06 желтоқсан күні «Балабақшада кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет қызметі» тақырыбы бойынша №2 педагогикалық кеңес өткізілді. Ең алдымен психолог Джунусова Г.Х. психологиялық тренинг жүргізді. Кейін педагогтарды «Балалар іс-әрекетінің түрлерін интеграциялау» атты баяндамамен таныстырды. Тәрбиешілерді 4 топқа бөліп, әр дағды бойынша тапсырмалар берілді. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Отепова А.И. «Асығың алшысынан түсші» атты кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекетін музыка жетекшісі мен логопед мұғалімімен бірге практика жүзінде көрсетті. «Қыс қызығы» атты кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекетін педагог-психолог, дене шынықтыру нұсқаушысы және мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Рамазанова А.И. педагогтарға үлгі ретінде тәжірибелерімен бөлісті. Әр топ түрлі тақырыпта ұйымдастырылған іс-әрекеттер сызбасын құрастырып қорғап шықты. Соңында педагогтар сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жасады. Әр топқа үлгі ретінде кірітірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттің картотекалары таратылды.