Бәйшешек:
Көктем аруы:
Тамшы:
Әсем әуенмен, балалар қолдарына гүл шоқтарын ұстап, залға кіреді. Аяқтарын ұшымен жүгіріп кіріп, би қимылдарын жасайды.
Жүргізуші:
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан,
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жүпар аңқытқан.
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!
Жүргізуші: Қымбатты ақ жаулықты әжелер, абзал аналар, ару қыздар! Сіздерді көктем айының алғашқы мерекесі 8 - наурыз Аналар күнімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз көктем күніндей шуақты, көктем гүлдеріндей нәзік те, жайдары болсын деп тілейміз.
Бүгін наурыздің 8 – і,
Сүлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
Тақпақтар.
Ән: «Менің мамам!».
Жүргізуші: Балалар көктем мезгілінде бірінші қандай гүл шығады?
Балалар: Бәйшешек.
Жүргізуші: Ия, Бәйшешек екен, ал сол гүл неге басқа гүлдерден ерте оянатынын білесіңдер ме?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Ендеше, тыңдаңдар. Ерте, ерте, ертеде Бәйшешек пен Көктем аруы дос болыпты. Көктем күн нұрын төксе, гүл қуанып билейді екен. Досына сүйсінген Көктем бар қызуын досына сыйлапты. Таудан самал есіп, түрлі - түсті әсем көбелектер гүлге қонып, қыр даласы құлпырып сала береді екен.
Би: «Гулдер».
Жүргізуші: Жаз өтіп, күз аяқталар уақытта бәйшешек тұқымын жер астына сіңіріп:
Бәйшешек: «Айрылмасқа не шара? Кездескенше қош бол!,»
Жүргізуші: - деп, досы Көктеммен қоштасуды да ұмытпапты. Бір жыл қар қалың түсіп, тоң мұз ерімей, қарасуық соғып, елді әбігерге түсіреді. Адамдар күн нұрына ренжіпті. «Мынау кәрі қысқа шамасы келмей жатқаны несі? Әлде күн нұры бізге ренжіді ме»?- депті. Ұзақ ұйқыда жатқан гүл бұл сөзді естіп қалып, апыл ғұпыл киіне бастайды.
Бәйшешек сағыныштан дауыстап жіберсе, сөзі Көктем аруының құлағына жетіпті.
Бәйшешек: Достым, достым қайдасың?
Жүргізуші: Көктем аруы ары бері ойланып толғанып, досы жерге өзінің елшісі жауын тамшысын жібереді.
(Әуен ойналып, тамшы ортаға келеді).
Бәйшешек: Ау, досымның елшісі, қош келдіңіз.
Тамшы: Жоқ, қымбаттым! Досың қыстың елді қысып жатқанынан бейхабар. Мені хабар алуға өзіңізге жіберді. Қалың қарды зорға өттім.
Бәйшешек: Онда Көктем досым жылуын жер жаханға төксін де. Мен де ұйқымнан оянып, адамдарды қуантайын.
Жүргізуші: Тоң мұзды зорға өтіп, бу болып ұшып, талай қиыншылықты бастан өткерген жауын тамшысы, Көктемге жетіпті де, жерде болып жатқан қиыншылықты, Бәйшешек досының сәлемін айтыпты. Әп сәтте бұлттан шыққан алтын Көктем Нұры ен далаға төгіп -төгіп жіберіпті. Қалың қардың қабырғасы сөгіліп, ери бастайды. Сай- салаға суға толып, мал өріске шығып, шаруалардың көңілі жадырап сала береді. Жерді қыздыра қыздыра Көктем досы Бәйшешекке жетіп, оны құшағына алып, қолынан жетектеп, жер бетіне шығады. Ен дала бәйшешек алабына толады.
Көктем аруы: Біз жыл сайын жер бетіне осындай қуаныш әкелейік. Хабар сеннен болсын. Мекенім қашық қой. Жауын тамшысын елшілікке жіберіп тұрамын. Мен сеннен жылуымды аямаймын. Дос емеспіз бе?!.
Бәйшешек: Достым, сен қасымда босаң жер бетінде ешқандай қорқыныш жоқ. Әрқашанда осылай бірге жүріп елді қуанта берейік. Осылай мен басқа гүлдерден ерте оянып, көктем хабаршысы атана берейін. Қарашы достым, мына отырған балалардың жүздерін. Мерекені тойлатып жатыр...
Көктем аруы: Армысыздар балақайлар,
Әзиз әже, назды апайлар.
Мол шуақты ала келдім,
Қуаныңдар балақайлар!
Балалар, көктемнің алғашқы мерекесі 8- ші наурыз құтты болсын!
Жүргізуші: Қош келіңіздер! Бізбен бірге мерекені тойлатыңыздар. Балалардың сіздерге арнаған өлең шумақтары мен дайындаған әндерін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар.
Бәйшешек пен күн Нұры: Жарайсыңдар, балалар! Бізбен бірге ойын ойнауға қалайсыңдар? Ойнаймыз ба? Ойын: «Орамалды байла».
Шарты: Екі бала ұзын жіпті ұстап тұрады. Қыздар екіге топқа бөлініп, ілініп тұрған шарларға орамал тағу керек. Кім тез болады, сол бала жеңіске жетеді.
Ойын: «Сұлулық салоны немесе Аналармен сайыс».
Шарты: Аналар сұлулық салонына шақырылады, онда жас шаштаразшылар ерекше шаш үлгісін жасап береді. Аналар орындыққа отырады және қолдарына А3 форматында ватман ұстайды, онда бет пішіні кесілген және мойын жағы бейнеленген. Балалар маркердің көмегімен шаш үлгілерін жасайды. Сосын сәнді шаш үлгісінің дефилесі өтеді.
Би: «Джентельмен».
Бәйшешек пен Көктем аруы: Біз енді барайық, жылуымызды әрі қарай шашып, қуаныш сыйлайық елімізге. Сау болыңдар!
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» -деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Тақпақтар:
Ән: «Менің әжем осындай».
Жүргізуші: Ендігі кезекте балаларымыз аналарына және әжелеріне арнап жасаған сыйлықтарын табыстасын. (Сыйлық беру сәті).
Еркелетіп өсірген
Тентек болсам-кешірген
«Айналайын, күнім», -деп
Мерейімді өсірген.
Айдидарлы анашым,
Ақыл айтар данасың
Аман болшы әрқашан,
Деп тілейді балашың - дей отырып, «Ұқсатпаймын ешкімге жан анамды!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар, апалар, мейрамдарыңыз құтты болсын! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет!
Тәрбиеші: Абдикова М.Б.