25.01.2023ж. күні мектепалды даярлық «Балбөбек», «Балдырған», «Құлыншақ», «Құлпынай» топтарының ата-аналарына «Бала қалай ойнайды?» атты семинар-практикумы өтті. Ата-аналардың педагогикалық құзіреттілігін арттыру мақсатында «Асығым алшысынан түсші» кешенді іс-әрекетін тәрбиеші А.И.Отепова және логопед-мұғалімі, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысымен бірге көрсетті. Семинарды музыка жетекшісі Н.Б.Биртаева «Асық» әнінің әуенімен бүк шік суреттерін көрсете отырып амандасудан бастады. Семинарға қатысқан 12 ата-ана төрт дағды бойынша топтарға бөлінді. Оларға сурет бойнша әңгіме құрастыру, ермексазбен қарды бастыру, жүнмен оюды бастыру, түрлі түсті күрішпен суықторғайды жапсыру, трафаретпен шананы бастыру топтық жұмыстары және «Пішінді санды асықпен құрастырамыз», «Мен суретшімін», «Су қасиеті», «Кім тапқыр?» атты ойындары өткізілді. Кейін дене шынықтыру нұсқаушысы Г.А.Каркабатова кіріктірілген спорттық эстафета және «Молекула» қимылды ойынын өткізді. Қорыта келгенде ата-аналар семинардан алған әсерлерімен, пікірлерімен бөлісті. Семинарға қатысқан ата-аналарға және ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!