Текст
Бүгін Консультативтік пунктте ата-аналарға арналған «Ата-аналар қарым-қатынас құпиялары» тақырыбында тренинг өткізілді.
Шара барысында ата-аналар бала тәрбиесіндегі тиімді қарым-қатынас тәсілдерін меңгеріп, тәжірибелік жаттығуларға қатысты.
Сонымен қатар грипптің алдын алу бойынша пайдалы кеңестер беріліп, маусымдық аурулардың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Қатысушылар маңызды ақпарат алып, өзара пікір алмасты.