23 сәуір күні мектепалды даярлық «Балапан» тобында Амиржанова Р.С. «Ертегілер әлемі» тақырыбында кіріктіріліп ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. Балаларды «Адасқан құмырсқа» ертегісімен таныстырды. Зертханалық жұмыс орталығында құмырсқаның илеуін және құмырсқаны зерттеді.Дидактикалық «Құмырсқа тізбегі», «Құмырсқаға дән қажет» ойындарын ұйымдастырды.
Мектепалды даярлық «Солнышко» тобында Л.Г.Шарипова «Білім кілті-өмір кілті» тақырыбында ашық іс-әрекет ұйымдастырды. Тосын сый ретінде қонаққа Буратино келді. Балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту орталығында «Буын және екпін», «Сөздегі дыбысты тап», «Сөзге дыбыстық талдау жасау», «Ертегіні құрастыр» тапсырмаларын орындады. Эксперимент орталығында тіс тазалағыштарды жұлдызшаларға айналдырды және сіріңкелердің жарысын өткізді. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту орталығында «Көп, аз, тең», «Сана және есепте», «Көрші сандар» тапсырмаларын орындады. Шығармашылық орталықта көбелекті дәстүрден тыс әдіспен салу жұмыстарын көрсетті. Табиғи материалдан түрлі жәндіктерді жасап шығарды. Қортындылай келе балалар жәндіктер туралы көп мағлұмат алып, өздеріне ұнағанын айтып қызығушылықтарын білдірді.