуі 01 тамыздан басталады.
4.2. Мектепке дейінгі ұйымда топтар бірдей жастағы және түрлі жастағы болып жинақталуы мүмкін.
4.3. Тәрбиеленушілердің ата – аналарымен Кәсіпорынның қарым – қатынасы келісім шарт негізінде орындалады.
4.4. Баланын тамағы үшін ақы төлеуді Кәсіпорынның және ата – аналардың арасындағы келісім шарт негізінде орындалады.
4.5. Кәсіпорында баланың орыны келесі жағдайда сақталады:
5. Білім процессін ұйымдастыру.
5.1 Кәсіпорынның тәрбиелеу-оқыту қызметі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мемлекеттік стандарт негізінде жасалған бағдарламалар мен оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі және осы Жарғымен анықталады.
Оқыту жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».
Оқу жоспарларында білім саласының мазмұнын игеруге берілген ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің мөлшері жасқа тиісті оқыту сатысына сәйкес негізгі оқу жоспарымен анықталған.
Оқыту мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі.
5.2 Тәрбиелеу – оқыту процесінің негізгі қатысушылары балалар, ата – аналар және тәрбиешілер болып саналады.
5.3 Педагогтар мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік стандартқа сүйене отырып, өздігінен альтернативтік авторлық бағдарламалар, сауықтыру, жаңа тәрбиелеу және оқыту әдістерін тандауға және қолдануға құқығы бар.
5.4 Кәсіпорынның перспективтік жоспары мен ұйымдастырылған оқу іс -әрекетін бөлу кестесі педагогикалық кеңесте қарастырылып бекітіледі, сабақ уақыты жыл мезгіліне қарай өзгеруі мүмкін.
5.5. Балалардың білім саласында әр жас кезенінің дамуын қадағалау мақсатында индикаторлар қолданылады. Индикатор – балалардың білім траекториясында алға басу көрсеткіші.
Индикатордың көмегімен тәрбиешілер жетістік мониторингін жүргізіп, әр балаға жекеше дамуының жоспарын құрайды.
Жетістік мониторингі оқу жылына үш рет жүргізіледі. Қыркүйек – бастапқы, қаңтар – арадағы, мамыр – қорытынды.
6. Тәрбиеленушілерді балабақшадан босату негіздемесі мен тәртібі.
6.1. Меңгерушінің тәрбиеленушілерді балабақшадан босату жағдайы:
1) балабақшада баланың күтіміне ай сайынғы төлем, шартта белгіленген төлем мерзімінен 10 күннен астам уақытында жасалмаған жағдайда;
2) бала балабақшаға бір ай бойы себепсіз келмегенде және әкімшілікті ескертпеген жағдайда;
3) балабақшада әрі қарай болуға кедергі болатын бала денсаулығының жағдайы туралы медициналық қорытынды болған кезде.
7.Ақылы қызметтің тәртібі.
7.1. Ақылы оқу қызметіне келесі жатады:
1) даярлау бойынша қызметтер (мектепке дейінгі мекемелерде даярлық тобы үшін сағаттан тыс пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізу:)
2) балалардың денсаулығын нығайту және сақтауына байланысты қосымша сауықтыру-шынықтыру бағдарлама қызметтері:
3) үйірме қызметін ұйымдастыруы бойынша қызметтер (негізгі оқыту жоспарынан тыс):
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да ақылы қызметтер (шет тілді оқыту, хореография, музыка, спорттық үйірмелер, медициналық қызметтер).
7.2. Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық орындау анықталған органдары, Целиноград ауданының білім бөлімімен келісілген және жалпы міндетті білім стандарттарының негізінде әзірленген, оқу жоспарының жұмысы бойынша ақылы оқу қызметтері ұсынылады.
7.3. Ақылы оқу қызметі оқушыларға немесе тәрбие алушыларға ата-аналардың талабы бойынша немесе басқа заңдық өкілдерінің шарт негізінде қойылған ата-аналар мен кәсіпорын аралығында, заңды оқушылар немесе тәрбие алушылар дербес кестесі бойынша беріледі.
7.4. Балалардың ата-аналарының және кәсіпорын аралығындағы қарым-қатынасы, кәсіпорынға қатысатын, шарт негізінде орындалады.
