«Сиқырлы ноталар»
Ересек тобы/Старшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық
Бөлімі/Подобласть: Музыка.
Тақырыбы/Тема: «Сиқырлы ноталар ».
Мақсаты/Цель: Музыкалық ойындар арқылы балалардың денсаулығын, шығармашылығын нығайту. Музыканы мұқият тыңдай отырып ести білуге, ырғақтарды айыра білуге үйрету. Музыкаға әсерлену, дыбыс жоғарылығын ажырату қабілетін дамыту. Музыкалық ойындар арқылы музыкаға қызығушылықтарын арттыру. Әуенді ноталарды түстеріне байланысты ажырата білуге үйрету.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: Музыка, түрлі түсті ноталар.
Қостілділік компонент/Словарная работа: Музыкалық аспап - музыкальный инструмент.
Мерзімі/Дата: 20. 12. 2021ж.
Музыка жетекшісі/Музыкальный руководитель: Біртаева Н.Б. Балалар музыка залына марш екпінімен кіреді.
Қайырлы таң ұстазым,
Қайырлы таң достарым.
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық.
Доброе утро учитель,
Доброе утро друзья.
Посмотрите друг на друга,
Пожелайте добра.
Музыка жетекшісі:
Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!
Бүгіңгі көңіл күйлерің қалай?
- Жарайсыңдар! (Амандасқаннан кейін балалар орындыққа барып отырады).
ІІ. Іздену - ұйымдастырушы кезең.
Біздің бүгінгі ашық оқу қызметінің тақырыбы «Сиқырлы ноталар» -деп аталады.
(Осы кезде мұнайып қоян келеді.)
Музыка жетекшісі: Балалар, бізге қонаққа қоян келді, бірақ ол көңілсіз екен.
Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Музыка жетекшісі: Қоянжан, қош келдің. Сен неге көңілсізсің?
Қоян: Жақын арада Жаңа жыл мерекесі тақап қалды, ал мен болсам Аяз атаға не ән, не би, не бір аспаптада ойнай алмаймын. Не істесем болар екен? (мұнайып жылайды).
Музыка жетекшісі: Көңіліңді түсірме. Біз балалармен бірге саған көмектесеміз.
Ендеше, біздің балалардың қасына жайғасып отыра ғой.
Біздің балалар қазыр ноталарға айналып, қоянжан саған ән айтуды, би билеуді және аспапта қалай ойнауды үйретеді.
Қоян: Алақай, жақсы болды.(қуанады).
(сиқырлы әуен ойналып, балалар ноталарға айналады).
Музыка жетекшісі:
Міне, барлығымыз бірге сиқырлы ноталарға айналдық. Енді осы сиқырлы ноталардың тапсырмалары арқылы қоянжан біз әнді,биді және аспапта ойнауды үйренеміз.
Қоянжан, музыка әлемінде 5 сызықтың бойында скрипка кілті орналасады. Ол яғни мен. Сол 5 сызыққа 7 нота орналасады. Осы 7 нотаның тапсырмаларын орындап, 5 сызыққа орналастыруымыз керек.
ІІІ. Негізгі бөлім. Бірінші «До» нотасы. Қандай қазақ халқының ұлтық музыкалық аспаптарын білесіңдер?.
1 тапсырма:
Ал, ноталар біз білеміз, қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстық. Қандай аспаптарды білесіңдер? Қоянжанға бірге айтып берейікші.
Музыка жетекшісі:
Ендеше осы аспаптардың дыбыстарын қазір біз үнтаспадан тындау арқылы ажыратамыз. Ойын : «Аспаптарды ажырату». Тапсырманы орындадық, «до» нотасын өз ұясына орналастырайық.
2 тапсырма: Келесі «Ре» нотасы. Қандай тыныс алу жаттығуын білесіңдер? Ендеше балалар біз ән айтпас бұрын тыныс жаттығуларын жасаймыз. Ал, Қоянжан сен бізбен бірге қайталап отыр. Тыныс жаттығулары: Бет бұлшық еттеріне арналған жаттығу және дұрыс тыныс алу: Паровоз жаттығуы: Демді мұрынымен алып, паровоздың дыбысын келтіріп, бөліп - бөліп шығару. Жылан жаттығуы: Дәл солай демді алып, жыланның дыбысы келтіріп, «С», «Ш» әріптері арқылы үзбей демді шығару. Бұл нотанын тампсырмасын орындадық деп ойлаймын. Нотаны орналастырамыз.
