№2 педагогикалық кеңес тақырыбы «Балабақшада баланың дене бітімінің жан-жақты дамуына жағдайлар туғызу»
Мақсаты: балабақшадағы сауықтыру-шынықтыру жұмысының деңгейін көтеру, тәрбиеленушілердің денсаулығын қорғау және сақтау; аталған мәселенің шешімі бойынша педагогтің кәсіби шығармашылық белсенділігін ынталандыру.
Күн тәртібінде балабақшада балалардың дене бітімінің жан-жақты дамуына жағдайлар туғызу, мектепке дейінгі балалардың дене бітімі тәрбиесінде денсаулық сақтау технологиясын қолдану мәселелері көтерілді. Дене шынықтыру нұсқаушылары педагогтармен өз қолдарынан жасаған дәстүрден тыс құрал жабдықтар пайдаланып, спорттық эстафета өткізді.
Кері байланыс жасау барысында педагогтер өздеріне көп қызықты, пайдалы, жаңа материалды алғандығын көрсетті, оны жан-жақты тәрбиелеу мен оқытуға, балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған өз қызметінде пайдаланатын болады.