«Смешарики» ересек тобының тәрбиешісі М.С.Ирешова «Жайлауға саяхат» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. Балалар қабылдау бөлмесінде шаттық шеңбер жасап бір-бірімен амандасып шықты. Тосын сәт ретінде қонаққа жайлаудан әже келді. Ең алдымен тәрбиеші тақырыпты ашу үшін сұрақ-жауап арқылы үй жануарлары туралы мәлімет берді. Кейін балалар қолдарындағы түрлі түсті асықтың суреті бейнеленген білезіктері арқылы орталықтарға бөлінді. Эксперимент орталығында әженің көмегімен сиыр сауып, құрт жасады. Дамытушы орталықтарда қойдың жүнін қиды, жабыстырды, ермексаздан жылқыны үлгі бойынша мүсіндеді. Жайлаудағы киіз үйді қағаздан қиып жабыстырды. Жатын бөлмеде үй жануарларына арнап қораны құрастырып шықты. Мольбертте сиырдың суретін бояды. Математика орталығында қыз қуу ойынын ойнап, сандарды сәйкестендірді. Жалпы ұйымдастырылған іс-әрекет балаларға қызықты өтті.
«Ақ бота» тобының тәрбиешісі Б.О.Есжанова «Тірі және өлі табиғат» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. Балалар жұмбақ шешіп, мақал-мәтелдерді жалғасын тапты. Ғажайып сәт ретінде табиғат ханшайымы қонаққа келді. Табиғат ханшайымы «Құм, тас, су» ойынын өткізді. Зертхана орталығында тірі және өлі табиғатты зерттеді, гүл отырғызып, сенсориканы дамыту мақсатында «Не екенін тап» дидактикалық ойынын ойнады. Балалар іс-әрекетке үлкен қызығушылық танытты. Ұйымдастырылған іс-әрекет жоғары деңгейде өтті.