Целиноград ауданы білім бөлімінің «Жұлдыз» балабақшасы МҚКК
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
қызметі туралы 2018 жылға есебі
1.Жалпы мәліметтер
1) Целиноград ауданы білім бөлімінің "Жұлдыз" балабақшасы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Бахыт шағын ауданы, 5/1 құрылыс, телефон 51-656; 51-655.
2) мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
- 2 мемлекеттік қызмет көрсету:
1. Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау – 161 |
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау – 2 |
2018 жылы барлығы 163 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-2 қызмет
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны:
- қағаз және (немесе) электрондық нысанда-1 қызмет;
- қағаз нысанда-1
3) барынша талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
- Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау – 161
Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
«Жұлдыз» балабақшасы МҚКК мемлекеттік қызметтер туралы стенд, Ақмол ауылы, Бахыт шағын ауданы, 5/1 құрылыс;
Балабақшаның сайты.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат-жария талқылау жүргізілді;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, ата-аналар жиналыстары) :
-2018 жылы 2 ата-аналар жиналысы өткізілді, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және кезектің қалыптасуы мен жұмыс істеуі және мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін acmola.kz автоматтандырылған жүйені енгізу мәселесі тыңдалды, БАҚ - на мақалалар орналастыру-2.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет:
1) кезекті қалыптастыру және оның жұмыс істеуі және мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін acmola.kz автоматтандырылған жүйені енгізу;
2) мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс – шаралар - меңгеруші және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттары бар;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат – шағымдар түскен жоқ;
2) Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша балабақшаның қызметінде ішкі бақылаумен бұзушылықтар анықталған жоқ. 1 тексеру жүргізілді.
3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері – мониторинг жүргізілген жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары:
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында балабақшамен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 2018 жылы балабақшада БАҚ және ресми интернет-ресурстар, ата-аналар жиналысын өткізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақытылы ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының барлық нысандарын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- acmola.kz автоматтандырылған жүйе арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы қызмет алушыларды танымал ету және ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізу;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
«Жұлдыз» балабақшасы МҚКК меңгерушісі: О. Баранова