30 қаңтар күні балабақшада «Дені сау бала – бақытты отбасы» атты ата-аналарға арналған семинар өтті. Іс-шараға «Көгершін», «Құлыншақ», «Алтын ұя» топтарынан ата-аналар қатысты.
Мақсаты: Ата-аналарды балаларының салауатты өмір салтын қалыптастыруға, күнделікті денсаулығын шынықтыра білуге, балалардың денсаулықтарын сақтай білуге үйрету. Педагогикалық тұрғыдан денсаулық сақтау және оны қолдану технологиясымен бөлісу.
Семинарды тәрбиеші Нажмиденова А.С. «Әуе шары» ойынымен бастады, мейірбике Кашканова Б.С. «Дені сау бала – бақытты отбасы» туралы, тәрбиеші Кожабекова Т.У. майтабандылықты алдын алу, тәрбиеші Темирова А.Н. ұйқыдан тұру жаттығулары, денешынықтыру нұсқаушылары Габидуллина А.А. JUMPINGKIDS инновациялық технологиясы туралы баяндамаларымен жалғастырды. Ата-аналарға жаттығу ретінде Каркабатова Г.А. көңілді эстафеталық ойындар өткізді. Педагогтер іс-шараны «Күн» релаксациясымен қорытындылады, ата-аналар семинар туралы өз ойларын, пікірлерін айтты.