«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қыс қызығы»

Тақырыбы: «Қыс қызығы».


Мақсаты: Әуен сазынан қыс көрністерін естіп білуге, оны қимыл-қозғалыспен бейнелей білуге үйрету. Көңілді әнді әсерлі етіп айтуға дағдыландыру. Музыка үнімен жануарлардың, аңдардың қимыл-қозғалыстарын көрсетуге бағыт – бағдар беріп үйрету. Әннің ырғағын сақтап, еркін орындауға баулу. Балалардың байқампаздық қабілеттерін дамыту.

«RELAX» музыка орындалады.

 

І. Мотивациялық қозғаушы күш.

Балалар көңілді әуенмен залға кіреді, ортаны айналып шығып жарты шеңбер жасап тұрады, музыка жетекшісі балалармен амандасады.

Музыка жетекшісі: Сәлеметсіздер ме, балалар? (Сәлеметсіз бе, апай!).

 

 

«Шаттық» шеңбері:  

Қайырлы таң ұстазым,

Қайырлы таң достарым.

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық.

Доброе утро учитель,

Доброе утро друзья.

Посмотрите друг на друга,

Пожелайте добра.

                         

Музыка жетекшісі:

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (қыс).

- Қыс мезгілінде далада қандай құбылыстар болады ? (күн суық болады,қар жауады, аяз болады  т.б.).

- Жарайсыңдар!

 

ІІ. Іздену - ұйымдастырушы кезең.
Музыка жетекшісі: - Балалар, тыңдайықшы! Бізге қонаққа Күлдіргіш келе жатыр, қолында хаты бар екен.

 (Әуен ойналып Күлдіргіш жедел хатын алып, жүгіріп келеді.).

Күлдіргіш: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Музыка жетекшісі: - Сәлеметсін бе, Күлдіргіш. Қолыңдағы не хат?

Күлдіргіш: Менің қолымдағы жедел хат орман аңдарының өтініші. Мен хатымды жеткіздім, ал мен кетейін. Сау болыңдар,балалар!

Музыка жетекшісі: - А,  мен онда не жазылғанын оқиын.

(Жеделхат алып  оқиды):

Хатта балалар: «аққала көмекке шақырады».

                           «үш аю өз өнерін көруге шақырады»

                           «қояндар ән айтуға шақырады».

Сендер оны орындауға тырысасыңдар ма?(Ия).

ІІІ. Негізгі бөлім.

Балаларды алаңға «кысқызығы» ойын-сауығына  шақыру.

Музыка жетекшісі: - Қыс қызығы басталды,

                                       Ойнап  асыр салайық.

                                       Сазды әуенмен мәнерлеп, 

                                       Ырғақты әнге салайық.

«Марш» ырғағымен  Аққалаға көмекке барамыз.

Ойын: «Аққаланы құрастыру».  (Балаларды екі топқа бөліп, қағаздан аққала құрастыру. Қай топ бірінші қалап бітіреді, сол топ жеңіске жетеді).

Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар, балалар! Аққаланы әдемі құрастырдық, енді әдемі «Аққала» әнін тыңдайық.

Ән тыңдау: «Аққала». (балалармен әнді талқылау).

Музыка жетекшісі: Қандай керемет ән, енді Үш аюдың өнерін көруге барайық.

Аспапта ойнау: «музыканттар әні».

Музыка жетекшісі: Ендігі ән айтуға шақырған қояндардың өтінішін орындайық. Бірақ ән айтар алдында біздер дауыс жаттығуын және  тыныс жаттығуын жасаймыз. (Тыныс және дауыс жаттығуларын жасаймыз).

Балалар, дауыс жаттығуы бізге не үшін керек? (Балалар жауабы)

Тыныс жаттығулары: Бет бұлшық еттеріне арналған жаттығу және дұрыс тыныс алу:

Паровоз жаттығуы: Демді мұрынымен алып, паровоздың дыбысын келтіріп, бөліп - бөліп  шығару.

Жылан жаттығуы: Дәл солай демді алып, жыланның дыбысын келтіріп, «С», «Ш» әріптері арқылы үзбей демді шығару.

Ән айту: «Шыршаға бардық».

ІV. Қорытынды. Оқу қызметі анализі.

  1. Балалар сендерге оқу қызметі ұнадыма?
  2. Бізге қонаққа кім келді?
  3. Оның қолында не болды? (Балалар жауаптары).

            Жарайсыңдар, балалар маған сендердің әндерің ұнады. Ал енді осы орман аңдарының өтінішін бұлжытпай орындағандарың үшін  мен сендерге музыкалық ноталарды таратқым келіп тұр. (Музыка жетекшісі балаларға ноталар таратады) Сау болыңыздар!

Жаңартылған күні: 11.02.2022 15:31
Құрылған күні: 11.02.2022 15:31

Текст