«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Әр бала-ерекше, әр-бала- маңызды!» атты ата-аналарға сайыс

04- сәуір күні "Жұлдыз" балабақшасында «Әр бала-ерекше,әр-бала- маңызды!» атты ата-аналар арасында сайыс өткізілді.
Мақсаты: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету, олардың қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, инклюзивті қоғам қалыптастыруға ықпал ету.
Ата-ана мен балаға жылулық, көңіл-күй сыйлау мақсатында «Жүрекше» атты шаттық шеңберімен қарсы алып, ата-аналарға арналған кеңес берілді. Тыныс алу жаттығуы, қимылды, дидактикалық ойындар ойнатылды. Анасы баласына қолдау көресете отырып, баланың музыканы тыңдау арқылы қимылды қызығушылықпен орындауға септігін тигізді. «Жануарды тамақтандыр» атты ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған ойында балалар өте жақсы орындап, белсенділік танытты. Қорытынды кезеңде ата-аналарға жылы тілектер айтылып, балаларды алғыс хатпен, тәттімен марапаттады. Ата-аналар ризашылықтарын білдірді.

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 07.04.2025 16:36
Құрылған күні: 07.04.2025 18:12

Текст