«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бізге келді, Наурыз ай!» орта топ балаларына арналған ертеңгілік

Кейіпкерлер:

Жүргізуші:

Ер төстік –

Әже -

Наурыз қыз:

Қыдыр ата:

Залдың төр жақ шетінде ақбоз үйдің жарты көрінісі қойылған. Ішіне ұлттық үй жиһаздары жиналған. Көрпелер төселіп, әр жерден жастық тасталған төрде әже отырады.Балалар мерекеде әжесін құттықтауға келеді.

Жүргізуші :

Көргенде қуанасың таза ауаны,

Құлаққа естілгендей  жаз әуені

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурызың құтты болсын, Қазақ елі!,

Сәлеметсіздерме Құрметті ата-аналар, қонақтар! Келе жатқан Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын! Әже, Наурыз мерекесін сізбен бірге тойлатуға келдік. Өзіңізді немелеріңізбен іздеп келдік.

Әже: Ой, айналайындар. Бәсе, бәсе. Өзім де сендерді сағынып жүр едім. Келінжан, көрпе төсек, қазан ас, Наурыз көже жаса. (келін көрпені созып салып, мен көже жасай берейін деп, шығып кетеді)

Бала: Сүйінші,сүйінші! Әже немереңіз дүниеге келді,ат ұстар туды.

Әже: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой! Сүйінші сұрау шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған, мінекей сүйіншіңді ала ғой.

Балам көрші қолаңды шақырып келе ғой. (әжелер кіреді)

Жүргізуші: Мынандай хабардан соң, біз қалай әндетпей отырамыз? Қане балалар той бастар жасайық!

Ән: «Көктем келді».

 (Есіктен наурыз қыз кіреді).

Наурызға арналған тақпақтарға кезек берейік.

Сені күттім, Наурызым,

Көктем боп қашан келер деп.

Берекелі мерекең,

Куанышқа бөлер деп.

Қош келіпсің Наурыз!

 Арман тойы халықтың.                              

Қуанышы халықтың,

 Құтты болсын қадамың!

Наурыз – шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас-кәріміз,

Би билейміз бәріміз

Жүргізуші: Ой, рахмет, балалар, наурыз жайлы жақсы тақпақтар біледі екенсіңдер.

Жүргізуші: Наурыз сізге рахмет! Төрге шығып, мерекеміздің сәні болыңыз! (Әженің қасына барып отырады).

Жүргізуші: Балалар, мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойнайсыңдар ма?

Балалар: Ия.

Ойын: «Білек сайыс».

Шарты: Екі бала ортаға шығады да, қол алысып төс қағыстырады. Столдың екі жағына отыра қолдарын столдың үстіне қойып,  айқастырады. Қай баланың күші көбірек сол бала жеңіске жетеді.

 (Сахнаға Қыдыр ата шығады).
Бата:

Ұлыс оң болсың! Ақ мол Болсын!

Қайда барса жол болсын!

Ұлыс бақытты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Пәле-жәле жерге енсін.

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Менің берген бұл батам,

Алланың құлағына шалынсын!

Әумин!

(бәрі әумин дейді.)

Жүргізуші: Сәлеметсізбе қош келдіңіз төрлетіңіз біздің қонағымыз болыңыз,балалардың өнерін тамашалаңыз.

Би: «Қамажай»

Ойын: «Қыз қуу»

Шарты: Қыз бала мен ер бала ортаға шығып, Ер бала қыз баланы қуады, егерде жетіп алса қыз баланың бетінен сүйеді. Егерде жете алмаса, қыз бала ер баланы қамшылап қуады.

Жүргізуші: Қазақтың салт-дәстүрлері бар солардың бірі ат қою,және қырқынан шығару рәсімдерін тамашалаңыздар.

Әже: Қырықтың бірі,қыдыр деген, -  Ата немеремнің ат қою рәсімін өзіңізге тапсырамын. Қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою» рәсіміне кезек берейік.

«Ат қою» және «Қырқынан шығару» рәсімі.

Жүргізуші: Әже, Наурыз таңын қарсы аларда ырымдар жасап жүруші едіңіз ғой. Солардың сырын айтып берсеңіз.

Әже: Иә,балаларым, бұл күні адамдар таза киініп, төс қақтырып амандасады. Ауласын тазалап тал егеді. Бұлақтың көзін ашып, су жібереді. Жылы көже жасайды. Ол өте дәмді көже, бұйыртса, бүгін сол көжеден ауыз тиіп қайтасыңдар. Дәстүр-салт жайында бір күндік әңгіме аз. Ол үшін ана тілдеріңді жақсы білулерің керек.

Жүргізуші: Немелеріңіздің  тілі таза ана тілінде шыққан. Қазір олар сізге тақпақ айтып береді.

Тақпақтар:

Көктем, сені күттім мен,

Көк шалғынды сағынып.

Жүретін әсем гүліңді,

Шаштарыма тағынып.

Жүргізуші: Аңызбен, ертегімен бізге жеткен құрметті қонақты қарсы алайық.
Ер Төстік: (Ер Төстік атпен шауып келеді)
Ассалаумағалейкум ! Бұл жерде қандай жиын болып жатыр, менің кішкентай батырларым! Сендер, қай балабақшадан боласыңдар?

Балалар: «Жұлдыз» балабақшасынан.

Жүргізуші: Сәлеметсізбе  Ер төстік қош келдіңіз бүгінгі наурыз мерекемізге.

Ер Төстік: Менде құр қол келгем жоқпын. «Кім жылдам» деген ойын ала келдім.
Ойын шарты: бір сұлу қыз орындыққа шығып, екі қолына орамал ұстап биікке көтереді. Батырлар шауып келіп атпен, сұлулардың қолындағы орамалды алады. Кім бірінші орамалға жетіп, орнына оралады, сол жеңімпаз атанады.

Ер Төстік: Жарадыңдар! Қандай епті және жылдам балалар! Енді менімен би билеуге қалай қарайсыңдар.

Балалар: Ия.

Би: «Батырлар».

Жүргізуші: Ертөстік батыр жоғары шығыңыз, әрі қарай балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Наурыз».

Әже: Балам, мен ұмытып барам. Менің балаларға деген азғантай тойбастарым бар еді. Соны балаларға таратайық!
Жүргізуші:
Ұлыстың  ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!

Осымен бүгінгі «Бізге келді, Наурыз ай!» атты  ертеңгілігіміз аяқталды.

 Қош сау болыңыздар.

 

Құрастырған: тәрбиешілер: Абдикова М.Б. Кожабекова Т.У.

 

Жаңартылған күні: 04.05.2023 20:13
Құрылған күні: 04.05.2023 20:13

Текст