Оқу-тәрбие қызметін (бұдан әрі-Шарт) көрсететін шарттың тараптары оқу-тәрбие процесінің қатысушылары болып табылады: Кәсіпорын әкімшілігі атынан меңгеруші, ата-аналар немесе олардың заңды өкілдері қамқоршылар).
Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы мен кәсіпорын жұмысының ерекшелігіне сәйкес барлық нақты жағдайлары болып, жазба түрінде жасалады.
8. Мүлік және кәсіпорын құралдары.
8.1. Жедел басқару құқығында кәсіпорын мемлекеттік мүлікке ие болады. Кәсіпорын құқығы, құрылтайшының алған мүлігі заттық жедел басқару құқығы болып табылады және тапсырылған құрылтайшысы шекте пайдаланып, ие болады, жұмсай алады.
8.2. Кәсіпорын жедел басқару түрінде мүлікке ие болуы тек қана жарғылық қызметін атқаруы үшін
8.3. Қазақстан Республикасының заңнамасы қойылған комммуналдық кәсіпорыннан Республикалық меншігіне берілгенде немесе бір мемлекетік басқаруынан басқаға, ал өз мүлкін сақтайды. Кәсіпорынның мүлкі негізгі айналым құралдарын құрайды және материалдық құндығын, құны кәсіпорынның аз балансына жатады.
8.4. Кәсіпорынның мүлігі келесі есеп бойынша қалыптасады:
8.5. Кәсіпорын буындарына мүліктік кешен ғана емес, мүліктің басқа түрлерінің барлығы енеді, оның қызметіне арналған, ғимараттар, құралдар, өнімдер, жер учаскесінің құқығы, талап құқығы, қарыздар,сонымен қатар өзіндік қызметінің іс-қимылы, басқа да жекеленген құқықтар.
8.6 Кәсіпорын сатып алу шарты бойынша сату, айырбастау, тегін беру немесе мүліктің басқа келісімдерді, негізгі құралдарға жататын орындау құқықты емес, олай болса мемлекеттік басқару органдарының жазба келісімін алу тиіс.
8.7. Мемлекеттік басқару орган Кәсіпорынға берілген мүліктін тиімді пайдалануын бақылайды.
8.8. Осы Кәсіпорынға бекілген Құрылтайшы мүлікті алып қоюы мүмкін немесе өзі көздеген заңды тұлғаға беруі мүмкін,Қазақстан Республикасының заңнамасымен бір жерге бекілгені болмаса.
8.9. Кәсіпорын мемлекеттік органның жазба өтініші мен ғана өзіне бекітілген мүлікті, құрал арқылы есебінде келген мүлікті, өз шаруашылық қызметінің нәтежесінде келген мүлікті пайдалана алады.
9. Кәсіпорынның басқаруы .
9.1. Целиноград ауданының білім бөлімі, Кәсіпорын басқармасын мемлекеттік басқару орган арқылы басқарады.
9.2. Мемлекеттік басқару органы Кәсіпорынмен өкілетті:
1) Кәсіпорын қызметінің приоритеттік бағытын анықтау;
2) Кәсіпорын қызметінің шаруашылық күнделікті, алдын алу жоспарларын шаруашылық жоспарлы көрсеткіштерін, оның айналымын, алға тарту тәртібін бекіту, қарастыру;
3) Басшы тағайындап, оның аттестациялауын заңнамаға сәйкес өткізу;
4) Кәсіпорынға мемлекеттік ұсыныстарды мәлімет етіп, орындалуын бақылау;
5) Кәсіпорынның мүлігін сақтау және орынды пайдалануын бақылау;
6) Кәсіпорынның бөлу нормативінің таза кірісін бекіту;
7) Басқада сауалдардың шешімін қабылдау, Қазақстан Республикасының
заңнама құзырлығына қойылған.
9.3. Кәсіпорын органды басшы ететін оның бастығы ( меңгеруші), оған есебі
жатады,мемлекеттік органмен қойылып, босатылады.
9.4. Мемлекеттік басқару орган Қазақстан Республикасының еңбек туралы
Заңына сәйкес жеке еңбек келісім бойынша Кәсіпорын бастығымен шартқа отырады.
9.5. Кәсіпорынның бастығы ( меңгерушісі) осы Кәсіпорынның іс- әрекетінің қызметіне мемлекеттік басқару орган алдында жауапты.
9.6. Бастық (меңгеруші) Кәсіпорынның Жарлығына сүйеніп, Кәсіпорын қызметінің барлық сауалдарын өзі шешеді.
