23-27 қаңтар аралығында «Ақ бота», «Алтын ұя», «Смешарики», «Көгершін» орта топтарында «Көліктер» тақырыбы бойынша жоба болып өтті.
Жобаның міндеттері:Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту,балаларды көлік туралы білімдерін кеңейту,көліктерге деген қызығушылықтарын дамыту.
Жобаның бағыты:көліктер туралы білу, жол ережесін сақтау.
Жоба түрі: Қысқа мерзімді (1 апта), танымдық, шығармашылық, топтық. Жобаға қатысушылар: Орта топтағы балалар, тәрбиешілер, балалардың ата-аналарымен.
Жобаның күтілетін нәтиже балалар көлік туралы білу,көлікке байланысты ережелермен танысу,көлікке деген қызығушылығын тәрбиелеу
Балалармен әр түрлі өлеңдер, әңгімелер, мақал-мәтелдерді үйрену, дидактикалық ойын, үстел үсті ойын, сюжетті-рөлдік ойын, қимылды ойын, зерттеу қызметі,бақылау,шығармашылық зерттеу іс-әрекетттері жүргізілді.