«Дені саудың жаны сау»
Ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Даярлық тобы/Подготовительная группа
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық
Бөлімі/Подобласть: Музыка
Тақырыбы/Тема: «Дені саудың жаны сау».
Мақсаты/Цель: Балаларға денсаулық туралы түсінік бере отырып,өз еркілерімен жаттығуларды жасауға дағдыландыру, әуен тыңдау арқылы әуеннің көңіл – күйін, екпінін ажырату, әуенді қимыл – қозғалысты бере білуін жетілдіру. Ұлттық аспапқа деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: сСпорттық суреттер,ойынға қажетті заттар, Нота жолдары, Соль кілті, слайд т.б.
Қостілділік компонент/Словарная работа: спорт- спорт, денсаулық- здоровье, жаттығу- зарядка, соль кілті - скрипичный ключ, ноталар – ноты.
Мерзімі/Дата: 04.11.2019ж.
Тәрбиеші/Воспитатель: Біртаева Н
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтардың оқу қызметі |
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациалық ойды ояту Мотивационно -побудительный
|
І. Мотивациялық қозғаушы күш. Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, ортаны айналып шығып жарты шеңбер жасап тұрады, музыка жетекшісі балалармен амандасады. Сәлеметсіздер ме, балалар? «Шаттық» шеңбері: Үйренеміз өнер біз, Шетімізден шеберміз. Ән де айтып көңілді, Би де билеп береміз,- Құтты қонақ келіпті, - Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер? - Жарайсыңдар! |
Балалар залға кіреді, ортаны айналып шығып жарты шеңбер жасап тұрады.
Сәлеметсіз бе, апай!
- Музыка сабағына. - Ән айтуды, би билеуді үйренеміз.
|
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі Организационно - поисковый
|
ІІ. Іздену - ұйымдастырушы кезең. Біздің бүгінгі ашық оқу қызметінің тақырыбы «Дені саудың жаны сау» -деп аталады. -Балалар сендер қалай ойлайсыңдар? -Адам үшін осы өмірде ең басты не қажет? -Дұрыс айтасыңдар. (Залдың есігі қағып Соль кілті кіреді). Кілт: Сәлеметсіздер ме, балалар! Жоқтан бар ғып сайратқан, Музыка әлемін ашатын, Скрипка кілті мен болам. Балалар, мен өзімнің ноталарымды жоғалтып алдым. Сендер маған көмектесесіңдер ме? Музыка жетекшісі: Соль кілті, қош келдің. Сен көңіліңді түсірме. Біз балалармен бірге ноталарыңызды табуға көмектесеміз. Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, ноталар қайда болуы мүмкін? Мүмкін денсаулық әлемінде шығар? Олай болса, бірінен соң бірін тұрып пойыз жасап, Денсаулық әлеміне ноталарды іздеуге аттанайық! Кілт: Өте жақсы. Ендеше бірге барайық. (дабыл соғылып әуенмен, залды бір айланады). ІІІ. Негізгі бөлім. Балалар қараңдаршы, мына жерде бірнеше ноталарды көріп тұрмын. Ол қандай ноталар? Мұнда тапсырма берілген. Қане оқиық. 1 тапсырма: Соль кілті: Көгілдір экранға назар аударып, онда не туралы болғанын кішкене түсінік беру және Гимнастикалық жаттығулар. Ленталармен би қимылдарын жасау. Олай болса көгілдір экранға назар аударайық. -Егерде денің сау болсың десең не істеу керек? Соль кілті: - Ой, балалар қараңдаршы! Міне ноталар да пайда болды. Жарайсыңдар, балалар! Ноталарды әрі қарай іздейміз бе?. (дабыл соғылып әуенмен, залды бір айланады). Ал, мына ноталар қандай ноталар? Ия, дәл айттыңдар. Бұл фа және соль нотасы. Онда қандай тапсырма бар екенін оқиық! 2 тапсырма: Денсаулық туралы тақпақтар мен Қимылды ойын: «Үш би» ойыны. Ойынның мақсаты: Балаларды би жанрларын (полька, ұлттық би, вальс) ажырата білуге, би түрлерін есте сақтауға, әуенді естіп қабылдауға баулу. Ойынның шарты: Полька, вальс, ұлттық би түрлерінің суреті салынған карточкалармен таныстыру. Музыка жетекшісі аспапта үш түрлі пьеса ойнап, балалар әуенге сай бейнеленген суретті дәл көрсетулері тиіс. Соль кілті: Тамаша, фа мен соль ноталарында таптық. Енді бізге қандай ноталар жетіспейді? Ендеше әрі қарай аттанамыз. (дабыл соғылып әуенмен, залды бір айланады). Соль кілті: Мына жерге жасырынып қалыпты балалар. Бұл қандай нота болуы тиіс? Қане тапсырманы оқып жіберейін. 3 тапсырма: Жасырынған музыкалық аспаптарды үнін әуеніне қарай табыңдар? Денсаулық туралы қандай мақал -мәтел білесіңдер?
«Дұрыс ата» дидактикалық ойыны. Шарты: Суреттегі спорт түрлерінің атауларын дұрыс атау керек. Соль кілті: Жарайсыңдар, балалар! Міне барлық ноталарымыз да түгел. Мен өте қуаныштымын. Енді барлық ноталарды біріктіріп, бір ән шырқап жіберейік. Ән орындау: «До, ре, ми, фа, соль ля си до» А.Островский. Музыка жетекшісі: Балалар қалай ойлайсыңндар әннің көңіл күйі қандай? Көңілді ме, әлде көңілсіз бе? Осындай көтеріңкі көңіл күймен әрі қарай пойызымызға мініп балабақшамызға барайық. (әуенмен бір айналып, орындарына отырады). Соль кілті: Балалар, сендерге көп рахмет. Ноталарым табылып, көңілім көтеріліп қалды. Алғысым ретінде мен сендерге дәрумендер ұсынамын. Әрқашанда дендерің сау болсын. Ешқашан ауырмай, әрқашан әндетіп жүріңдер. Сау болыңдар, балалар! |
-Денсаулық
-Сәлеметсіз бе!
Ия.
Ия.
Балалар бірінен соң бірін тұрып пойыз жасап, ноталарды іздеуге аттанады.
До,ре,ми ноталары.
Ерте тұрып, шынығу керек. -Күнде жаттығу жасап, дұрыс тамақтануымыз керек. -Таза ауада көп серуендеп жүру керек.
Фа, соль ноталары.
Тақпақтар.
Ля, си, до.
1. Шынықсан,шымыр боласың 2. Денсаулық зор байлық 3. Дені сау ұрпақ-ел болашағы. 4.Дені сау адам-дәулетті адам 5.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
Зіл темірші,боксшы, күресші,футболшы,волейболшы,баскетболшы т.б
Көңілді. |
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі Организационно - поисковый |
Музыка жетекшісі: -Бүгінгі оқу қызметіміздің қай бөлімі көбірек ұнады? -Қандай тапсырмалар сендерге ұнады? -Қандай ойын ойнадық? -Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар. |
Сұрақтарға жауап беруге талпыну. |
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
1. Білу керек/Знать: Ноталардың аттарын атай білу.
2. Игеру/Иметь: Ойынның шарттарын;
3. Істей білу/Уметь: гимнастикалық жаттығуларын игере біліп, ленталармен орындалатын жаттығуларды;.