22 сәуір күні мектеппен сабақтастық жоспарына сәйкес мектепалды даярлық топтарында Ақмол ауылының №5 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысуымен кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттер жалғасын тапты.
Музыка жетекшісі Н.Б.Биртаева «Қарлығаш» тобында «Музыка әлемі» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. Ғажайып сәт ретінде қонаққа Соль кілті келіп, «соль, ля, си» ноталарын табал алмай көмек сұрады. «Көктем келді» әнін тыңдап, композитор жайлы ақпарат берді. Тыныс және дауыс жаттығуларын орындап шықты. «Көңілді оркестр» қимылды ойынын ойнады, түрлі түсті стакандар арқылы ырғақты қимылдар жасады. Жаңадан «Көңілді ноталар» әнін үйретті. Іс-әрекетті қорытындылап, жоғалған ноталарды табылды. Балалар үлкен қызығушылықпен іс-әрекетке қатысып отырды.
«Солнышко» тобында «Ырғақпен дос болайық» тақырыбында іс-әрекетті музыка жетекшісі Калиева К.А. өткізді. «Қайырлы күн!» атты музыкалық сәлемдесумен бүгінгі күнмен амандасып, балалардың назарын музыкалық аспаптарға аударды. Балаларға жан-жағымызда әр түрлі дыбыстар болатыны туралы ақпарат берді. Шу және музыкалық дыбыстарды ажырату мақсатында екі түрлі дыбысты тыңдатты. Фланелеграфта бейнеленген ырғақты суретке қарап ертегі құрастырды. «Көңілді жәндіктер» музыкалық бейне ойынын, дидактикалық «Үш құрбы» ойынын ойнады.Қонаққа Айсұлу, Айгерим, Мариям үш құрбы келді. Ағаш қасықтармен ырғақты суретті ұрып, балаларға қайталатты. Музыкалық «Дидили» ойынын, «Көбелек оянды» саусақ ойынын және «Сағат жүреді» ойынын ойнады.Іс-әрекетті қорытындылай келе «Әлем түрлі түсті шалғынға ұқсайды» әнін орындап шықты.
Дене шынықтыру нұсқаушысы Г.А.Каркабатова «Бәйтерек» тобында «Біз-спортшымыз» тақырыбында кіріктірілген іс-әрекет ұйымдастырды. Негізгі және жалпы дамытушы жаттығуларды орындағаннан кейін спорт түрлеріне назар аударды. «Насос» тыныс алу жаттығуын жасап, негізгі қимыл-қозғалыс: баскетбол элементі (обручты нысанаға лақтыру), футбол элементі (допты бір-бірлеріне тебу, аяқпен ұстап алу) жасады. Кейін «Доптар» қимыл-қозғалыс ойынын ойнады.
Іс-әрекеттер соңында мектеп мұғалімдері мен балабақша әдіскерлері, тәрбиешілер пікір алмасты.