«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дөңгелек үстел: «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейміз!»

Дөңгелек үстел: «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейміз!»

 

Мақсаты: Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру.

 

Қатысушылар: педагогикалық құрам

 

Сыбайлас жемқорлық-әдетте лауазымды адамның өзінің билік өкілеттіктері мен оған сеніп тапсырылған құқықтарын, сондай-ақ осы ресми мәртебеге байланысты билікті, мүмкіндіктерді, байланыстарды жеке басының пайдасы үшін заңға және моральдық көзқарасқа қайшы пайдалануды білдіретін термин.

Қоғамдағы лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалануды, билік етуді немесе лауазымдық өкілеттілікті арттыру, қызметтік жалғандық, сеніп тапсырылған мүліктерді ұрлау және иелену, біле тұра өтірік айғақ көрсетуді, куәларды, жәбірленушілерді немесе сарапшыларды сатып алу, сот шешімдерін, үкімдерін және басқаларды лауазымдық тұлғалардың орындамауы, сыбайласқан байланыстарды қолдау жиі кездесетінін көрсетіп отыр.

Қарапайым түсінік бойынша бәрінен бұрын сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызметпен байланыстырады. Бар беталысқа қарамастан және басқа салада – үкімет билігі және жеке кәсіпкерлердің әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы таратуда – мемлекеттік лауазымдық тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған заң аса егжей – тегжейлі әзірленген. Шынында да мемлекеттік қызметшілер анағұрлым ауқымды дискрециялық өкілеттілікті иелене және көбінде бақылаусыз әрекет ете отырып, өз мүдделерінде және мемлекеттік мүддесіне қарамастан лауазымдық мансаптығын қолданудың барлық мүмкіндігін иелене алады.

ҚР «Сыбайлас – жемқорлықпен күрес туралы» заңы сыбайлас – жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: «...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай – ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай – ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу».

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас – жемқорлықпен күресте өте маңызды.

Қазақстанда сондай – ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіп, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік – құқықтық актілер де қабылданды.

Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдермен айығуды міндет етіп қойдық. Әрине, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Құрметті әріптестер, әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар.

 

 

Жаңартылған күні: 16.06.2022 12:36
Құрылған күні: 16.06.2022 12:36

Текст