«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сазды әуен сиқырлы»

«Сазды әуен сиқырлы»
Мақсаты: Музыка арқылы бала бойындағы дүниетанымдық, адамгершілік қаситтерді дамыту.Өмірге деген сүйіспеншіліктерін жаңа деңгейге көтеру.
Міндеттері:
- Музыкалық дыбыстар туралы білімін қайталау және бекіту;
- Бала бойында таныс әуедерді жаңа бағытта сипаттай білу және айыру ;
- Музыкаға деген қызығушылығын арттыру;
 

«RELAX» музыка орындалады.

 

І. Мотивациялық қозғаушы күш.

Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, ортаны айналып шығып жарты шеңбер жасап тұрады, музыка жетекшісі балалармен амандасады.

Музыка жетекшісі: Сәлеметсіздер ме, балалар? (Сәлеметсіз бе, апай!).

 

 

«Шаттық» шеңбері:                                      

Қайырлы таң ұстазым, 

                             

 

Қайырлы таң достарым.                       

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық.

Доброе утро учитель,

Доброе утро друзья.

Посмотрите друг на друга,

Пожелайте добра.

 

Музыка жетекшісі:

- Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер? (музыка сабағына).
 - Музыка сабағында біз не үйренеміз? (ән айтуды, би билеуді, аспаптарда ойнауды  т.б.).

- Жарайсыңдар!

 

ІІ. Іздену - ұйымдастырушы кезең.
Музыка жетекшісі: - (Әуен ойналып, слайдта ертегі елінен Женя пайда болады).

Музыка жетекшісі: Ой, мынау жеті түрлі - түсті гүл ертегісіндегі Женя қыз ғой!
Женя: Ия, дұрыс айтасыңдар балалар, мен ертегілер еліндегі түрлі - түсті сиқырлы гүл ертегісіндегі Женя қыз боламын! Менің гүлім қуратып күлтешелері түсіп қалды. (жылайды)

Музыка жетекшісі: Мұңайма, Женя! Біз балалармен бірге күлтешелерін жинап береміз.

Женя: Қалайша? Ол күлтешелер сиқырлы, тапсырмаларын орындаса ғана жиналады.

Музыка жетекшісі: Уайымдама, Женя біздің балалар ақылды. Жинап береді. Солай ма, балалар? (Ия).

Қінекей, балалар неше күлтешесі бар екен санайықшы! (7)
Женя: Жақсы, ендеше сиқырлы гүліміздің күлтешесін алып, тапсырмаларын орындайық. Ол үшін барлығымыз көзімізді жұмып, сиқырлы Сазды әуен сарайына аттанайық!

«Шыр айналып әлемді
Сиқырлайды бар елді……»  (Сиқырлы әуен ойналады).

 

Музыка жетекшісі: балалар қараңдаршы біз қайда келдік?  Біздер Сазды әуен сарайына келген секілдіміз. Бұл нота қалашығы.
 

ІІІ. Негізгі бөлім.

1. Ноталар қалашығы.
Қараңыздаршы бұл не? (Музыкалық нота сызығы көрсетеді)
Нота санында неше сызық бар екен? (5)
Барлық ноталардың патшасының аты кім? (Соль кілті)
Музыка әлемінде неше нота бар. (7)
Ендеше барлық ноталарды әндетейік. (балалар гамманы әндетеді)
Балалар,  ал енді ноталар қалашығында біздер онымен қатар музыкалық дыбыстар түрлерімен танысамыз олар балалар легатто стакатто. Ендеше балалар гамманы стаккатто және легатто түрінде айтып шығайық.

(Музыка жетекшісі  гамманы балалармен біргі айтады).

 

Женя: Міне, керемет! Сиқырлы гүлімнің күлтешесі пайда болды! Жарайсыңдар, балалар!

Музыка жетекшісі:  Біз әрі қарай сарайымызды аралайық! Екінші күлтешенің тапсырмасын орындайық!
Женя: «Шыр айналып әлемді
Сиқырлайды бар елді……»

2. Ритмикалық дыбыстар қалашығы. (барабан дыбысы естіледі).

Музыка жетекшісі: Балалар тыңдайықшы бұл әуенді музыка ма ? (Жоқ)
Не естіп отырсыңдар балалар? (Барабан).
Біз ритмикалық дыбыстар қалашығына да  келдік. Ол музыка яғни әуенге жатама балалар? (Жоқ) Ия, дұрыс айтасыңдар балалар! Ол ритмикалық дыбысқа жатады. Ритмикалық дыбыстардың қандай түрлері бар кім айтады (шулы дыбыстар және музыкалық дыбыстар) Дұрыс айтасыздар.
Барлық бала біледі,
түрлі шулы дыбысты.
Ұшақ ұшып кетеді,
машина жүріп барады,
жәй жапырақ сыбдыры,
шулы дыбысқа жатады.
Қандай музыкалық дыбыстар болады? кім жауап береді? (Қатты-жәй, Жоғары-төмен).
Енді сендердің музыкалық қабілеттеріңді тексеріп көрейікші?(Слайд)
«Табиғи оркестр».

Шарты: Үнтаспадан дыбыс есту арқылы, слайдта не бейнеленгенін айтады.

Женя: Керемет! Әрі қарай сарайымызды аралайық!
Музыка жетекшісі:  Ендеше үшінші күлтешенің тапсырмасын орындайық!
Женя: «Шыр айналып әлемді
Сиқырлайды бар елді……»

3. Аспаптар қалашығы.

