Текст
19 маусым күні «Сүйкімді кірпі» және «Менің ағзамның қорғаушысы» тақырыбында жазғы-сауықтырулар ұйымдастырылды. Әр топ өздерінің ойын алаңдарында кірпінің инелерін түрлі түсті қағаздан қиды және жапырақтарды инелері ретінде жабыстырды; бояу қарындаштармен, қылқаламмен кірпінің суретін бояды. «Пайдалы және зиянды» тақырыбы бойынша әңгімелесу жүргізілді. Балаларды «Менің ағзамның қорғаушысы» атты көркем шығармамен таныстырды. Ұжымдық жұмыс ретінде «Зиянды тағамдар» плакатын әзірледі. Жалпы балалар адам ағзасы туралы, пайдалы және зиянды тағамдар туралы көп мағлұмат алды.