«Бәйтерек» мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері Кульмурзаева А.А., Жүнісова А.Б. «Жұлдыз дәмханасы» тақырыбында сюжетті-рөлді ойынын өткізді.Ойынның мақсаты: азық-түлікпен жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбегі жайында түсініктерін молайту. Балаларға рөлдерге бөлініп,сол рөл бойынша әрекет етуге үйрету,өздеріне керекті нәрсені құруға үйретіп ,балалардын мейрімділік қарым-қатынасын орнату .
Меңгеруші рөлінде жұмыскерлерді басқарып, азық –түліктін ,жана ыдыс аяқтын ,жиһаздың керектігін ескеріп,менеджерге дәмханада болатын балалар мерекесін ,сайқымазақтар мен қызықты ойындар болатынын хабарлауды сұрайды. Азық-түлікті алып- пиццаны жасау сұрақтарын шешеді. Менеджер жарнаманы жасап, кіре берісті безендіріп, телефон бойынша тапсырыс қабылдап ,жүргізушіге тапсырма береді. Аспаз пицца, салаттар т.б. дайындайды .Кондитерлер тәттілер жасап,тортты безендіреді. Даяршылар тапсырысты әкеліп, үстелді жиыстырады .Келушілер ас мәзірінен тағамды тандап тапсырыс беріп , алғысын білдіріп ,тапсырсқа төлейді ,шағымдар мен өтініштер кітапшасына жазады .Ыдыс жуушы ыдыс –аяқты жуады.Балалардың көңіл-күйі жоғары болды.https://youtu.be/n8UTd1IKAa4?si=0xk6hRFskPpqp34t