Музыка жетекшісі:  Балалар біз қазақ халқының аспаптарын білеміз бе?

Қандай аспаптар бар атаңдаршы? (домбыра, сазсырнай, жетіген, қобыз т.б.)

Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мына аспаптарды алып, біз әдемі «Оркестр» әнін орындайық!

«Оркестр әні».

Женя: Тамаша! Гүлім әдемі қалпына келе бастады. Әрі қарай сарайымызды аралайық!
Музыка жетекшісі:  Балалар сендерге ұнадыма? Ендеше төртінші күлтешенің тапсырмасын орындайық!
Женя: «Шыр айналып әлемді,
Сиқырлайды бар елді……»
4. Би әлемі. (би ырғағына сай музыканың дыбысы естіледі).
Музыка жетекшісі:  Балалар тыңдаңдаршы, бір музыка естілетін секілді.
Бұл қандай музыка екен, қандай музыкаға жатады би ырғыма немесе әуен ырғағыма? (Би ырғағы) Дұрыс айтасыңдар би ырғағы.

Балалар біз би әлеміне саяхаттап келдік.

Бұл жерде үш ұлттың бейнесі бейнеленген. Соны біз қай ұлт екенін айтып, биін билеп беруіміз керек.

Қимылды ойын: «Үш би» ойыны.

Ойынның мақсаты: Балаларды би жанрларын (полька, ұлттық би, вальс) ажырата білуге, би түрлерін есте сақтауға, әуенді естіп қабылдауға баулу.

Ойынның шарты: Полька, вальс, ұлттық би түрлерінің суреті салынған карточкалармен таныстыру. Музыка жетекшісі аспапта үш түрлі пьеса ойнап, балалар әуенге сай бейнеленген суретті дәл көрсетіп, билеп беру.

Женя: Жарайсыңдар, балалар! Әрі қарай сарайымызды аралайық!
Музыка жетекшісі:  Балалар сендерге ұнадыма? Ендеше бесінші күлтешенің тапсырмасын орындайық!
Женя: «Шыр айналып әлемді
Сиқырлайды бар елді……»

5. Ән әлемі. (ән дыбыс естіледі). «До, ре, ми, фа, соль» А.Островский.
Музыка жетекшісі:  Тағы да музыка естіледі. Бұл әуен сендерге таныс сияқты ғой? (Таныс). Бұл не екен? (Ән)
Дұрыс айтасыңдар балалар біз ән әлеміндеміз. Біздер түрлі әндер білеміз бірақ ән айтар алдында біздер дауыс жаттығуын және  тыныс жаттығуын жасаймыз. (Тыныс және дауыс жаттығуларын жасаймыз).

Балалар, дауыс жаттығуы бізге не үшін керек? (Балалар жауабы)

Женя: Жарайсыңдар, балалар! Әрі қарай сарайымызды аралайық!
Музыка жетекшісі:  Балалар сендерге ұнадыма? Ендеше алтыншы күлтешенің тапсырмасын орындайық!
Женя: «Шыр айналып әлемді
Сиқырлайды бар елді……»

6. Жаңылтпаш  әлемі. (слайд)

Музыка жетекшісі:  Ал, жаңылтпаштарды не үшін қолданамыз? (әннің сөздерін анық айту  және дыбыстарды алмастырмай дұрыс айту үшін).

 

1. Шошыттың үш құсты,

Шошып үш құс ұшты.

 

2. Әже ішіп отыр шәй,

Көңілді сондай жәй.

 

 

3. Шеше, шеше

Неше кесе,

Сынды кеше?

 

4. Шалшық, балшық,

Балшық, шалшық,

Балшықтан ал шық.

 

 

Ендеше  жетінші күлтешеміз әнге беріліпті, орындарымыздан тұрып ән айтайық!
 

7. Ән: «До, ре, ми, фа, соль» А.Островский.

Женя: Жарайсыңдар балалар сендер би билейді екенсіңдер әнді де жақсы айтады екенсіңдер.Ал енді балалар біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз келді көздерімізді жұмып, сиқырлы гүлімізбен балабақшамызға қайтайық
Балалар көздерін жұмады,
«шыр айналып әлемді
Бақшамызға әкетші!»
(Сиқырлы музыка естіліп балалар көздерін ашады).
Музыка жетекшісі:  Мінекей бақшамызға да оралдық.

Женя: Балалар, сендерге рахмет! Менің сиқырлы гүлім өз орнына келді. Енді мен оны күнде күтіп, уақытылы суарып отырамын. Ал, қош болындар балалар!....(сиқырлы әуен ойналып, Женя жоқ болады).
ІV. Қорытынды. Оқу қызметі анализі.

Музыка жетекшісі:  Балалар сендерге саяхатымыз ұнадыма? (Балалар жауаптары). Ендеше сендерге сазды сиқырлы сарайда не ұнады?
Жарайсыңдар, балалар маған сендердің билерің әндерің ұнады ал енді осы сиқырлы саяхатымыздан естелік ретінде мен сендерге музыкалық ноталарды таратқым келіп тұр. (Музыка жетекшісі балаларға ноталар таратады)
Балалар осындай оқу іс-әрекетіне тамаша қатысқандарың үшін сендерге көп көп рахмет.келесі кездескенше Сау болыңыздар!

Жаңартылған күні: 11.02.2022 12:51
Құрылған күні: 11.02.2022 12:51

Текст