14.06.2024
Бүгін 13 маусым күні «Жұлдыз» балабақшасында «Жас із-кесушілер» тақырыбы бойынша іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балалардың орман, жануарлар, өсімдіктер, құстар туралы білімдерін жалпылау және нақтылау. Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Із-кесушілер туралы түсініктерін кеңейту. Бірлесіп жұмыс істей білуге, бір-біріне көмек көрсетуге, достарының жетістіктеріне қуануға тәрбиелеу.
Қонаққа із-кесуші, орманшы, фиксики келді. Балалар «Жалын» және «Сұңқар» атты екі топқа бөлінді. Орманшы балалармен «Мерген», «кім жылдам?» қимылды ойындарын ойнатты. Із-кесуші «Сөз жалғастыру» ойынын және балалардың денелерін шынықтыру үшін «Допты әкел» қимылды ойынын өткізді. Кейін «Қимылынан тап» ойынын өткізді, балалар жануарлардың қимылдарын көрсетті, ал екінші топ оны болжап табуға тырысты. Іс-шара соңында барлығы бірге «Қошақаным» әнін орындап, «Фиксики» биін билеп көңілдерін бір көтеріп алды.