«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қарым-қатынасы» тақырыбында №3 педагогикалық кеңес

29.02.2024

Ақпанның соңғы аптасында балабақшада жылдық жоспарға сәйкес «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қарым-қатынасы» тақырыбында №3 педагогикалық кеңес іскерлік ойын түрінде өтті.

Мақсаты мен міндеттері: 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын жетілдіру үшін оңтайлы жағдайлар жасау. Сенім, ынтымақтастық және кәсіби қолдау негізінде тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара қарым-қатынасқа қатысты педагогтердің ішкі ұстанымын әзірлеу. Ата-аналармен жұмыс жасауда әртүрлі әдістерді, жаңа нысандар мен технологияларды қолдану мүмкіндіктері мен шарттары туралы педагогтердің теориялық идеяларын қалыптастыруға ықпал ету. Ата - аналармен жұмысты жандандыру, отбасын тәрбие-білім беру процесіне қатысуға тартудың жаңа жолдарын іздеу.

Күн тәртібінің теориялық бөлімінде әдіскер Нысанова П.Б. дайындық барысында ата-аналармен өткізген жұмысқа және ата-аналар мен педагогтердің сауалнамадан өтулеріне талдау жасады.

Іскерлік ойын барысында әдіскер Айкелова А.М. педагогтерге «Логикалық тізбекті анықтау», «Заманауи отбасы қандай болады?», «Чек-парақ құрастыру», «Теріс көзқарастарды оң көзқарастарға ауыстыру», «Шеңберден өту» тапсырмаларын орындауды ұсынды. Педагогикалық кеңес қорытындысы «Тау» рефлексиясы арқылы жасалды.

Просмотров: 304


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст