«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Талаптыға нұр жауар»

«Талаптыға нұр жауар»  (Музыкалық сайыс)

Мақсаты: еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін,  балалардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл-қыздарды тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті әріптестер, ата-аналар және қонақтар!

Бүгінгі  ересек топ арасында салыстырмалы түрде өтетін ұзақ мерзімді жоба бойынша «Талаптыға нұр жауар» - атты музыкалық сайысқа» қош келдіңіздер! Ал енді сайыскерлерімізді қошеметтеп ортаға шақырайық!

(әуен ойналып балалар кіріп, өз орындарына жайғасады).

 

Жүргізуші: Рахмет, олай болса мен сіздерді сайыстың шартымен таныстырып өтейін. Сайыскерлер топ басшысын сайлап, әр топ өздеріне ат қояды және ұрандарын айтады. (Дауылпаз тобы «көк нота», Асатаяқ тобы «қызыл нота»)

Сайыс  4  кезеңнен тұрады.

1 кезең: «Жүрекке жылы әуендер»

2 кезең: «1000 бір мақал, 101 жұмбақ».

3 кезең. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда».

4 кезең. «Шығармашылық».

 

   Бүгінгі сайысымыздың бастамас бұрын «Бәйтерек» тобының ата аналарымен балалар бірлескен музыкалық әуенді тыңдаңыздар.

1. Металлафон аспаптарында: Абдикаримова Нәйля және Кенбаева Альмира.

2. Ұшбырыш аспаптарында:  Тастемирова Гулім және Хамидолла Інжу.

3. Қоңырау аспаптарында: Ерболат Ерасыл және Мейрам Назар.

 

Ал, енді сайыскерлерімізге сәттілік тілеп сайысымызды бастаймыз.

Дауылпаз.

Ел қорғайтын ерлікке,

Әуенімен шақырған.

Батырлыққа елдікке,

Әуенімен танылған.

Асатаяқ.

Кездеседі бұл аспап некен-саяқ,

Сыңғырлаған қоңырауы өзіне сай-ақ.

Бақсылардың қолында жүрген талай,

Қазағымның аспабы – асатаяқ.

1 кезең: «Жүрекке жылы әуендер» (әуенді тындау арқылы аспаптын атын атау). Қай топ әнді тез әрі қатесіз табады. Жылдамдықтары ескеріледі. Ұпай сан ретінде музыкалық ноталар беріледі.

2 кезең: «1000 бір мақал, 101 жұмбақ» (сөздің көркі мақал). Әр топ өнер туралы 4 мақал-мәтел айтып жарысады.

 

  • Өнер – ағып жатқан бұлақ

      Білім жанып тұрған шырақ.

 

  • Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.

 

  • Тойдың сәні ән болар, ән бар жерде би болар.
  • Өнерді үйрен де жирен.
  • Өнерлінің қолы алтын,

         Өлеңшінің сөзі алтын

  • Өнерлі жігіт өрде озар,

          Өнерсіз жігіт жер соғар.

  • Өнер алды – қызыл тіл.
    • Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.

 

Жұмбақтарға дұрыс әрі тез жауап беру. (әр топқа 3 жұмбақтан жасырылады).

                   

  1. Әрқашанда аялап,

Қастерлейді бар елім.

Әбден таныс құлаққа

Менің қоңыр әуенім.          (Домбыра).  

 

  1. Бес жолмен жүреді,
    Бар әуенді біледі.         (Нота)

 

  1. Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,

Әуезінен жеті тарау мұң шығар.

Ойнап кетсең, түрлі-түрлі жыр шығар,

Бұл аспап қай аспап?        (Жетіген)

 

  1. Бас, құлақ, мойны бар,

Үп-үлкен шанағы бар.

Ысқышпен ысқанда

Әндетіп шығар әні бар.     (Қобыз).

 

  1. Қалдырмай емге етін,
    Қақтаған күн бетін
    Астында төмпештің,
    Атқарар міндетін.          (Дауылпаз).

 

 

  1. Саусақ батпас түтіктен,
    Сандуғаш құс сайрайды. (Сыбызғы).      

 

 

 

    3 кезең. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда». Балалар бұл кезеңде әр дұрыс жауапқа қоржындарына бір нотадан салуға мүмкіндік алады.

  1. Музыкалық аспаптар қандай дыбыстар шығарады?  (музыкалық және шулы дыбыстар).
  2. Музыкалық аспаптардың топтарын ата? (Ұрмалы, үрмелі, ішекті).
  3. Музыканы кім жазады? (композитор)

 

4 кезең. «Шығармашылық». Екі аспаптын бейнесін пазлы арқылы екі топ 3 минуттын ішінде құрастыруы қажет.

 

Қорытынды: Ноталарды санау.

Музыка әлемінде неше нота бар? (балалар жауабы)

Біздің негізгі сайысымыздың нәтежесінде музыка әлемін аштық.

Ән: «До,ре,ми,фа,соль». А.Островский

 

  Сайысымыз өз мәресіне жетті. Ал, енді балалар осы сайысымызда қанша музыкалық ноталарды жинадық. Соларды санап, қай топ жеңіске жеткенін анықтаймыз. Балаларға  рахмет. 

  Жүргізуші:  Жинаған өң бойына білім кенін,

                       Тәнтімін, ынтызармын, өрендерім.

                        Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,

                        Жарайсың, айналайын сайыскерім! – дей келе, сайыскерлерге рахмет айта отырып, «Өнер - талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік. Ал сіздердің назарларыңызға қорытынды ретінде осы жобаның қатысушы «Бәйтерек» тобының инструменталды ансамблін қарсы алыңыздар! Көңіл бөліп  тамашалағандарыңызға  рахмет.

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 11.02.2022 12:34
Құрылған күні: 11.02.2022 12:41

Текст