10.09.2026
Балабақшада жаңадан қабылданған балалардың ата-аналарына арналған «Балабақшаға қош келдіңіз!» атты ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында ата-аналар балабақшаның күн тәртібімен, ішкі тәртіп ережелерімен, балалардың балабақшаға бейімделу ерекшеліктерімен, қауіпсіздік талаптарымен және ата-ана мен педагог арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелерімен таныстырылды.
Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі ретінде ата-аналарға мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі мен дамуына қолдау көрсетуге бағытталған «Беске дейін үлгер» қосымшасы туралы ақпарат берілді. Қосымшаның мүмкіндіктері таныстырылып, ондағы пайдалы кеңестер мен ұсыныстарды отбасында бала тәрбиесінде қолдану ұсынылды.
Жиналыс соңында ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, балабақша мен отбасы арасындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.