«Алтын ұя» ортаңғы тобында кіріктіріліп ұйымдастырылған іс-әрекет
Өткізген: тәрбиеші Абдикова М.Б.
Тақырыбы: Жайлаудағы көктем
Мақсаты: Балаларды көктем мезгілінің өзгерістерімен таныстыру, Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер,адамдардың көктемдегі пайдалы іс-әрекеттері туралы мағлұмат беру. Еңбек сүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Міндеті: Көктем ерекшелігін, жылдың қыстан кейінгі кезекті
мезгілі көктем мезгілі екенін білу;
Дамытушылығы: Көктемгі еңбекке тәрбиелеу, жыл құстарын қарсы алуға және оларға қамқор болуға тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Табиғатты сүйе білуге және оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ- жауап, ойын.
Қолданылатын құрал: Техникалық құрал-жабдықтар, үй жануарлары, шөп, гүлдер, көбелектер, торғайлар, ыдысқа салынған топырақ т.б
Сөздік жұмыс: Бүршік жарды, көшетті отырғызу, нығыздаймыз, ылғалдаймыз, қопсытады, төлдейді.
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Көтеріңкі көңіл күймен қонақтармен «Шаттық шеңберге» тұрып амандасып алайық
Күнмен бірге тұрамыз,
Құспен бірге ән саламыз
Қайырлы таң! Ашық күн!
Көнілді біз баламыз.
Балалар көңіл күйлерің қалай?
Тамаша.
Ендеше біз «Тамаша» ойынын ұйымдастырып жіберейік.
Шарты.Мен сендерге жақсы сөз айтсам, сендер «тамаша» деп жұдырықты түйіп, бас бармақтарыңды көтеріп бір – бірлеріңе көрсетесіңдер:
Көктем мезгілінің ауа-райы қандай?
Тамаша!
Гүлдердің исі қандай?
Тамаша!
Құстардың даусы қандай?
Тамаша!
Жайқалып өскен көк шөп қандай?
Тамаша!
Келген қонақтардың көңіл – күйлері қандай?
Тамаша!
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде қандай құбылыстар болады?
Жарайсындар!Енді маған кім тақпақ айтып береді?
Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жанбыр болады,
Бақшаға гүлдер тлолады.
Бүршік жарып ағаштар,
Құстар ұя салады.
Сылдырлаған бұлақтар
Ағып бара жатады.
Күн шуағын шашады,
Жауында жауып алады,
Көктем келіп жеткенде,
Ағаштар бүршік жарады.
Ғажайып сәт
Қаранларшы торғай ұшып келіп ұясына қонып отыр екен бізге бір нәрсе айтқысы келіп отырған сияқты,тындып көреміз бе?
Торғай жалғызбын деп көніл күйі болмай тұр.Достарын тауып береміз бе? Олай болса достарын тауып ән айтып берейік.
Торғай қонды бұтаққа
Жарайсындар. Енді ұлдар көбелекті алып шарбаққа жапсырып,қыздар гүлдерін себетке салу керек.
Торғайдың көнілін көтердік,біз ірі қарай жолға шығуымыз керек.
-Балалар ендіше біз жайлаудағы көктемді көруге барайық.
Алдымыздағы кедергілерден өтейік.
-Көктем мезгілі жанбыр жауады деп айтындар,жанбырдан кейін жерде не болады?
-Дұрыс айтасындар батпақ болады.
-Енді осы батпақтан ұлдар секіріп өтсін.
-Ирек жолдан қыздар өтеді.
-Жарайсындар балалар!
Ой қарандаршы әжеміз бізді күтіп тұр екен, қыздар себеттегі гүлдерінді әжеге бере қойындар.әже бізге дамытушы орталықта көптеген ойындар дайындап қойыпты
- Енді әр бала дамытушы орталыққа барып өз қалауларын бойынша ойын ойнап соны мұқият орындауларынды қалаймын.
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру.
Зерттеу орталығына барып өсіп тұрған көкөністерді бақылайсыңдар.
Құмда не жасырылғаның және қандай екенін зерттеуге барсыңдар.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Дидактикалық ойын.Биік аласа
Мақсаты:Биік ағашқа үлкен, аласа ағашқа кішкентай құсты қондыру керек.
Салыстырып көлемін (үлкен кіші биік аласа) атау
Фонарикпен ойын Үйде қандай пішін жасырылған
Мақсаты : Фонарикпен үйде қандай пішін және түс жасырынғаның айту керек.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Дидактикалық ойын «Төлдерін тап» (пришепкамен ойын)
Мақсаты:Балалар төрт түлік малдың атын атап, суреттердің ішіне олардың төлдерін табуы керек .Сиыр-бұзау, жылқы-құлын , қой-қозы, түйе-бота, ешкі- лақ
Дидактикалық ойын, Сиқырлы шам Көк тракторда қандай жануар жасырылған.
Ойын мақсаты:
Балалардың зейіндерін, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.
Ойын шарты: балаларға трактордың суретті көрсету арқылы түсіндіру.
трактор фермаға үй жануарын әкеле жатыр. Трактордың телешкасында қандай жануар келе жатқаның білейік. Тракторға жарық түсіреді, балалар жарықтан көрінген үй жануарларының атын атайды.
Мнемокесте арқылы тақпақ жаттау.
«Көктемде»
Бүршік жарып ағаштар
Құстар ұя салады.
Сылдыраған бұлақтар
Ағып бара жатады.
Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
Шыныға сурет салу.
Мақсаты:
Мақсаты:Бейнелеудегі мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойы мен қиялын дамытудағы,шығармашылық белсенділігін аттырудағы дәстүрлі емес тәсілдердің маңызын ашу.
Гүлдерді жапсыру.
Мақсаты:Дайын суреттің үстіне ермексазды жапсыруды үйрету. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларына машықтандыру. Олардың қолданылуы туралы түсінік беру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, саусақтарының икемділіктерін арттыру, Гүлдің түрлерімен таныстыру, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Балалар бәріміз шеңберге тұрып сергіп алайық.
Сергіті сәті «Көнілді текше». (әуенмен)
Әжеге қыздар көмектесіп, бауырсақ пісіріп дайындап қойған екен енді жайлауға барайық.
-Балалар жайлауда төрт түлік мал өрісте жайлып төлдерімен танысамыз
Балалар айтындаршы бүгінгі іс әрекетіміз ұнады ма ?
Олай болса қонақтармен қоштасып алайық .
Сау болыныздар!