3 тапсырма: Келесі нотаның тапсырмасын қарайық. Қоянның келесі «Ми» нотасы. Қандай дауыс жаттығуын білесіндер? Енді біз тыныс алу жаттығуларынан кейін, дауыс жаттығуларын жасаймыз. Дауыс жаттықтыру: «Жоғары барамыз, төменге түсеміз». Музыка жетекшісі: Жарасып тұр сәніміз, Ән шырқайық бәріміз. Естіген жұрт таң қалсын, Әдемі ән шырқалсын.Ендеше қоянға әдемі бір ән үйретейек! Ән: «До, ре, ми, фа, соль». музыкасы: Аркадий Островский Бұл нотанын тампсырмасын орындадық деп ойлаймын. Нотаны орналастырамыз.
4 тапсырма: Музыка жетекшісі: «Сергіту сәті».«Аяқпенен топ топ» «Фа» нотасын орнына орналастырамыз.
5 тапсырма: Музыка жетекшісі: Келесі «Соль» нотасы. Қандай шулы музыкалық аспаптарды білесіндер? Ал, біз сендермен музыкалық аспаптарды өттік, сонда музыкалық аспаптардың топтарын атап беріндерші. Шулы музыкалық аспаптар қандай дыбыс береді? Ендеше,.... Ойын: «Қандай ырғақ». Мен сөзін айтамын, ал сендер аспаппен ойнайсындар. Данғыраны ұр қатты, Жарайсындар! Нотаны орналастырамыз.
6 тапсырма: Музыка жетекшісі: Келесі,«Ля» нотасы. Қандай ұлттық билерді білесіңдер? Бигеде кезек келген екен, ендеше қоянжанға «Түрлі ұлттар биі» ойынын бірге көрсетейік. Ойын: «Түрлі ұлттар биі». Қимылды ойын: «Үш би» ойыны. Ойынның мақсаты: Балаларды би жанрларын ажырата білуге, би түрлерін есте сақтауға, әуенді естіп қабылдауға баулу. Ойынның шарты: Ұлттық би түрлерін әуенді тыңдау арқылы би қимылдарын билеп көрсетеді. Қазір үнтаспада әр түрлі музыка қоямын, әр ұлт өзінің музыкасын таныса қимылдар жасап билейді . Ал егер қазіргі заман музыкасы ойналса,бәрің шашыраңқы билейсіңдер де, музыка тоқтаған кезде әр кім өз орындарына тұра қалады. Бұл тапсырманыда жеңіл орындадық. «Ля» нотасын орнына орналастырайық.
Музыка жетекшісі: Балалар біз қоянға мына сиқырлы ноталар арқылы көп нәрсені үйреттік. Біз бүгін қазақтың музыкалық аспаптарын таныстырдық, олар неше топқа бөлінетінін және шулы аспаптар неше үн шығаратынын білді. Қоянжан көп нәрсе үйренді деп ойлаймын. Ендігі «Си» нотасы қалды. Си нотасынын тапсырмасында не дер екен? Ән шырқап бере аласың ба? Соль кілті: Әрине, Қоянжан ән айтып, би билеуге үйренді деп ойлаймын. Келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне арналған әнімізді енді Қоянжанмен бірге орындайық. Солай ма, Қоянжан? Қоян: Әрине, бірге айтсақ көңілдірек болады. Ән: «Кел, Жаңа жыл!». Қоян: Балалар, сендерге көп рахмет. Сау болыңдар! (сиқырлы әуен ойналып, балалар өз қалпына келеді). Қортындылау: Музыка жетекшісі: - Бүгінгі оқу қызметіміздің қай тапсырмасы көбірек ұнады? - Қонаққа бізге кім келді? - Ол неге көңілсіз болды? - Қандай ойын ойнадық? - Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар. Балалар, сендер бүгінгі сабаққа жақсы ат салыстыңдар, соның құрметіне адемі ноталарды ала қойындар.
|