9.7. Кәсіпорын бастығының (меңгерушінің) құзырлығына келесі функциялар енеді: Кәсіпорын атынан Кәсіпорын мүлігімен өкімденеді, барлық органдарға оның мүддесін ортаға тартады, шарттарға отырады, Қазакстан Республикасының қаржы Министрлігінің қазна органдарында есеп- шот ашады, басқа да келісімге отырады, бұйрық шығарады, міндетті түрде барлық жұмысшылар үшін нұсқау береді.
9.8. Өз құзырлық шегінде еңбек заңнама сәйкестігімен бастық Кәсіпорынға жұмысқа алып, босатады, көтермелейді, сөгіс жариялайды.
9.9. Кәсіпорынның бастығы мемлекеттік органның келісімі бойынша бастықтын орынбасарын тағайындайды. Оның құзырлығы және Кәсіпорынның басқа басшы ететін жұмысшылары заңнамаға сәйкес бастықпен қойылады.
10. Еңбек ұжымының мүшелері және олардың міндеттері мен құқығы.
10.1. Кәсіпорын негізгі жұмыс орны болып табылатын тұлғалар еңбек ұжымының мүшелері болып есептеледі ( бастық және оның жұмысшылары).
10.2. Біліктілік талабына сәйкес келетін, кез келген азамат Кәсіпорынның жұмысшысы бола алады.
10.3. Қазақстан Респуликасының еңбек заңнамасына сәйкес жеке еңбек шарты негізінде Кәсіпорынның бастығымен жұмысшы арасында қарым – қатынас іске асады.
10.4. Кәсіпорын жұмысшысы құқықты:
1) өзінің қызметі және мамандығына сәйкес Кәсіпорынның қызметіне
қатысады;
2) кәсіпорынның қызметіне байланысты, еңбек ұжымының кез келген
сауалын талдауға құқықты;
3) штаттық кестесіне және біліктілік санатына сәйкес тиісті жалақы алады.
4) мектеп алдыңдағы білім шеңберінде, басқа нормативтік құқықты актілері, еңбек заңнамасына таратылған, басқа құқықты пайдалануға болады.
10.5. Кәсіпорын жұмысшысы міндетті:
1) осы Жарғыны сақтауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, басшының бұйрығын орындауға;
2) кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелері мен өзінің қызметтік міндеттерін
орындауға;
3) балаларды қарауда қолданыстағы медициналық – педагогикалық нұсқауларын басшылық етуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіппен, өз қызметтерін орындауында жеке жауапкершілік артуға;
5) балаға дене, рухани-психологиялық зиян келтірген жұмысшылар Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіппен жеке жауапкершілік артады.
11. Кәсіпорынның қаржылық қызметі.
11.1. Кәсіпорынмен орындалатын және іске асырылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметттерге) баға, мемлекеттік басқару органымен белгіленеді.
11.2. Мемлекеттік басқару органымен бекітіліп, қаржы есебі бойынша мемлекеттік тапсырыс бөлініп өз есебінің кірісімен Кәсіпорынның қызметі қаржыландырылады. Шығындарын өтеуге Кәсіпорынның өз табыстары жетпеген жағдайда, жеткіліксіз қаржы тиісті бюджеттен бөлінеді.
11.3. Қаржы есебінен тыс алынған кіріс, жергілікті бюджетке аударылады.
12. Кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ақысы, жұмыс тәртібі.
12.1. Кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған қызметтік жалақыдан, еңбек жағдайына үстеме ақы мен қосымша ақыдан, өтемақылардан анықталады.
12.2. Кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ақысының жүйесі заңнамаға сәйкес белгіленеді.
12.3. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кәсіпорынның басшысымен анықталады.
13.Кәсіпорынның жауапкершілігі.
13.1. Кәсіпорын, өзінің міндетімен оның қарамағындағы ақшаға жауапты. Кәсіпорынның қалған мүлкіне төлеттіру қарастыруына жол берілмейді, тек қана Кәсіпорынды тарату жағдайында.
13.2. Кәсіпорын меншіктін міндеттері бойынша оның мүлігіне жауапты емес.
14. Кәсіпорынның Жарғысын өзгерту тәртібі.
14.1 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар Целиноград ауданының әкімдігімен еңгізілуі мүмкін.
15. Кәсіпорынды қайта құру және жою тәртібі
15.1 Кәсіпорынды қайта құру және жою Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.