24 сәуір күні мектепалды даярлық «Қарлығаш» тобында А.Б.Насырова «Ғажайып білім әлемі» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. Алдымен қабылдау бөлмесінде шаттық шеңбер құрып, бүгінгі күнмен амандасып алды. Кейін сұрақ-жауап арқылы көктем мезгілінде болатын құбылыстар туралы айтып өтті. Ғажайып сәт ретінде ұшақтың дыбысы естіліп білім әлемінен хат келді. Ол хатта білім әлеміне қажет құрал-жабдықтар жоғалғаны туралы айтылып, балалардан көмек сұралды. Барлығы ұшып ойын бөлмесіне келді, ол жерде балаларды білгіш Фиксик күтіп отырды. «Пішіндер сөйлейді» атты бейнежазбаны қарап шықты. Әр геометриялық пішінге байланысты балалар дамытушы орталықтарға бөлініп, берілген тапсырмаларды орындап шықты.
«Балапан» тобында тәрбиеші Д.А.Ермекбаева «Туған жерімнің көктемгі табиғаты» тақырыбында іс-әрекетін өткізді. Алдына қойған мақсаттарына жете білді. Ұйымдастыру кезінде балалар шаттық шеңберін әуен ырғағымен бір-біріне қимылдар жасады.Тосын сый ретінде сиқырлы сандық ішінен көктем патшалығынан хат келді. Тыныс алу жаттығуларын жасап, Көктем хайнашайымынан келген «Гүлді ретімен орналастыру», «Көктем пейзажын құрастыру», «Ғажайып түстер әлемі» атты дидактикалық ойын тапсырмаларды орындады. Зертханалық жұмыс орталығында балалар гүлдің құрылысымен танысып, оны қалбырға отырғызды. Кейін көктем патшалығына қонаққа бару үшін жерде жатқан гүлдерден секіріп өтті. Алғыс ретінде Көктем ханшайымы балаларға сұрақтар қойып, өз сыйлығын табыстады. Балалар жыл бойы алған білімдерін бекітті.
Қысқы бақта «Бәйтерек» тобымен «Білім кілті-өмір нәрі» тақырыбында іс-әрекетті тәрбиеші Жүнісова А.Б. өткізді. Музыка арқылы көңілді бимен шаттық шеңберін жасап ұйымдастырылған іс-әрекетті бастады. Құстарды үрлеу арқылы тыныс жаттығуын жасады, допты қолдана отырып сұрақ-жауап алды. Ғажайып сәт ретінде қонаққа балалардың білімін тексеру үшін өзінің тапсырмаларымен Білім ханшайымы келді. Тіл ұстарту жаттығуын жасады. Балалар қолдарындағы геометриялық пішіндер бейнеленген білезіктер арқылы топтарға бөлінді. Әр дамытушы орталықта балалар тапсырмаларды орындады, шығармашылық орталықта дәстүрден тыс сурет салу әдісін қолданып гүлдің суретін салды. Іс-әрекет соңында кері байланыс жасап, Білім ханшайымы балаларға өзінің сыйлығын тапсырды.