Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері мен ата-аналарының қатысуымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында «Адамдарға көмектесетін мамандықтар» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге қонақтар ретінде дәрігер, өрт сөндіруші және полиция қызметкері шақырылды. Мамандар өз қызметтерінің ерекшеліктері туралы айтып, қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті сақтаудағы маңызды рөлдерімен таныстырды. Балалар қонақтарға қызықты сұрақтар қойып, олардың күнделікті жұмысы туралы көптеген пайдалы мәліметтер алды.
Кездесу барысында балалар адамдарға көмек көрсетудің, заңдарды сақтаудың, жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығын түсінді. Ата-аналар мен балалар мамандықтар туралы танымдарын кеңейтіп, қоғамға қызмет ететін мамандардың еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиеленді.
Іс-шара тәрбиеленушілердің мамандықтар әлеміне қызығушылығын арттырып, азаматтық жауапкершілік, заңға құрмет және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.