18 сәуірде ұйымдастырылған іс-әрекет "Смешарики" ересек тобында өтті, тәрбиеші С.Ш. Кобландынова қабылдау бөлмесінен бастап жұмысты ұйымдастырды, онда балалар "Көктем туралы суретті жина" кеңістігінде бағдарлау бойынша тапсырманы орындады, Көктем ханшайымның келуі тосын сәт болды, онымен бірге балалар топтық бөлмеге барып, әртүрлі орталықтардағы ойын тапсырмаларды орындауға кірісті. Зерттеу орталығындағы тәжірибе "Жанартау атқылауы", таным, шығармашылық және коммуникация орталықтарындағы тапсырмалар балаларға қызықты болды. Қорытынды сәтте тәрбиеші балаларға сұрақтар қойды және оларды белсенді қатысқаны үшін мадақтады.
"Колобок" орта тобында "Көктемнің гүлдері" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетті тәрбиеші Т.М. Белоусова жүргізді. Балалар ашық түсті ара киімдерін киіп, Майя бал арасын көңілді қарсы алды, ол олардан көмек сұрады. Қабылдау бөлмесінде балалар "Гүлдерді жина" қимылды ойын ойнап, "Гүлдердің хош иісі"тыныс алу жаттығуды орындады. Балалар өздерін пойыз жолаушылары ретінде елестете отырып, сапарға аттанды, Майя бал арасының тапсырмаларын құзыреттілік орталықтарында орындады. Тәрбиеші тапсырмаларды орындау бойынша нақты түсініктеме берді. Эксперимент орталығында балалар гүл тұқымдарын отырғызды, шығармашылық орталығында гүлдерді дәстүрлі емес әдістермен бояды, коммуникация орталығында "Жайлаудағы көктем" бейнесін құрастырды, ұсақ моториканы дамытуға арналған ойындар ойнады. Барлық балалар іс-әрекетке белсенді қатысты, тәрбиешінің белгісі бойынша барлығы қорытындылау жасауға ортаға жиналды.
"Барлық мамандықтар маңызды" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетті "Алтын ұя" ересек тобында тәрбиеші Т.У. Кожабекова өткізді, балалар дәлізде шаттық шеңберін орындады, тосын сәт ретінде Дәрігермен кездесті, ол балаларға денсаулық сақтау бойынша пайдалы кеңестер берді. Дәрігер "Өкпедегі ауа" тыныс алу жаттығуды, сондай-ақ "Кімнің заттары?» атты ойын ойнауды ұсынды. Іс-әрекеттің негізгі бөлімінде эксперимент орталығында балалар ауаға байланысты және кока- кола газдалған сусынның ағзаға зиянын дәлелдейтін тәжірибелер жүргізді. Белсенділік орталықтарында балалар мамандықтарға байланысты әртүрлі тапсырмаларды, сондай-ақ текшелермен сергіту сәтін орындады. Содан кейін олар тәрбиешінің сұрақтарына жауап бере отырып, ұйымдастырылған іс-әрекетті қорытындылады. Белсенділік танытқандары үшін Дәрігер балаларға пайдалы дәрумендер таратты. Іс-әрекет көңілді және қызықты өтті.
"Балбөбек" ересек тобында тәрбиеші Б.Р. Белгибаева "Ою-өрнек құпиялары" тақырыбында ұйымдастырлған іс-әрекет өткізді, басты мақсаты: қазақ ою-өрнектері туралы білімдерін бекіту болып қойылды. Балалар әжеге қонаққа барды, ұйымдастырылған іс-шара барысында құзыреттілік орталықтарда тапсырмаларды орындап, ою-өрнекпен байланысты ойындар ойнады. Қыздар жүннен оюлар басты, суреттер жинады, ұлдар баулармен, ұсақ моториканы дамытатын ойындар ойнады, таным орталығында математикалық тапсырмаларды орындады. Балалар үшін асықтармен сергіту сәтін жасау өте қызықты болды. Әже балаларды белсенді қатысқандары үшін мақтап, бауырсақ сыйлады.